Биогаз қондырғылары
Биогаз қондырғылары биогазды анаэробтық жағдайларда биомассаның шіруін бақылау арқылы өндіреді.
Биогаз қондырғыларында биогазды ең түрлі ауқымда алуға болады. Ол өз кәсіпорнын энергиямен қамтамасыз ету үшін шағын тазарту мен қондырғылар болуы мүмкін және газ бен электр қуатын желіге беруге арналған алып орталықтандырылған энергия парктері болуы мүмкін.
Биогазды өндіру үшін тамақ өнеркәсібінің және ауылшаруашылық қабылдақтары келе береді, сондай-ақ арнайы өсірілген энергетикалық өсімдіктер. Биогаз қондырғылары моно-шикізатпен, сондай-ақ қоспаларда жұмыс істей алады.
Биогаз қондылары шикізатты беру жүйесі кешенімен, жылыту, араластыру, канализация, ауа газды және электр жүйесімен жабдықталған герметикалық реакторлардан тұратын құрылыс объектілері болып табылады.
Биогаз – биомассаның микробтық шіру нәтижесінде алынған газ. Негізінен метаннан (55-70%) және көміртегі диоксидінен (45-30%) тұрады, алайда биогаз станциясында жойылатын кейбір қосынды заттар бар. Биогаз қасиетіне қарай табиғи газға (80-98 % метан) жақын келеді. Оның иісі мен түсі болмайды.
Биогаз қазандықтарда жағу үшін және байытусыз іштен жанатын қозғалтқыштарда пайдаланылуы мүмкін. Биогазды электр энергиясын өндіру үшін пайдалану кеңінен таралған.
Биогаз СО2 -ден тазартып табиғи газдың қасиетіне жеткізе алады. Ондай байытылған биогаз биометан деп аталады. Көбінесе ондай тазарту судың өкмегімен жүрігізіледі. Тазартқан соң газдың құрамы бойынша да және табиғи газдың қасиетіне бойынша айырмашылығы болмайды
Биогаз станцияларынынң пайдалары.Экология .
Биогаз қондырғысы – тазартудың ең белсенді жүйесі. Тазартудың кез-келген басқа да жүйелері энергияны өндірмейді, тұтынады. Биогаз қондырғысы қалдықтарды богазға және биотыңайтықыштарға қайта өңдейді.
Биогазды өндіру метанның атмосфераға шығарылуының алдын алады. Оны тұту – глобальді жылынудың алдын алудің ең жақсы тәсілі.
Биогаз қондырғысының қосымша пайдасы: электр мен жылуды өндіру, биоментанды алу, жаңа кәсіпорындарды салу кезінде тазартуға күрделі шығындарды үнемдеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Геотермалдық қондарғылар не жатады?
2. Биогаз қондырғылырының пайдасы.
Дебиеттер тізімі
1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.Электроэнергетика.-М:Высшая школа, 1988г.
2.Хожин Г. «Электроэнергетика», Алматы, 2011ж.
ДӘРІС № 20
Тақырыбы «ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕНІҢ КЕСТЕСІ»
Жоспар
1. Жүктемелердің графиктері,
2. Жүктеменің жылдык ұзақтық графигі
Электр энергетикалық жүйелердің негізгі ерекшелігі, ондағы электр энергияның өндірілуі және тұтынылуы бір мезгідде болуы керек.
Электр станциялармен әрбір мезгілде өндірілетін энергия, сол уақытында пайдаланылуы керек. Пайдалану графигі үнемі өзгеріп отырады.
Генераторлар мен түтынушылардың қосынды активтік қуаттарының тең еместігі (небаланс) ауыспалы процеске әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының артықшылығы жиіліктің кобейуіне (жоғарлануына) әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының жетіспеуі жиілікті төмендетеді. Электр станцияларды пайдаланғанда (агрегаттардың куаттарының шектелген мөлшерінде), электрлік жүйелердің аз ғана тербелісі электр станцияның лсұмысына қиындық келтірмейді. Себебі ол агрегаттар қуаттың өзгерісін реттейтін автоматты реттегіштермен жабдықталады.
