Р-дағы әкімшілік-аумақтық реформалар.
Лекция
Мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделі
Азақстандағы саяси жаңғырту мен мемлекеттік билікті реформалау процесі. Президент және парламент институттарының қалыптасуы мен дамуы.
Р-да сот билігінің трансформациялану процесі мен қазіргі жағдайы.
Р-дағы әкімшілік-аумақтық реформалар.
1.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жаңа мемлекетін және оның саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ. Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет. Сол тарихи да тағдырлы уақытта дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді» .
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Қазақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді. Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды, жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде институттанған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың егемендігінің бірден бір көзі, субектісі және егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес ұйым болып табылады. Мемлекеттің негізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабілетті, қажетті адами, материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және санасатын мемлекет қалыптасты. Ал елде қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен көрінеді.
Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша түбегейлі «анатомиялық» түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын жиырма жыл деңгейінен жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, негізінен мыналарға келіп саяды:
– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;
– қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;
– Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіздердің нығаюы;
– халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;
– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Бұл – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік топтарды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең де, көп қырлы, сапалық өзгерістеp. Президент, Парламент институттары, әлсіз де болса, көппартиялық жүйе осы өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі.
Дүниежүзінде тұңғыш рет президенттік институт 1776 жылы АҚШ-та пайда болып, оны көптеген елдердің өздерінің басқару формасына үлгі етіп отыр. Жалпы әлемде мемлекеттік құрылымында президенттік институт қалыптасқан шамамен 140-тан астам ел бар екен. Географиялық тұрғыдан солтүстікамерикалық, латынамерикалық, еуропалық, афро-азиялық және шығысеуропалық модельдері қалыптасқанын айта кеткен жөн. Еуропада тұңғыш президенттік республика болып 1848 жылы Швейцария мен Франция атанды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрияда, Веймар Республикасында, Чехословакияда, Польшада, Балтық бойы елдерінде президенттік республика орнады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Италияда, Грецияда, Португалияда, Мальтада мемлекет басшысы Президент саналды. Ал ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Азия құрлығында алғаш рет президенттік билік Филиппинде, Сирияда, Ливанда пайда болды. Кейін бұл президенттік лауазым Оңтүстік Кореяға, Оңтүстік Вьетнамға, Тайвань, Үндістанға, Пәкістанға, Бангладешке, Иракқа тән болды. Африка елдерінде президенттік институттың француздық моделі кеңінен тарады. Әскери режим жағдайында Латын Америкасы мемлекеттерінде «уақытша президенттік» билік болды. Қытайда тек Мао-Цзедунь кезінде аралас президентура үстемдік етіпті. Кезінде Сталин де президенттік өкілеттіктерді Жоғарғы Кеңестің Президиумына берген екен. Ал 1964 жылы Н.Хрущев президенттік туралы мәселе көтеріп, КСРО-ның жаңа конституциясының жобасын жасаған екен, алайда бұл аяқсыз қалған.
Қазіргі заманда негізінен үш республикалық басқару түрі бар: президенттік республика (АҚШ) , парламенттік республика (Италия) жəне жартылай президенттік республика (Франция) . Осы үш модельде зерттеліп, Қазақстан практикасында қысқа мерзімде қолданылды -да. Назар аударарлық бір мәселе – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы кеңестен кейінгі барлық елдерде президенттік немесе жартылай президенттік билік жүйесі пайда болды. Бұл саяси жүйе дамуындағы, ел алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің күрделілігіне байланысты. Билік тармақтары, әсіресе, Парламент пен атқарушы билік арасындағы текетірес пен шиеленісті, толассыз талас, елдердің саяси мәдениетінің ерекшелігі президенттік институтты өтпелі қоғамдар, кезеңдер алдында тұрған міндеттерді шешудің тиімді билік нысаны ретінде таңдау – ұтымды жол.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстандағы президенттік институт Президенттік және парламенттік басқаруды біріктірген жартылай президенттік француздық үлгіге ұқсас. Үкімет Президентке де, парламентке де бағынады. Президент мемлекеттік өмірдің барлық сферасында кең өкілеттіліктерге ие: ол Парламенттің төменгі палатасын таратуға және жаңа сайлау тағайындауға құқылы (ст 13 Франция, статья 63 ҚР). Қаз-да да президент Фр –ғы сияқты Үкімет емес, мемлекет басшысы. Франциядан айырмашылығы ҚР президент 2-ден артық қатарынан қайта сайлана алмайды. Президенттік биліктің қазақстандық моделі бәрінен ресейге жақын. Ресейдегідей ҚР –да президентті тікелей халық екі турлы мажоритарлық жүйемен сайлайды. Президент Үкімет басшысын парламенттің кіші палатасының келісімімен тағайындайды.
