Сынып. Қазақстан тарихы. V Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып

Сабақтың тақырыбы:§ 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

v Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.

v Салыстырмалы талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.

v Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

· Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ø Кестенің толтырылуын тексеру.

Ø Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.

Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.

Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.

Ішкі жағдай

Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.

Феодалдық бытыраңқылық күшейді.

Сыртқы жағдай

Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.

Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.

Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.

Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).

Жеке басының жағымды қасиеттері Жеке басының кемшіліктері

Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:

1.

2.

3.

4.

«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:

А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.

Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.

Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.

В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:

1734 ж-

1735 ж-

1735-37 ж-

1740 ж-

1738 ж-

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:

«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».

Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.

Қазақ жерін біртіндеп отарлау.

Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекетін жеңілдетті., патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше әскери бекіністер тұрғызды.

Қазақстанның батысындағы және солтүстігіндегі әскери бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына енуі үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.

IV.Сабақтың практикалық бөлігі:

1. XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?

2. Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.

3. Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.

4. Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?

Бағалау:

Үйге тапсырма:

1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.

Наши рекомендации