Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 18 страница
Оқыту түрі: күндізгі
нормативтік оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай
жалпы орта білім базасында
Пән циклінің қысқаша атауы (коды) | Пәндер мен кәсіптік модульдердің оқу циклдері | Кәсіптік модульдердің бөлімдері мен пәндер атауы | Қалыптасу құзыретінің коды |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 01 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - «ҚР Тіл туралы» заңын; - тілдін қолдану аясы туралы, Қазақстанның экономикалық жағдайы, сөздерін жазылуын, грамматикалық ерекшеліктерін, дыбысталуын; - кәсіптік тақырып бойынша әңгімелей білу; жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; - экономикалық терминдерді білу істеуі керек: - кәсіптік тақырыбына байланысты әңгімелеу; - жаңа сөздермен сөз тіркестіру; диктант жазу; - лексика, грамматикалық жаттығуларды орындау, экономикалық терминдермен әңгіме құру | Кәсіби қазақ (орыс) тілі: қазақ тілі – мемлекеттік тіл; Қазақстан экономикасы; қаржы жүйесі; ақша туралы; қаржыгерлер және оның қызметі; бюджет туралы тіл ұстарту | БҚ 1,2,3, 4,5,6,7 ,8 |
ЖГП 02 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - «ҚР Тіл туралы» заңын; - тілдін қолдану аясы туралы, Қазақстанның экономикалық жағдайы, сөздерін жазылуын, грамматикалық ерекшеліктерін, дыбысталуын; - кәсіптік тақырып бойынша әңгімелей білу; жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; - экономикалық терминдерді білу істеу керек: - кәсіптік тақырыбына байланысты әңгімелеу; - жаңа сөздермен сөз тіркестіру; диктант жазу; - лексика, грамматикалық жаттығуларды орындау, экономикалық терминдермен әңгіме құру | Кәсіби шетел тілі: қазақ тілі – мемлекеттік тіл; Қазақстан экономикасы; қаржы жүйесі; ақша туралы; қаржыгерлер және оның қызметі; бюджет туралы тіл ұстарту | БҚ 1,2,3,4 ,5,6,7, 8 |
ЖГП 03 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - Қазақстанның тарихи кезеңдерінің негізгі хронологиясын; - Қазақстан тарихы Дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі болып табылуын; - көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихтағы ролі мен қосқан үлесін; - Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің бастауын, құрылуын және дамуын; - Қазақстанның Ресей империясына қосылуын, жаулап алуын, отарлау үрдісін; - Ұлт-азаттық көтеріліс пен қозғалыстардың себептерін; - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың бағдарламасының мәнін; - 20-30 жылдардағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің жағдайын; - 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдарын; - 30-шы жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатының салдарын; - Қазақстанның көпұлттылығының себебін; - КСРО-ның дағдарыс кезеңі мен құлауының себептерін; - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық саяси реформаларын және олардың нәтижелерін; Қазақстан 2030 даму бағдарламасын істеуі керек: - қысқаша тарихи әңгіме құрастыруды; - картамен жұмыс істеуді; - көшпелі мал шаруашылығының шығу себебін ашуды; - Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктерді сипаттау; - Қазақ халқының этникалық тарихының дамуын, эволюциялық қосылуын сипаттау; - капиталистік және социалистік құрылыстың айырмашылығын дәлелдеу; - рухани және материалдық мәдениеттің үлгісін сипаттау: - тарихи кезеңдерді ерекшелеу және дәуірлерге қысқаша сипаттама беру; - қазіргі кезеңдегі тарихи деректерді жан-жақты және сыни талдау; - көтерілістердің жеңілу себептерін талдау; - жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру, индустрияландыру саясаттарының мәнін ашу; - 20-30 жылдардағы этно-демографиялық жағдайды талдау; - Қазақ диаспорасының пайда болуының себептерін ашу; - Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның ролі мен қосқан үлесі; - XX ғасырдың басындағы саяси партиялар мен ағымдардың мәнін ашу; капиталистік