Белоруссия, Узбекистан, Таджикистан, Азербайджан, Армениядағы президенттік жүйе Россия мен Казақстанға ұқсас.
Президенттік биліктің трансформациясы.
Президент биліктің типологиялық сипатының ортақтығына қарамай, әр ел президенттік моделді өз жолымен, өзіндік сипатқа сай жүзеге асырды. Қазақстандық президенттік биліктің ерекшелігі төмендегідей болды. Президенті лауазымы 1990 ж 24 сәуірде Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленді. Оның енгізілуі бірнеше жағдайларға байланысты болды:
а) КПСС ОК-гі «реформаторлар» мен "консерваторлардың" ішкі тартысымен;
б) КПСС-тің беделінің құлауымен;
в) одақтық республикалар мен орталықтың қарсы тұруымен;
г) кеңестік биліктің құлауы жағдайында мемлекеттік құрылыстың жаңа формасын іздеумен байланысты болды.
Бастапқы кезде президенттік билік шектеулі болды, өйткені, мемлекеттік құрылыстың жаңа құрылған формасы парламенттік болды, онда президент номиналды мемлекет басшысы болып, қолында реалды билік болмады. Соған қарамастан, бұл посттың пайда болуы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесінің кейінгі өзгеруінде белгілі бір роль атқарды.
Біріншіден, Жоғары кеңес арқылы сайланған президент мемлекеттің басшысы ретінде КСРО және Қазақстан компартияларына тәуелсіз болып қалды;
Екіншіден, осының салдарынан мемлекеттік биліктің департизациялануына және оны одан әрә реформалауға алғышарттар жасалды;
Үшіншіден, транзиттік кезеңдегі реформа жүргізудің басты әкімшілік күші саналатын билікті қалыптастырудың ядросы қаланды.
Президент институтының одан әрі дамуы Каз КСР-нің 1990 жылы 20 қарашадағы " Каз КСР-дегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру және Каз КСР конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу« туралы заңымен және оған 1991 жылғы 25 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты болды. Бұл құжатқа сай:
а) президент мемлекет басшысы болып жарияланды, ол жоғары атқарушы – реттеуші билікке ие болды.
б) вице –президент посты құрылды және министрлер Кеңесі таратылып, қазақстан министрлер кабинеті құрылды.
В) үкіметті құру құқығы президентке берілді.
Бұл заңның қабылдануымен Қазақстанның мемлекеттік жүйесі жартылай президенттік моделге өтті.
Жаңа мемлекеттік биліктің негізгі сипаттары төмендегідей болды:
а) Президентті сайлаудың парламенттен тыс формасы қалыптасты;
б) Президентпен пен Парламент арасындағы күштердің балансы теңелді;
в) Президенттің басшылығымен атқарушы биліктің жалғыз вертикалы қалыптасты;
г) Президентке нормативті актілер мен заң шығару инициативасы құқығы берілді.
Президент институтын соңғы заңдастыру 1991 жылы 1 желтоқсанда президентті республикалық сайлау өткізгеннен соң болды
Президент институтының одан әрі дамуы келесі факторлармен анықталды:
а) КСРО-ның құлауымен және қазақстанның тәуелсіздігін алумен;
б) тәуелсіздік жағдайында мемлекеттік құрылысты құру міндеттерімен;
в) социализмнен либерализмге өтумен;
г) Казахстанның ұзақ дағдарысты даму фазасына өтуімен;
д) ұлттық қауіпсіздікті нығайту міндеттерімен;
е) әлемдік қауымдастыққа ресми танылған тәуелсіз ел ретінде кірумен.
Осылайша, 1991-1993 жылдары Казахстанда елді дағдарыстан шығарып, оған тұрақты даму жолын көрсететін күшті билікке қажеттілік обьективті түрде қалыптасты. Белгілі себептердің арқасында бұл қажеттілікке жауап бере алатын биліктің тек президенттік бұтағы ғана болды. Оның заң шығарушы биліккпен салыстырғанда артықшылықтары төмендегідей болды:
а)Президентпен айқындалатын саяси еріктің бірлігі;
б) атқарушы билік аппаратының қатаң иерархиялылығы;
в) атқарушы билікпен мемлекеттік басқаруды тікелей жүзеге асыру;
г) мемлекеттің әкімшілік, экономикалық, медиалық ресурстарын релды пайдалану.
Сол кездегі кеңестік жүйемен идеологиялық байланысын үзбеген парламенттік басқару формасы жаңа саяси –экономикалық қатынастарға батыл өте алмас еді. Сондықтан ол тек социализмнен өтпелі форма ретінде қалып қойды. В связи с этим она стала только переходной формой от социализма к либерально-демократическому обществу.
Күшті президенттік билікті таңдаудың неізгі себептері:
1) әлеуметтік және саяси – идеологиялық ауыспалы жағдайда тұрған қазақстандық қоғамда дамудың либералды моделіне өту ішкі саяси күрестің шиеленісуіне алып келді, ол заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қайшылықтардан көрінді, ал бұл жағдай мемлекеттік басқару процесінің дезорганизациялану және либералдық реформаларды жүргізуді үзу қаупін туғызды.
2) жаппай жекешелендіру бюрократия мен кәсіпкерлердің мемлекеттік меншікті бөлуге қызығушылығын өсірді және оларды одан ары бөлуде қорғау кепілдігін қажет етті. Сондықтан корпоративтік мүдделер өздерінің экономикалық мүдделерін қорғау үшін күшті билікті қалады.
3) қоғамдағы социалистік кезден сақталып келген күшті патерналистік көңіл –күй, «күшті қолға» және құдіретті партиялық лидерге тартылу президенттік вертикалды биліктің күшеюіне өз ықпалын тигізді
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы басқарудың президенттік формасын заң жүзінде бекітті, ал саяси шындық ретінде ол 1993 жылдың соңында Жоғары кенестің таратылуынан және президентке заң шығару билігін берумен өмір сүрді. Осы кезден бастап Президент елдегі барлық билікті өз қолына жинақтады. Президент өз еркін парламентке және сот корпусын жеке тағайынндау арқылы сот билігіне диктовать етті. 1998 жылғы негізгі заңға енгізілген өзгертулер президенттің өкілеттілігін одан әрі кеңейтті, оның мерзімін 7 жылға ұзартты.
Сол кезде құрылған президенттік билік өзін ақтап, елді 90 –жылдардағы ауыр дағдарыстан алып шыға алды. Сонымен бірге 2000 жылдары елде орын алған әлеуметтік –экономикалық, саяси өзгерістер негізі президенттік билік болып табылатын елдің саяси жүйесіне жаңа талаптар қойды.
Бұл талаптардың негізгі мазмұны экономикалық және саяси қатынастарды либералдау (Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді) болды. Бірақ суперпрезидентік республикаға тән барлық қатынастардың қатаң орталықтануы мен регламентациясы елдің жаңа даму жағдайында кәсіпкерлікті тежеп, өндіргіш күштердің даму сұранысымен қайшылыққа түсті. Ол жоғары биліктегі жікке бөлінуден, капиталдың шетелге кетуінен, оппозициялың көңіл –күйдің, әлеуметтік шиеленістің өсуімен сипатталды. Бұл қайшылықтар елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндірді, ел басшылығы бұл негативті тенденцияны жою үшін елді саяси модерницазиялауға бет бұрды. 16 майда, 2007 жылы президент Н.Назарбаев екі палатаның біріккен мәжілісінде ҚР Конституциясына сәйкес өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл конст-қ жаңа өзгерістердің мәні биліктегі президенттің болашақ орнын анықтады, яғни президенттік басқарудан президенттік –парламенттік басқару формасына өтуден көрінді.
Президент инстиутының қазіргі жағдайы.
Билікті саяси ұйымдастыру жүйесінде президенттік вертикаль конституция анықтаған нормаға сай үстем жағдайда.
Президенттік биліктің қазақстандық моделінің негізгі белгілері:
1. Ұйымдастырушылық салада:
а) бірзвенолық құрылым (Президент және оның әкімшілігі);
б) Президенттің сайланбалығы;
в) мем. органдарда президенттің арнайы өкілдерінің болуы;
г) жоғары басқолбасшы.
2. конституциялық –праволық салада;
а) президент билігінің жоғары сипаты;
б)президент – адамдардың конституциялық правосы мен бостандықтарының кепілі;
в) билік тармақтарының арасында қақтығыс (колизия) туындаған кезде Президенттің арбитраждық функциясы;
г) ішкі мемлекеттік және сыртқы саясат бойынша маңызды мәселелерде соңғы шешім қабылдау.
3.функциональды салада:
а)бақылау функциясы;
б)басқарудың аралас территориялық -әкімшілік сипаты;
в) өкілеттілігінің жоғары деңгейі.
Сонымен бірге, 2007 жылғы кост-лық жаңа өзгерістер өзіне президенттің парламенттің партиялық фракцияларымен премьер –министрдің кандидатурасын бекітуде, парламентті тарату құқығында, президенттің сенат депутаттарын тағайындау правосын кеңейтуде келісу қажеттілігігін енгізді. Және бірінші президент үшін ерекше жағдай шексіз қайта сайлану құқығы қарастырылды.
Осылайша маңызды қатерлері мен тәуекелдеріне қарамастан, адекватты өзгеру жағдайында президент институты биліктің қажет етіліген саяси институты болып қалып отыр.
Қазақстан Республикасындағы парламенттің тарихи дамуына назар аударатын болсақ, Жоғарғы Кеңестің он үш рет сайланған құрамының орнына жаңа кәсіпқой парламент құрылды. 1993 ж. қабылданған Конституция бойынша заң шығарушы сот және атқарушы билік арасындағы өкілеттіліктердің дұрыс бөлінбеуі нәтижесінде тежемелік және тепе-теңдік принципі дұрыс сақталмады. Яғни Жоғарғы Кеңес сот пен атқарушы билікке араласты. Бұл жаңа Конституцияның қабылдануына түрткі болды. Екінші жағынан, парламенттің рөлі оған берілген өкілеттіліктері бойынша президентке қарағанда басымырақ болды. Осы себептерге байланысты 1995 ж. қабылданған жаңа Конституция қазіргі жаңа парламентті өмірге әкелді.
