Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік және одан ауытқу
Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет берілген бағалар деңгейінде сатып алуға тілек білдіретін тауарлар мен қызметтер мөлшері.
Жиынтық сұраныс – бұл нарықта ұсынылуы мүмкін тауар мен қызметтердің жалпы мөлшері (бұл қалыптастырылатын ЖҰӨ).
Классикалық мектеп жақтаушылары нарықтық экономика – бұл өз-өзін реттейтін жүйе деп есептеген. Өзін-өзі реттеу мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- сұраныс,
- ұсыныс,
- баға,
- бәсекелестік.
Қазіргі экономикалық ғылымдажиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сипаттауға екі теориялық көзқарас бар.
Біріншісі– классикалық саяси экономия мектебі,
Екіншісі– классикалық мектеп.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы ең күрделі сынақтан 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс кезінде өтті (Ұлы депрессия). Ол ең алдымен
- экономикасы төрт жыл бойы:
- апатты жұмыссыздыққа,
- өндіріс төмендеуіне,
- іскерлік белсенділіктің қысқаруына
тап болған дамыған елдерді зақымдады.
АҚШ-та, мысалы, осы кезеңде – ЖҰӨ 30 % астам қысқартылды, - жұмыссыздық 3 пайыздан 25 пайызға дейін өсті, таза инвестициялар теріс болды.
Батыс елдерінің үкіметтері біршама уақыт дәстүрлі экономикалық теория жақтаушыларының нарықтық жүйе дағдарыстан ішкі тұрақтылық резервтерінің есебінен өзі шығады деген сөздеріне сүйеніп әрекетсіз отырды. Дегенмен, уақыт өтіп жатты, ал жандану болған жоқ. Экономиканың жаңа кейпін танып, сипаттай алған, оның қызмет ету заңдылықтарын шығарып, дағдарыстан алып шығу рецептерін ұсынған бірінші адам Дж.Кейнсболды. Оның «Еңбекпен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» кітабы (1936 ж.) экономикалық ойлауда түбегейлі өзгеріс жасады. Дж. Кейнс ерекше макроэкономикалық мәселелер шеңберін белгіледі:
- оларды талдаудың әдіснамасы мен әдістемесінің негізін салды,
- мемлекеттің белсенді экономикалық саясатының қағидаларын қалыптастырды,
- экономикалық мінез-құлықты зерттеу өзгеруі және тексерілуі мүмкін, яғни эконометрикалық сипатты болуы мүмкіндігін көрсетті,
- нарықтық механизм өз бетімен тепе-теңдік орната алмайды.
| |||
экономикалық талдауға агрегаттық көзқарас;
нарықтық механизмнің жетілмегендігі (монополиялар билігі, бағаларды әкімшілік орнату, мәмілелерді ұзақ мерзімді келісімдер негізінде жасау, болашақ белгісіздігі);
нарықтық механизммен қалыптастырылатын экономикалық коньюнктураны қарастыру, оның ұзақ емес қысқа мерзімде қарастыру қажет;
экономикалық жүйедегі ақша роліне ерекше назар аудару;
нарықтық экономикадағы табыстар мен жинақ ақшалардың өсуі дәл осы үйлесімділікте инвестициялардың өсетіндігін білдірмейді;
жинақ ақшаның басым бөлігі үй шаруашылығында, қолма қол ақша түрінде шөгіп қалады және қор жинау қымбат тауарлар (үй, жер, автомобиль және т.с.с) сатып алуға, «екінші» зейнетақыны алу үшін, «қара күнге», балалардың жоғары білім алу үшін төлеуге жиналады.
Несие пайызының нормасына,
Коньюнктура жағдайына,
Күтілетін пайда нормасына,
Салық салу мөлшеріне,
Инвестициялауға ізденуіне.
Дағдарыс уақытында кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары пайыздық мөлшерлемені төмендеткеннің өзінде қысқаруы мүмкін;
Өтімділік артықшылықтары да (индивид қолында ұстауға ынталанатын ақша пайдалылығын ерекше игілік ретінде көрсетеді) инвестициялар көлеміне әсерін тигізеді.
Нақты нарықтық экономикада өндіріс және еңбекпен қамтылу деңгейі баға деңгейінен тәуелсіз болады.
Сұраныс өсе келе, бағалар да өседі, ал сұраныс қысқарғанда бағалар бұрынғы деңгейінде қалады (тежегіш тетіктің тиімділігі). Дж. Кейнс көрсеткендей, сұраныс қысқаруы баға деңгейінің төмендеуіне емес, өндірістің және еңбекпен қамтылудың қысқаруына әкеледі.
Төмен еңбекақы мынаны білдіреді:
- халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендеуін,
- мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің азаюын,
- өндірістің және еңбекпен қамтылудың төмендеуін.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың үлгісі
Р
А S
Жиынтық ұсыныс (АS)
Бағалардың тепе-тең деңгейі.
Жиынтық сұраныс (АД)
A Д
Q
Тұтынылатын ЖҰӨ динамикасына баға факторларымен қатар бағадан тыс факторлар да әсер етеді.
АД көлемінің динамикасына әсер ететін баға факторларына мыналар жатады:
1. байлық тиімділігі (Пигу тиімділігі).
2. пайыздық мөлшерлеме тиімділігі (Кейнс тиімділігі).
3. айырбастау бағамы тиімділігі (Манделл – Флеминг тиімділігі).
Бағадан тыс факторларға жататындар:
- тұтынушылық шығындардағы өзгерістер,
- инвестициялық шығындар,
- мемлекеттік шығындардағы өзгерістер,
- таза экспортқа жұмсалатын шығындар.
Пигу тиімділігі – бағалардың жалпы деңгейі өскенде (төмендегенде) жинақталған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (көтеріледі), осыған сәйкес АД азаяды (көбейеді).
Кейнс тиімділігі– ақшалық масса тұрақты - шарты: бағалар өседі ақшаға деген сұраныс көтеріледі
пайыздық мөлшерлеме көбейеді АД қысқарады.
Манделл Флеминг тиімділігі – бағалар түседі ақшаға деген сұраныс азаяды пайыздық мөлшерлеме төмендейді ұлттық валюта курсының нақты көлемі түседі таза экспортты ынталанды-рады АД көбейеді.
Р
Р1
Р2
АД
ВНП
Q1 Q2
|
Тұтыну шығындарының өзгеруі - а)тұтынушылардың әл-ауқаты,
б) тұтынушылардың үміті,
в) тұтынушылар берешегі,
г) салықтар.
Инвестиция шығындарының өзгеруі - а)пайыздық мөлшерлемелер,
б) инвестициялардан күтілетін пайда,
в) кәсіпорындардан алынатын салық,
г) артылған қуаттар.