және социалистік құрылыстың ерекшеліктерін анықтау | Қазақстан тарихы: қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары; көшпенділер өркениеті; көшпенділер мемлекетінің шығу жолдары; көшпенділердің рухани мәдениеті; Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ішкі саясаты және Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы; ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар; XX ғасырдың басындағы саяси партиялар ағымы; XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай; Қазақ диаспорасының қалыптасуы; Қазақстанның Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңіндегі атқарған ролі; 50-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы; Қазақстан тоқырау және КСРО-ның құлауы кезеңінде; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық және саяси өзгерістер | БҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8 |
ЖГП 04 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңын; денсаулықты нығайтудағы дене тәрбиесі мен спорттың ролін; қимыл-қозғалыс әрекеттерінің түрлерін; дене шынықтырудағы жүктеме мен оларды реттеу әдістері (мөлшерлеу) туралы; дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезіндегі зақымданудың пайда болу себептерін, зақымданудың алдын-алу туралы; салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын; жеңіл атлетикалық жаттығулардың орындалу техникасын; шаңғымен жүру тәсілдерін; жүзу техникасын; туристке қажетті құрал-жабдықтар мен туристік дағдыларды; қазақтың ұлттық қолданбалы спорттық ойындарының түрлері мен ойын ережесін; спорттық гигиена талаптарын; Президенттік тестің нормативтерін істеуі керек: жеңіл атлетикалық жаттығулардың жасалу техникасын; қысқа, орта, ұзақ қашықтыққа жүгіруді; диск, граната лақтыруды, бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді; допты енгізу және лақтыру әдістері; шаңғымен қимылдау әдістерін білуді; жүзу әдістерін; спорттық гигиеналық талаптарын орындауды; туристік дағдылар мен іскерліктерді көрсетуді; жеңіл жарақат, сүріп алу кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету өзін-өзі тексеру күнделігін жүргізуді | Дене тәрбиесі: дене тәрбиесінің теориясы; дене тәрбиесі қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде; салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары; салауатты өмір салтындағы өзін-өзі тәрбиелеу және өзін жетілдіру; салауатты өмір салтының тиімділігі; қозғалыс қызметі және түрлі ішкі орта жағдайына адам ағзасының төзімділігінің жоғарылауы; денсаулыққа салауатты өмір салтын қалыптастырудың шарты ретіндегі тұлғаның қатынасы; көзқарастағы жеке қатынас; салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары; тазалық мәдениеті, зақымдануды ескерту, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету түрлері; қозғалыс белсенділігінің режимі; жеңіл атлетика; гимнастика; шаңғы тебу дайындығы; жүзу; туризм; спорт және қозғалыс ойындары; қазақ ұлттық қозғалыс ойындарының түрлері мен спорттық ойындар | БҚ 6 |
КМ 00 | Кәсіптік модульдер | ||
ЖКП 00 | Жалпы кәсіптік пәндер | ||
ЖКП 01 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: іс қағаздарын жүргізу және хат-хабар туралы түсінігін, курстың мақсаты мен міндеттерін; құжаттарды құрастыру тәсілдері мен қызметін; құжаттардың топтастырылуын, рәсімдеу ережелерін; ұйымдық-өкімдік құжаттар туралы (ҰӨҚ) түсінікті, сипаттамасы мен рәсімдеу ерекшеліктерін; жеке тектік құжаттардың рәсімдеу ерекшеліктерін; іс жүргізуді компьютерлендірудің мағынасын, тапсырмаларын; болашақ жоспары, негізгі қағидаларын істеуі керек: ұйымдық-өкімдік құжаттардың жүйесін бір ізге келтіруді; ұйымдық-өкімдік құжаттарды (ҰӨҚ) рәсімдеуді; жеке тектік, жеке құрамы бойынша құжаттарды рәсімдеуін; құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру; құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау және орындалуын бақылауды; құжаттарды дербес компьютерде рәсімдеуді | Мемлекеттік тілде іс жүргізу: пәннің мақсаты, міндеттері; құжаттарды құрастыру тәсілдері мен қызметтері; құжаттарды топтастыру, рәсімдеу ережелері; ұйымдық-өкімдік құжаттардың сипаттамасы, құрамы және рәсімдеу тәсілдері; жеке тектік құжаттардың рәсімдеу ерекшеліктері; жеке құрамы бойынша құжаттардың сипаттамасы мен рәсімдеу ерекшеліктері; мемлекеттік жүйені басқаруды құжаттамамен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (БҚҚМЖ); құжаттармен жұмысты ұйымдастыру: құжат айналымы, құжат ағымы; құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау және орындалуын бақылау; іс жүргізуді компьютерлендіру: мағынасы, мақсаты, болашақ жоспары, негізгі қағидалары, ұйымдастырылуы; құжаттарды дербес компьютерде рәсімдеу | БҚ4,5 |
ЖКП 02 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - экономикалық ой дамуының тарихы; - экономикалық теорияның әдістері мен қызметтері; - өндірістің даму сатылары, еңбек құралының категориялары, еңбек күші, қоғамның өндірістік күші; - өндірістің факторларының және экономикалық ресурстарының түрлері; - экономиканың негізгі сұрақтары, басты экономикалық мәселелер; - экономикалық қатынастар және құқықтық жүйе ретінде меншік мәні, меншік түрлері мен типтері, меншіктік қатынастардың қалыптасуы; - өндірісті ұйымдастырудың формалары, натуралды және тауарлық өндіріс мәні, тауарлық өндірістің қалыптасуыныңдағы шарттары, құн заңы және оның функциялары; - нарық ұғымы, түрлері мен қызметтері, нарық конъюнктурасы және инфрақұрылымы, нарыққа өту шарттары; - сұраныс пен ұсыныстың теориясының негіздері, сұраныс пен ұсыныс заңы және қисықтары, сұранысқа әсер етуші бағалық емес факторлар; - сұраныс пен ұсыныс икемділігінің мәні, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысан икемділігі және оны есептеу; - тұтынушы іс-әрекетінің теориясын және пайдалылықты арттыру ережесі, немқұрайлылық қисығы және бюджеттік сызық графигі; - өндірістік функциялар, өндірістің тұрақты және айнымалы факторлары; - шығындардың әр түрінің мазмұны, қысқа және ұзақ мерзімде шығындарды төмендету жолдары; - жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары, монополияның, монополиялық бәсекенің және олигополияның ерекшеліктері; - өндіріс факторларының және ресурстарының нарықтарының ерекшеліктері, факторлық табыс түрлері; - экономиканы мемлекеттік реттеудің жүйесі, оның мақсаттары және қызметтері, әдістері мен қағидалары; - ұлттық экономика мәні, ұлттық шоттар жүйесі және оның сипаттамасы, ЖҰӨ, ЖІӨ және ҰЩЖ басқа да көрсеткіштерінің өзара байланысы; - нарықты реттеудің алғы шарттары және мемлекеттің нарықтық процестерге араласуының формалары; - халықтың табыстарының көздері, табыс пен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тепе-теңсіздігінің өзара байланысы; - экономикалық цикл мазмұны және оның түрлері; - экономикалық өсудің факторлары және негізгі типтері, экономикалық өсу деңгейін анықтау; - жұмыссыздық мәні және оның түрлері, ҚР еңбек Кодексі; - инфляция мәні және ҚР антиинфляциялық саясаты; - жиынтық сұраныс және ұсыныс, олардың құраушылары; - қаржылық жүйе құрылымы, оның негізгі элементтері, мемлекеттің фискалды саясатының жүзеге асырудың негізгі бағыттары; - ақша жүйесінің типтері, ақша ұсынысының құраушылары, мультипликатор ұғымы, ақша теориясы; - ақша-несие жүйесінің мәні, ҚР Ұлттық Банкінің реттеушілік ролі; - әлемдік нарық және шаруашылық мәні, ЕХБ, еңбек ресурстарының халықаралық миграциясы, халықаралық сауда теориясы; - әлемдік валюталық жүйенің даму эволюциясының сатылары; - валюталық курс; - халықаралық экономикалық интеграция мәні; - ХХІ ғ. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері; істеуі керек: - экономикалық талдаудың негізгі әдістерін қолдану; - қоғамдық өндірістің құрылымына сипаттама беру, қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс; - факторлық табыстардың түрлерін ажырату; - меншік құқықтарына, түрлеріне, формаларына сипаттама беру; - экономикалық жүйенің негізгі типтері; - натуралды және тауарлық өндірісті салыстыру, тауардың тұтыну және ұсыну бағасы; - нарықты жіктеу, нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; - сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын сызу және талдау жасау; - тепе-теңдік бағасын анықтау; - икемділік көрсеткіштерін есептеу, икемсіз сұраныстан икемді сұранысты ажырата білу; - жалпы және шекті пайдалылықты анықтау, тұтынушының нақты табысы; - немқұрайлылық қисықтары мен тұтынушының бюджет сызығын сызу; - өндіріс шығындарын анықтау; - фирманың әртүрлі табыстарының деңгейін анықтау, өнім көлемін анықтау; - нарықтық құрылымдар қызметінің нәтижесін салыстыру; - макроэкономикалық негізгі көрсеткіштерді есептеу; - экономикалық өсудің негізгі үлгілерн ажырату, берілген мемлекет үшін экономикалық өсу факторларының ішінде ең маңызды факторларды көрсету; - халықаралық сауда теориясына талдау жасау; - қарыз капиталының халықаралық нарығына сипаттама беру, халықаралық валюталық жүйе; - қазіргі әлемдік экономикада интеграциялық топтастыру; - бәсекеге қабілетті мемлекет экономикасына жаһандық мәселелердің әсерінің салдарына талдау жасау | Экономикалық теория негіздері: экономикалық теория пәні, әдістері мен қызметтері; өндіріс мәні және өндірістік процестің негізгі мезеттері, өндіріс процесінде туындайтын экономикалық қатынастар; табиғи және экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары, өндірістік факторлардың табыстары, ресурстардың шектеулілік мәселелері және экономиканың негізгі сұрақтары; меншік қатынастары, олардың құқықтық және экономикалық мазмұны, меншік формалары және типтері, ҚР меншік қатынастарының қалыптасуы; натуралды және тауарлық өндіріс, олардың мәні және сипаттамасы, тауар ұғымы, оның қасиеттері, құн заңы және оның қызметтерінің нарықтық экономикада көрініс табуы; нарықтық экономика әні, артықшылықтары мен кемшіліктері; нарықтық құрылымдардың түрлері және нарықтық экономикаға өту шарттары; сұраныс пен ұсыныс ұғымы, сұраныс пен ұсыныс заңы, сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар, нарықтық тепе-теңдік; өндірістік шығындар, олардың түрлері, шығындарды төмендету; жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары, жетілген бәсеке жағдайындағы фирма іс әрекеті, монополия және монопсония, монополиялық бәсеке, олигополия және оглигопсония; өндіріс факторларының нарығы және олардың ерекшеліктері; экономиканы мемлекеттік реттеу, антимонополиялық заңдар жүйесі, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық мәселелері және мемлекет; ұлттық экономика, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ); мемлекеттің нарықтық экономикадағы ролі, нарықтық процестерге мемлекеттің араласуының формалары мен шектері; экономикалық цикл және антициклдық реттеу; экономикалық өсудің мәні және факторлары, оны реттеу; халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі, жұмыссыздық мәні, жұмыссыздық түрлері және себептері, «жұмыссыздықтың деңгейі» ұғымы, ҚР еңбек нарығының ерекшеліктері; инфляция, оның себептері және салдары, мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты; жиынтық сұраныс және ұсыныс мәні, оларға әсер етуші факторлар; ақша, оның қызметтері, ақша агрегаттары, ақша-несие саясаты және оның құралдары, несие мәні және қызметтері, несие жүйесінің құрылымы, ҚР Ұлттық банкінің реттеу саясаты; әлемдік экономика мәні, қалыптасу сатылары, еңбектің халықаралық бөлінісі және ҚР ЕХБ жүйесіндегі орны; халықаралық мамандандыру және өндірісті көшіру, ҒТП; әлемдік нарық мәні, оның негізгі сипаттамалары және құрылымы; халықаралық бәсеке, бәсекедегі ҒТП ролі, әлемдік нарықтар, әлемдік нарықтағы ҚР артықшылықтары; адами ресурстар, миграция және әлемдік экономикаға халықтың урбанизациялануы, ҚР еңбек ресурстарының мәселелері; халықаралық экономикалық қатынастар және оның қазіргі даму тенденциялары; дүниежүзілік сауда мәселелері, оның құрылымы және формалары, халықаралық валюталық нарық және әлемдік валюталық жүйе, ақша-несие саясаты, ҚР валюталық саясаты; халықаралық экономикалық интеграция және оның сатылары; қазіргі әлемдік экономиканың жаһандық негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары | БҚ 1,4 |