Егерде электрлік жүктемелер кенет өзгерсе және тез көбейтілсе, онда қосымша генераторларды іске қосу қажет. Бұл жағдайлар алдын ала болжамда болуы керек. Электр энергияны өндірілумсн оның тұтынушысының айырмашылығы болмауы керек. Электр станцияларды дұрыс пайдалану үшін оның тәуліктік графигін білу керек. Ол тұтынушылардың графигіне байланысты.
Электр энергияны пайдалану режімі тұтынушылардың графигімен белгіленеді, яғни электрқондырғының қуатының уақытқа сәйкесті өзгеруі диаграмма түрінде беріледі.
Графиктерді түрғызғанда абцисса өсінде тәуліктік сағаттар (0-24 сағатқа дейін), ординаты өсінде электрлік жүктеме (кВт, МВт) көрсетіледі. Графикте электр қондырғының активтік (Р), реактивтік (Q, толық (S) қуаттары және тоқ (I) көрсетіледі. Графиктер тәуліктік, апталық және қыстық, жаздық, көктемдік, күздік, жылдық болып анықталады. Пайдалану орнына байланысты тұтынушылар, қосалқы станция, станция, станция графиктері болып бөлінеді.
Типтік графиктер салыстырмалы бірлікте беріледі де, олардың жүктемесі 100%-ға тең деп алынып сатылы диаграмма ретінде корсетіледі. Қалған сатыдағы жүктеме і рафиктері тәуліктің сол уақыттағы салыстырмалы мәнін көрсетеді (20.1, а-суреті).
(20.1)
мұнда п% - типтік графиктің ординатасына сәйкесті сатысы.
20.1-сурет.Тәуліктік графикті типтік графикке сәйкесті түрғызу.
а) Типтік график, б) Атаулы бірліктегі график.
Бұндай жүктеме графигі Рмакс =20МВт-ты болғанда 20.1 б-суретінде көрсетілген.
Рмаксболашаққа жобалағанда және графикті атаулы бірлікте тұрғызу үшін тұтынушылардың белгіленген қуаты анық болуы керек, ол номиналды қуаттың қосындысы деп есептелінеді.
Активтік жүктеме үшін:
(20.2)
Сол мезгілде косалқы станцияның шинасына косылған жүктемелердың қуаты келесі өрнекпен анықталады:
(20.3)
мұнда - электр қондырғыларының тұтынушыларына және жергілікті желілердің номиналды жүктеме мезгіліндегі орта ПӘК-і (КПД).
Расында тұтынушылардың жүктемелерінің қуаты белгіленген қуаттан әдетте кем (кіші). Бұл жағдай бір уақыттылық және жүктемелік коэффициентерімен ескеріледі.
Сонда тұтынушылардың максималды жүктемесі келесі өрнектеп анықталады:
(20.4)
Активтік жүктемесінің графигіне басқа да, реактивтік жүктеменің графигін пайдаланды. Реактивтік жүктеменің графигі де ордината өсіне сатылы түрде көрсетіледі; %.
Оны келесі өрнекпенанықтауға болады:
(20.5)
мұнда tgφ, сosφmax-ның мәніне сәйкесті анықталады.
Ал сosφmax-ның мәні тұтынушылардың бастапкы көрсеткіштерінің біреуі ретінде беріледі.
Активтік және реактивтік жүктемелердің белгілі графиктерін пайдалана отырып, толық қуаттың графигін тұрғызуға болады. Толық қуаттың сатылы графикке байланысты мәні келесі өрнекпен анықталады:
(20.6)
мұнда Рiжәне Qi -лық сатыдағы активтік және реактивтік жүктемелердің атаулы бірлікпен көрсетілғен мәндері.