Иярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі.

Мазмұны

    Бет
  Кіріспе  
1. Әдебиетке шолу  
2. Негізгі бөлім  
  3. Зерттеу нәтижелері. Аймақтың климаты,шарушылық орналасқан жердің топырақтары  
  3.1 Қиярды көшетпен отырғызу технологиясы  
  3.2 Қиярды күтіп баптау жұмыстары  
  3.3 Өнімнің қалыптасуы  
  3.4 Қияр дақылының биометриялық көрсеткіштер  
  3.5 Өнімді жинау  
4. Экономикалық тиімділік  
5. Еңбек қорғау  
6. Қоршаған ортаны қорғау  
    Қорытынды  
    Пайдаланылған әдебиеттер  
   
     
     
     

Кіріспе

«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcына cәйкec, Қазақcтанның агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде шаруашылықтарда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp.

Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.

Мeмлeкeт өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына шамамeн 3,2 млн.т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 6%.

Көкөніс шаруашылығы – көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар – қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта— маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.

Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.

Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің

түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор.

Жұмыстың мақсаты: Ақмола облысындағы қиярды көшетпен отырғызу және де суармалы жағдайда өсіру.

Жұмыстың міндеті:

1). Ақмола облысының құрғақ далалы аймақтық жағдайында өсірілген қияр соттарының өнімділігін бағалау.

2). Қияр сұрыптарын көшетпен өсіру технологиясынын ерекшеліктерін анықтау.

3). Экономикалық тиімділігін анықтау

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Биопотенциалды тиімді пайдалану үшін органикалық қор сақтаушы егін шаруашылығын жасау.

Осы мақсатты алға тарта отырып, біздің зерттеулердің негізгі міндеттері Қазақстанның оңтүстік-шығысының ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген, тәлімі егіншілік жүйесіне қолдануға болатын келесі жағдайларды қарастырады:

-топырақты өңдеудің әртүрлі әдістерінің аясында ауыспалы егістің алғы дақылдарды іріктеу;

-топырақты өңдеу әдістеріне байланысты астық, дәнді-бұршақ дақылдарының реакциясын анықтау;

-таза сүрі жердің, бұршақ дақылдарының, сидераттың топырақ құнарлығын сақтау және арттырудағы рөлін анықтау;

- экономикалық тиімділігін анықтау.

Дебиетке шолу

иярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі.

Қияр – әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды «аорос» деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз «піспеген» деп аударылады. «Аорос» сөзі бірте-бірте «аугурос» сөзіне ауысып, орыс елінде «огурец» (қияр) деп өзгертіп айтылды [1]. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай-ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды [2, 3]. Бұл дақыл Ежелгі Рим, Ежелгі Грек және Месопотамияда да белгілі болған. Көне заманда қияр айтарлықтай кең таралған. Теофраст (б.д.д. 372-288 жж.), Диоскорид (б.д.д. 50 ж.), Марциал (б.д.д. 40-102 жж.) көне авторлары өздерінің шығармаларында қияр туралы бірнеше рет атап өткен. Бұл дақылдың сипаттамасын ежелгі римдік жазушы және агроном Колумнелланың (б.д.д. 60 ж.) 12 томдық ауылшаруашылық энциклопедиясында табуға болады. Ол биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өсіру технологиясын да толығымен жазған. Мысалы, Колумнелла шақпақ таспен жабылған көшетханаларда өсірілген қиярды жыл бойы Тиберия императорының үстеліне берілгенін жазған. Сондай-ақ, ол қиярдың Африкада кең таралғандығын ескертеді [4]. Батыс Азия (Иран, Ирак, Туркия, Сирия) елдеріне қияр 3000 жылдан аса бұрын келген. Арабтарға бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейін кем дегенде 300-200 жыл бұрын белгілі болды. Ол туралы араб ғалымдары, Ибн-Аллавам мен Ибн-Бейтар набаттық егіншілікті сипаттағанда атап өткен [5]. Англияда ХІV ғ. қияр кәдімгі көкөніс дақылы болған, сосын ұзаққа созылған соғыс жылдары бұл дақыл қараусыз қалды. Тек 1573 жылы қайтадан өсіріле бастады. ХVІІІ ғ. Еуропада әйнектелген жылыжайларда қияр өсіріліп басталған, осыдан бастап ағылшындықтар жылыжай қиярының жаңа сорттарын шығара бастаған [6].

Ресейде бәрі IX-X ғғ. басталған. Оңтүстік, Орталық және Солтүстік-шығыстық аймақтардың қатты климатына қияр сорттарын бейімдеткен ежелгі суздальдық егіншілері еңбек еткен. Қияр тұқымдарының көбісі егіншілердікі болған. Қияр жүйектерін жылқы көңдерімен қосып қазған. Қияр туралы Ресейде бірінші әдебиетте 1528 жылы неміс бароны Зигмунд Герберштейн жазған. Кейіннен неміс ғалымы Адам Олеарий 1637-1639 жж. Ресейде болып, өзінің елшілік сапарында орыс қиярлары туралы түгел сипаттап мадақтаған. Измаилда I Петр жарлығымен Просяндық патшалығы бақшасы жылыжайында қиярлар мен қауындар өсіріліп бастаған [7-8].

Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр [9]. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр [3, б. 4]. Әлемде қиярды көбірек Қытайда жалпы ауданы – 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде – 200 мың га және Азияда – 300 мың га жоғары өсіреді [10]. Қиярды әлемдік өндіру жылына 12 млн.т құрайды. Оны орташа өнімділігі 15 т/га болатын 880 мың га жоғары аудандарда өсіреді. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда – 1 млн. т, Туркияда – 0,8 млн. т, АҚШ – 0,6 млн. т, ал Қазақстанда – 90 мың т қияр жиналады. Қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады [11].

Наши рекомендации