ЖКП 03 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - қаржы ресурстарының мәні, мазмұны және құрамы; - қаржының басқадай экономикалық категорияларымен (бағалармен, бағалы қағаздармен, несиелермен т.б.) өзара байланыста болу ерекшелігі; - жоғарғы заңнамалық билік (органының) жүйесінің қаржы саласын басқару мен байланысты қызметі; - ҚР қаржы саясатының қағидаттары; - қаржының жедел және стратегиялық басқарудың әдістері; - қаржыландыру пішіндері; - мемлекеттік бюджеттің негізгі қызметі; - мемлекеттік бюджеттік табыстарымен шығындар бойынша қызметі; - бюджет тапшылығының мәні және оны басқару тәсілдері; - бюджеттік құрылым мен бюджеттік үдерістердің қағидаттары; - қарыз капиталы ерекшеліктерінің құралу көздері; - несие түрлері, қызметі және қағидаттары; - инвестициялық қызметтің қағидаттары; - күрделі қаржыны қаржыландырудың тәртібі; - бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері; - сақтандырудың қызметі және оның ерекшеліктері; - ҚР салық жүйесінің қағидаттары және салық салу түрлері; - инфляцияның пайда болу себептері істеуі керек: - қаржы жүйесінің жеке буындарының қызметінің байланысын құру; - қаржы нарығының жағдайын талдай білуі; - бюджет тапшылығының себептерін талдайды; - акцияның құнын және дивиденттердің көлемін есептейді; - ұйымның несие төлеуге қабілеттілігін талдайды; - несие мен байланысты құжаттарды дайындап, несиелік өтінішті және келісім – шартты толтырады; - несиелік пайызды есептейді; - сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін есептейді; - ұйымның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттаушы көрсеткіштерді есептейді; - әр түрлі меншіктілік пішініндегі ұйымдардың табыстары мен шығындарының көлемін анықтайды; - инфляцияның өсу қарқынын есептейді; - сақтандыру мен сақтандыру қызметінің ерекшеліктері; - салық салу түрлері және ҚР-ның салық жүйесінің қағидаттары; - инфляцияның пайда болу себептері | Ақша, қаржы, несие: кіріспе; қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың негізі, қызметтері және рөлі; қаржы жүйесін ұйымдастыру; қаржылық саясат және қаржылық механизм; қаржылық бақылау; шаруашылық субъектілер қаржылары; мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы; салықтар және салықтар жүйені ұйымдастыру; мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар; несиенің негізі және қызметтері; мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз; үй шаруашылықтар қаржылары; сақтандыру; экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу; инвестициялық қызмет; экономикалық байланыс жүйесіндегі қаржылар; инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты | БҚ 2,4 |
ЖКП 04 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - статистикалық есепті және есептілікті ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық актілер мен нұсқаулық материалдарды; - статистикалық заңдылықтар түрінде берілген әлеуметтік-экономикалық фактілердің әдістемесін; - статистикалық қадағалаудың әдістері мен заманауи құралдарын; - статистикалық көрсеткіштердің жүйесін; - әлеуметтік-экономикалық процесстерді талдаудың және өңдеудің әдістемесін; - халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін есептеу әдісін істеуі керек: - статистикалық көрсеткіштерді жинау, өңдеу және қорытындылау үшін статистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану; - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін талдау қорытындылар мен ұсыныстарды жасай білу; - құбылыстар мен объектілер арасындағы өзара байланысты оқып үйрену үшін талдамалық жұмыстарды жүргізе білу; - ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасап, баға беру; - статистикалық кестелер мен графиктердің көмегімен жинақтау нәтижелерін безендіру; - ұйымның экономикалық өсу қарқынының динамикасын талдай білу; - индексті әдісті қолдана отырып факторлық талдауды жүргізу | Статистика: статистика пәні, объектілері және әдістері; нарықтық экономика жағдайында статистиканы ұйымдастыру және оның міндеттері; статистикалық қадағалау; статистикалық қадағалау мәліметтерін жинақтау және топтастыру; статистикалық кестелер мен графиктер; бөлу қатарлары; статистикадағы нақты және қатысты шамалар; орташа шамалар және вариация көрсеткіштері; динамика қатарлары және олардың көрсеткіштері; статистикалық индекстер | БҚ4,5 |
ЖКП 0.5 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: аналитикалық геометрияны және векторлық талдау элементтерiн; сызықтық және матрицалық теңдеулер жүйелерiн шешу әдiстерiн; интегралдық және дифференциалдық есептеудiң негiзгi есептерiн шешу теорияларын; экономикалық есептерді шешуге, математикалық анализ негiздерiн қолдану; ұтымды экономикалық және өндiрiстiк есептердi шешу алгоритмдері мен әдiстерін; сандық мәлiметтерді өңдеудi қабылдаулар мен әдiстерін істеуі керек: экономикалық есептерді шешуге математикалық анализбен модельдеуді, теориялық және эксперименталдi зерттеу әдiстерiн қолдану; экономика-математикалық модельдеу көмегiмен есептерді шешу; ұтымды шешiм негiздемесiн және алған нәтижелерге экономикалық талдау жүргiзу; объекттердiң сандық және сапалы қатынастар өрнегi үшiн математикалық символиканы қолдану; алған білімдерді тәжірибеде қолдану | Экономистерге арналған математика: сызықтық және векторлық алгебра элементтерi; аналитикалық геометрия; сызықтық және матрицалық теңдеулер жүйелерi; дифференциалдық есептеулер; шек туралы ұғым; экономикалық жоспарлау үшiн интегралды есептеу; экономикалық процесстердiң дифференциалдық теңдеулерi | БҚ 4,5 |
ЖКП 06 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - экономикалық ақпараттардың түрлері мен мінездемелерін; - Windows операциялық жүйесінің негізгі мінездемесін; - файлдарды архивтеу және антивирустық бағдарламалардың берілуін; - вирустардың анықтамаларын, вирустардың түрлерін; - ақпараттық желілердің құрылу үрдісінің негізін; - желілердің түрлерін; жеке желілердің мінездемелерін; - жергілікті және жалпы желілерде жұмыс істеу тәртібін; - MS Word мәтіндік редакторының берілуін, анықтамалары мен түсініктерін; - Microsoft Excel кестелік процессорының берілуі мен негізгі мүмкіндіктерін, БББЖ-де қолданылатын берілгендер базасындағы негізгі түсініктерді; - операциялардың орындалу ретін істеуі керек: - экономикалық ақпараттардың түрлері мен мінездемелерін анықтай алу; - ОЖ арнаулы командаларымен жұмыс істеу, баптау; - компьютерлерді емдеу және тестілеу, антивирустық бағдарламаларды қолдану; - жергілікті желілермен жұмыс істеу; - жалпы және жергілікті желілерде ақпараттар алмасу; - интернеттен ақпараттар табу; - берілгендер базасының құжаттарын, экранды нысандарын, сұраныстарын және есептерін құруды | Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар: экономикалық ақпарат және ақпараттық технологиялар; жүйелік және сервистік бағдарламалармен қамтамасыздандыру; компьютерлік желілер; офистық қолданбалы бағдарламалар ортасының мүмкіндігі; Microsoft Word мәтіндік редакторы; Microsoft Excel кестелік процессоры; Microsoft Access берілгендер базасын басқару жүйесі | БҚ 4,5,8 |