Парламенттің төменгі палатасының жасақтаулы мажоритарлы, баламалы, аралас, пропорционалды сайлау жүйесі негізінде жүзеге асырылды. Әрине, әрбір жүйенің жекелей артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мажоритарлы сайлау жүйесі жекелеген депутатты сайлауда тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударуға, қоғамның көшбасшылық қасиеттер мен атқарған істеріне қарай баға беруіне мүкіндік береді. Пропорционалды сайлау жүйесі саяси партиялар институтының жетілуі мен дамуына жағдай жасайды, азаматтық қоғамның қалыптасуына алып келеді. Әлемнің дамыған саяси жүйелері пропорционалды жүйенің жалпы артықшылықтары басымырақ екендігін мойындайды. Парламенттегі одан кейінгі сайлаулар кезекті түрде өтті, ал 2007 ж. Конституцияға енген өзгерістерге байланысты пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, өзгерістерге сәйкес сайланған парламент құрамына тек бір ғана партияның жеңіп шығуы қайтадан Кеңес Одағы кезіндегі Коммунистік партияны еске түсіреді. Қазақстанда бұл ретте егер де парламент құрамы бір партиядан жасақталса, басқа партиялар 7 пайыздық межеге жете алмаса да парламент құрамына енуі демократиялық принциптердің орнығуына жасалған үлкен қадам ретінде қарастырыла алушы еді. Шын мәнісінде, бұл өзгеріс сайлаудың аяқталып, нәтижелер шығып, келесі парламент сайлауы болар шақта ғана қабылданды. Бір партиялы мәжіліс сайланғанда көптеген сарапшылар парламент қайтадан жасақталады деген болжамы мерзімнің аяқтаулына аз уақыт қалған кезде ғана жүзеге асты. Мерзімінен бұрын 2012 ж. қаңтарда өткен парламент сайлауы құрамы үш партиялық парламентті сайлады. Өзгерістер «демократиялануға» біршама қадам алға жылжыды. Келесі парламент сайлауы қанша партиялы парламент құрмақ?
Бастысы, парламенттің төменгі палатасындағы партиялардың саны олардың кәсіби қызмет атқаруына айтарлықтай әсер ете алмайды. Қазіргі кездегі саяси партиялар институты жетілмеген бола тұра ондай өзгерістерге бой алдырмайды. Екінші жағынан, пікір алуандылығы жаңа көзқарастар мен ойлар тудыра алады. Соған орай парламенттегі партиялардың саны қаншалықты көп болса, парламент соншалықты демократияланған болып табылады ма? Ондағы маңыздысы екінші орын алған партияның жинаған дауыс саны айтарлықтай аз болмауы, себебі бұл партия әсер ете алатындай дәрежеге жетуі керек.
Қазақстанда парламенттің қалыптасуы жалғасуда, кәсіпқой парламенттің қызмет атқаруы үшін М. Вебер айтқан секілді саясат арқылы емес, саясат үшін өмір сүретін адамдар қажет. Ең алдымен жалпы саясат ісіне араласатын тұлғалардың өзі қоғамның алға жылжуына үлес қосуы абзал. Сонда ғана парламенттегі заң шығару кәсіпқойлығы артады. Бастысы қазіргі өтпелі кезең мерзіміндегі парламенттің арнайы көзқарасын қалыптастыра алу.
Парламенттегі депутаттық құрам бойынша 1993 ж. Конституция бойынша парламенттің өкілетіліктері (Жоғарғы Кеңес) басым болды. Одан кейін президенттік республикаға өтті. Ал 2007 ж. Констиуциялық реформа нәтижесінде президенттік - парламенттік мемлекетке айналдық. Бұл шаралар негізінен саяси жүйенің дамып жетілу деңгейіне байланысты емес, Қазақстанның «демократияланған» мемлекет екендігін дәлелдеу үшін қажет еді. Мақсатқа қол жеткізілді. Ал қабылданған реформалар президенттің беделін Ұлт Көшбасшысы секілді заңдарды қабылдау немесе бірінші президентке өмірлік сайлану құқығын беру секілді өзгерістер арқылы рөлін айқындап көрсетті. Алайда, бұл өзгерістердің оң қадамдары да болды: депутаттардың санының өсуі, өкілеттіліктердің кеңейтілуі парламент дамуына оң ықпал етті.