Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Рет № | Жылдықөндiрукөлемi | Ставкалар, %-бен |
1. | 250 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
2. | 500 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
3. | 1 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
4. | 2 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
5. | 3 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
6. | 4 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
7. | 5 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
8. | 7 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
9. | 10 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда | |
10. | 10 000 000 тоннаданжоғары |
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:
Рет № | Жылдық өндіру көлемі | Ставкалар, %-пен |
1. | 1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда | 0,5 |
2. | 2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда | 1,0 |
3. | 2,0 млрд. текше м.-ден жоғары | 1,5 |
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді.
Ойын бизнес салығы
Мынадай:
1) казино;
2) ойынавтоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерліккеңсеқызметкөрсетулержөніндегіқызметтіжүзегеасыратын дара кәсіпкерлер мен заңдытұлғалар ойынбизнесі салығынтөлеушілерболыптабылады.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойынүстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесініңкассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
16.Тіркелген салық
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | ||
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | ||
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | ||
4. | Ойын жолы | ||
5. | Карт | ||
6. | Бильярд үстелі |
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.