ЖКП 07 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: бухгалтерлік есепті және есеп беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді инструктивтік материалдарды; бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері; бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны; бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны; шаруашылық операциялардың бухгалтерлік шоттарында бейнеленуі; бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазбаның жүргізілу ережесі; шоттарды белгіленуі және құрылымы бойынша жіктеу; есеп регистрларының мәні және мағынасы; түгендеуді жүргізудің тәртібі; қаржылық есепті ұйымдастыру талаптары істеуі керек: - шаруашылық мүліктерін құрамы және орналасуы, пайда болу көзі бойынша топтау; - бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтерін қолдану; бухгалтерлік балансты құру; - бухгалтерлік балансқа әсер ететін шаруашылық операциялардың типін анықтау; - шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясын құру; - аналитикалық және синтетикалық шоттарды ашу; - айналым ведомосын және баланстық есепті құру; - түгендеу жүргізуді рәсімдеу және есепте олардың нәтижелерін көрсету; - нормативті актілерді және нұсқаулық материалдарды бухгалтерлік есепте және есеп беруде қолдану | Бухгалтерлік есеп негіздері: бухгалтерлік есеп оның мәні мен мағынасы; бухгалтерлік есеп пәні және әдістері; ҚР бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық реттеу жүйелері; бухгалтерлік есептің негізгі принциптері; бухгалтерлік баланс және есеп беру; шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруінің типтері; бухгалтерлік есептің шоттары және екі жақты жазба; синтетикалық және аналитикалық шоттар; бухгалтерлік есептің шот жоспары және жіктелуі; құжаттау және түгендеу; бухгалтерлік есептің есеп регистрлары және нысандары; ҚР-да бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы | БҚ 1,2,7 |
АП 00 | Арнайы пәндер | ||
АП 01 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - бухгалтерлік есептің түрін және әдістерін; - ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттеуші нормативтік – құқықтық базасын; - қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарын; - бухгалтерлік есептің типтік үлгі шот жоспарын; - ұйымның есептік және салықтық саясатын әзірлеу тәртібін; - шаруашылық әрекеттерді құжатпен рәсімдеу тәртібін; - есептік тіркелімдерді құрудың талаптарын; - ұйымның қаржылық есептілігін құрудың тәртібі мен талаптарын; - активтер, капитал және міндеттемелер түсінігі мен жіктелуін; - активтер, капитал және міндеттемелері есебін жүргізудің талаптарын; - өндірістік шығындардың түсінігі, жіктелуі және өндіріс есебінің ерекшеліктері; - негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табысты есептеу тәртібін; істеуі керек: - бухгалтерияның түрлі бөлімдерінің есебін жүргізу; - бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес ұйымның мүлкі, міндеттемелері және капитал есебінің алғашқы құжаттарын рәсімдеу; - бухгалтерлік есептің әр түрлі нысандарының есептік тіркемелерінде алғашқы құжаттар негізінде шоттар сәйкестігін құру; - ұйымның мүлігі, есеп айырысу мен міндеттемелеріне түгендеуді жүргізу; - басқару есебі есепшілерінің қызметін атқару; - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістерін ажырата білу; - өнімнің(жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептей білу; - өндіріс шығындарының есебін жүргізе білу; - дайын өнім мен оны сату есебін жүргізе білу; - кезең шығындарының есебін жүргізу; - қаржылық қорытындыны анықтау мен меншікті капитал есебін жүргізу; - қаржылық, статистикалық, салықтық және басқадай есептілікті қағаздық және электрондық нұсқада дайындау | Қаржылық есеп: ҚР бухгалтерлік есептің жүйесін нормативтік – құқықтық реттеу; бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы мәселелері; бухгалтерлік есептің мәні, түрі; басқару есебі есеп бөлімі мамандарының қызметтері; меншікті капитал есебі; негізгі құралдардың есебі; материалдық емес активтер мен олардың амортизациясының есебі; инвестициялар есебі; тауарлық–материалдық қорлар есебі; ақшалай қаражаттар есебі; дебиторлық берешектер есебі; шаруашылық субъектісінің міндеттемелер есебі; еңбек және жалақы