Дістемелік нұсқаулар. Компьютер, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге
Компьютер, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әрине бұл өте тамаша! Бірақ сонда да оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау қала бермек. Өкінішке орай, тәжірибеміз көрсетеді: студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша күрделі және әр түрлі әдебиеттермен жұмыс жасау, олардан керекті ақпаратты ала білу және оны дұрыс қолдану дағдысы қалыптаспаған. Бұл жағдай оқу үдерісінде үнемі өсіп келе жатқан талаптарға қайшы келеді. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.
Кітаппен жұмыс жасау.Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:
· гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);
· кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);
· кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;
· қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;
· кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.
Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.
Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.
Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.
Резюме - шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.
Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.
Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады. Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».
Реферат жаза білу.Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстракт – алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат – түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады.
Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:
Кіріспе
1-Бөлім. § 1, § 2.
2-Бөлім. § 1, § 2.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз. Бөлімдерді жазғанға көмек: негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару: терминдер мен символдарға түсінік беру; кестелерді тек рефераттың мөлшерін азайту үшін, көп ақпаратты үнемді қылып жеткізу үшін пайдалану қажет; ұзақ сөйлемдерді қолдануға, қайталауға болмайды. Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.
Рефератты қорғау немесе презентация.Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды, шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:
· Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.
· Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.
· Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.
· Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.
· Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.
· Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.
· Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.
· Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.
· Егер сіз жалғаз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.
Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.
· рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:
· жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;
· сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;
· рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы.