Тақырып. Мемлекеттің қаржысы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары.
Сабақтың мақсаты– мемлекеттің қаржысының кірістері мен шығыстарын түсіну.
Сұрақтар:
1. Мемлекеттің қаржысының мәні.
2. Орналастыру қосалқы функциясы.
3. Тұрақтандырудың қосалқы жүйесі.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық ,элеуметтiк ,саяси функцияларын орындау үшін оны қажеттi ақша ресурстарымен қамтамассыз ететің елдiн қаржы жүйеснiн маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан озара байланыстарды қамтитын мемлекеттiк сектордың өндірістiк және элеуметтiк қатынастардағы жумыстармен байланысты.
Экономикалық мэн жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің ,оның кәсіп орындарының қаржы ресурстары қалыптастырып,алынған каражаттарды мемлекет пен оныңкәсіпорындарының функцияларын орындайды.
Ұлыттық өнімiнiн өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстарын көлемін озыңқы қаркынмен өсу мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл кұбылыс
Экономикада былайынша сипатталады:
1) экономика дамуының нэтежиесiнде экономикалық тiрлiктің курделнумен және енбек бөлінiнiн терендеуiмен ,бұл мемлекет тарапынан тиiмды және ұтымды экономиканы ,құқықti тэртiбiн,зан қызметтерiн жеткiзедi:
2) техника мен технология дамуы капиталдың улкен мөлшерiне қажеттiлiктi қажет етедi,бұл капиталды майда фирмалардың алдыңда артыкшылықтарды бар акционерлiк компаниялар немесе мемлекеттiк қорпорациялар камтмассыз етедi :
3) көрсетiлген қызметтерден болатын пайда экономикалық багалауга тозбейтің бiлiм беру және денсаулық сактау сфераларында мемлекет белсендiлiктi кушейтедi.
2. Орналастыру қосалқы функциясы.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категориялары болып келедi.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдык тауарлар,игiлiктер және қызметтер көрсету нарыктык жүйе аркылы қамтамассыз етiлу еместiгiнде, мемлекеттің оларды ондiру және халықты қамтамассыз етудi ресурстарды болудi және орналастыруы қажет екендiгiнде көрінедi.
Мемлекеттiң қаржы қызметіңiң мынандай әдiстерi пайдаланылады:
1. Орталықтандырылған мемлекет қорларына төленетің төлемдер әдiстерi iшiнен: мемлекеттiк бюджет, бюджеттен тыс қорлар, сақтық және несие қорлары, салықтар, жiберiлiмдер (әлеуметтiк сақтандыру, арнайы бюджеттен тыс қорлар) мiндеттi төлемдерге жатады.
2. Мемлекеттiк қаражаттарды бөлген кезде мынадай әдiстер пайдаланылады: қайтарылатын және қайтарылмайтын қаржыландыру және несие беру – қайтарылатын және қайтарылмайтын қаржы болу.
3. Қаржы операциялары кезiнде қолма-қол және аударым арқылы есеп айырысу әдiстерi қолданылады. Аударым әдiсi кең таралуда. Өйткенi бұл әдiс мемлекеттiк кәсiпорындармен, шаруашылық орғандармен және iшiнара халықпен қатынастарында пайдаланылады.
3 сұрақ. Тұрақтандырудың қосалқы жүйесі.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйеснiн сырткы сауда мен төлем балансын жай куйнiн нэтежиелерiн ескере отырып ,жогары жумыспен камтуды бағаны тұрақтандыру мен экономикалық осудiн қолайлы дэрежесiн қамтамасыз етуге саяды.Сонымен бiрге мемлекеттің қаржысын республикалық және жергiлктi денгейлерде мемлекетiк бюджеттi бюджеттен тыс қорларды ,мемлекеттiк кредиттi,мемлекеттiк және муниципалдык кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кiрiктредi.Казақстан Республикасы аумагында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады.
Бюджеттiк қатынастар жүйесiнде жергiлiктi бюджеттерге маңызды орын берледi.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы-арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебiнен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру.
Мемлекет қаржысының іс-әрекетті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процесстердің алғашқысы өзінің мемлекеттің кірістері ұғымында , екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері депэкономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді болудің нәтижесінде мемлекеттің , жеке кәсіпорындардың , шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар болу мен қайта болудің күрделі процесстеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процесстердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Орталықтандырылмаған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерініңақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық – құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1. кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан.
2. жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен.
3. халықтың салық төлемдерінен.
4. кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен.
5. қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін болумен және тқтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және функцияларымен тікелей байланысты.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттін, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың , өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1. өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар.
2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар.
3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер.
4. көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымда.
1. Пайдаланылатын әдебиеттер:
4 Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.
5 Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.
6 Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
7 Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
8 Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.
9 Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.