есебі; дайын өнім мен оны сату шығындарының есебі; негізгі және негізгі емес қызметтердің табысы мен шығындарының есебі; кезең шығындарының есебі; кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің есебі; қаржылық есептілік; баланстан тыс шоттардағы әрекеттердің есебі; өндіріс шығындарының есебі; өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау; өндірістік кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері; өндірістік кәсіпорындарының жалпы табысын анықтау, есебін жүргізу | БҚ 1,2,7 КҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8,9 АҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8,9 |
АП 02 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - есеп пен есептілікті ұйымдастыру сұрақтары бойынша заңдылық және нұсқаулық материалдарын; - аналитикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын; - аналитикалық әрекеттерді жүзеге асыру әдістемесін; - қорытындының құрамдық бөліктерін істеу керек: - аналитикалық әрекеттерді жүзеге асыру; - ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы ғылыми негізделген қорытындылар мен бағалар беру; - басшылық үшін қолайлы басқармашылық шешімдер әзірлеу; - аналитикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын қолдану | Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау: экономикалық талдау мазмұны, пәні, міндеттері; экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері; экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету; экономикалық талдау түрлері; аналитикалық жұмысты ұйымдастыру; өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері; ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері; ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау; ұйымның табыстылығын талдау; ұйым қызметінің тиімділігін және іАҚерлік белсенділігін талдау; кәсіпкерлік, тәуекелдік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау | БҚ 3,4 КҚ 7 АҚ 7,9 |
АП 03 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - ұғымдар: заңды тұлға, ұйымның қызмет ету механизмі, фирма туралы, бәсекелестік туралы; - кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік; - коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, олардың ерекшеліктері; - кәсіпкерліктің түрлері. істеуі керек: - басқарудың өндірістік құрылым мен ұйымдық құрылымдардың жетілу жолдарын іздестіру; - берілген қызмет көлемімен өнеркәсіптік ұйымның өндірістік құрылымын әзірлеу | Ұйым экономикасы: нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оның қызметін жоспарлау; ұйым ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері; ұйымның өндірістік қызметі; еңбек өнімділігі және еңбекақы; ұйым шығындары және оның қаржылық нәтижелері | БҚ 6,7,8 КҚ 3,5,6, 7,8,9 АҚ 5,6, 7,8,9 |
АП 04 | Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: Қазақстан Республикасының салық қызметінің мәселелерін, салық саясатының қажеттілігін, салық салу механизмін; нарық қатынасы жағдайындағы салық жүйесінің принциптерін және салық функцияларын; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын; салық органдарының ұйымдастыру жұмыстарын; әрекеттегі салық түрлерін және бюджетке төленетін басқа да салық төлемдерін; есеп беруді құрастыруды істеуі керек: теориялық білімін практикада қолдана алу; ұйымдарда құжаттық тексерістерді жүргізу; акт жазу және оны іАҚе асыру | Салық және салық салу: салықтың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі; салық жүйесі; акциздер; қосылған құн салығы; корпорациялық табыс салығы; жеке табыс салығы; жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдары салығы; мүлік салығы; арнаулы салық режимдері; басқа да міндетті төлемдер; мемлекеттік салық жүйесін ұйымдастыру және оның функциялары | БҚ 8 КҚ 9 АҚ 8,9 |
2.1 0518000 – Есеп және аудит (салалары бойынша) мамандығы бойынша орта буын маман деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу бағдарламаласының құрылымы