Азақстан саяси ойларының тарихы

1) Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Аль-Фарабимен , Х.А. Яссауидін және Ж. Баласагүнңың саяси көзқарастары..

2) ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Кунанбаев)

3) XX ғасырдың Қазақ Ренессансы.

1. Казақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы. Әбу Насыр Мүхаммед ибн Тархан әл-Фараби870—950 жылдары емір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріңде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) каласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Ол "екінші Аристотель" деп атаған болатын. 160-тан астам трактат жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", " Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы" деген еңбектері бар. Ұлы ойшыл "Рақымды қала тұрғыңдарының көзқарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттаңдыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қам-қорлық жасаған мемлекет қана өз міңдетін атқара алады.

Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін — ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Соңдықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және. қайырсыз етіп екіге боледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытка бастайды, олардың іс-ерекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін баскару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан баскаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады.

Жусіп Хасхаджиб Баласағұни (1021—1075) — аты әлемге әйгілі іікын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі "Құтадғу білік" ("Бақытқа жеткізуші білік", кейбіреулер " Бакыттылық жәйлі ілім" деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бүл еңбектің ерекшелігі — ол сол кездегі ресми араб тіліңде емес, өзінің ана тілі — түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан "Құтадгу білікте" мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті баскару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол—тек саяси трак-тат кана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамныңтағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-са-насы, әдет-ғұрпы және т. с. с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Омірде әділ занды, еркіндікті аңсайды.

Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) . Оныңбасты шығармасы "Диуани Хик-мет" ("Даналық кітабы"). Ол еңбегінде әділдікті, имаңдылықты, шыншыддықты, мейірімділікті жырлайды.

Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер ", - деп қара халықтың камкоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

"Кәңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер,

Хақты сүйген адал қүлдар халайықпен бір болар ",— деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.

"Ей,мүсылман, тагат қылсаң, танбагын, Ғазиз жаның — аманаты Алланың. Харамдықпен, үқ, жиганмал—жалганын, Қарыш атты жылан қылар малыңды ", —Ғалым сол кездегі қазак еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалык жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді боладыдеді.

2. сұрақ Шоқан Уәлиханов қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл-ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалык, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. "Сот реформасы жайында хат" деген еңбегінде ол: "Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа—экономикалык және әлеуметгік реформа. Ал саяси реформалар экономикалык істерді жүзеге асыратын кұрал ретіңде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді" — дейді (Ш. Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1995, 127-бет). Бұл еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсылык білдіріп, қазақтар арасында өз тілінде отетін, ертеден етене таныс билер сотының сақталуын талап етті. Оның ашық-тығын, жариялылығын, демократиялык принциптерін жоғары бағалады. Шоқан сол кездегі патриархтық-феодаддык қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, "дала пролетариаты" деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүддем қайшы деп білді. Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып "ашықтан ашык аямай сорады" деп, халкын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.

Ыбырай Алтынсарин(1841—1889)де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге "дұрыс көзқа-распен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-кыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін кетеруге арнады. Ыбырай "Қазақ даласындағы жұт жөнінде" деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ыктиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Ыбырай адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп — әмірлік қажетгіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу және т.б. кажетгіліктер деп есептеді. Бұл ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондыктан ол 1887 жылы Ырғызда 20 орындық интернат және казақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Үлы ұстаздың қажырлы еңбегінің аркасында XIX ғасырдың 70—80 жылдарында қазак даласында көптеген мектеп ашыдды. Ол мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.

Абай Қунанбаев(1845—1904) та өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды "ақыл, білім, ерік" жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай енбектерінің басты бағы-тыныңбірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзінді емірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша екіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сиякты әлеуметгік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне бідді. Соңдықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жодда жүзден аса бабы бар ереже жасаған (М. Әуезов. Шыгармалар. Ал-маты, 1969,12-том, 295-бет). Абай қандай адамның болмасын әлеуметтік жағдайын жақсартып, рухани гулдендіретін еңбек, соның арқасыңда ол бүкіл адамзат коғамына қызмет етеді деп санады. Одан әрі ол:

"Жалга жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай түра алмас ел ",

"Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің барі бос ",—деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген — Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған—ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

3.XX ғасырдың Қазақ Ренессансы. Казақ халқының саяси санасының дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да юіі та зор ықпал етті. Оларға: Әлиха нБөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Мүхамеджан Тынышбаев, Магжан Жумабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмүхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ хіілқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-озі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостан-дыктарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары кызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақолардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ. Олар туралы кейін саяси партияларды к.арағанда тағы да токталамыз. Қазакстан мен Ресей рухани мұрасына байланысты туған сая-си теорияның бірі – Еуразиялық идея. Оның негізін 1921 жылдың 3 маусымында Софияда орыс эмигранттарының діни-философиялық үйірмелерінің мәжілісінде Н. С. Трубецкой мен .Н. Савицкийлер салған. Бұл идеяны белгілі орыс ғалымы, та-рих, география ғылымдарының докторы, академик Л. Н. Гумилев (1912-1992) одан әрі дамытып, осы геокеңістіктегі ұлттардың мәдени дәстүрлерінің тарихи тағдырын ұғынуларына жәрдем-десті. Олар Еуразиядағы әрбір халыктың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл идеяның негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі "материалдық база" немесе "мемлекет алдында бас июшілік" емес, ең алдымен рухтың биіктігі деп түсінеді. КСРО ыдырап, қоғамның демократияланып жатқан жағдайында Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жыддың 28 наурызында Мәскеудің Мемлекеттік университетінің (МГУ) профессорлары мен оқытушылары аддында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев көтерді. Оның мақсаты Кеңес Одағының құлауына байланысты күйреген сауда-экономикалық және адами байланыстарды қалпына келтіру, өзара түсінісу, бірлесе қимыл жасау. 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласыңда Беларус, Казақстан, Кырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық (жинақтаушылық) ұйым — Еуразия экономикалық қауымдастығы қүрыдды. Бұл мемлекеттердің бас-шылары Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде келісім жасады.

Наши рекомендации