Бап. Басқаруға қуқығьі жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру

1.Лауазымды адамның не ауе, теңіз немесе өзен кемесі меншік иесінің немесе иеленушісінің осындай кемені басқаруга қуқыгы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол беруі, егер бул іс-әрекет абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян кел-тіруге әкеп соқса -

2.Абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге экеп соққан дәл сол іс-әре-кет-

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Лауазымды адамның не эуе, теңіз немесе өзен кемесі меншік иесінің немесе иеленушісінің осындай кемені басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол беруі, егер бұл іс-эрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соқса - қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 359-бабының 1-тармағында көзделген.

Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян (359-бап 2-тармағы) абайсызда адам өліміне (359-бап 3-тармағы), абайсызда екі немесе одан да коп адамның өліміне экеп соққан әрекеттер осы құрамның ауырлататын немесе аса ауырлататын түрі болып табы-лады.

Қылмыс құрамы объективтік жэне субъективтік белгілері бойынша ҚК-тің 358-бабының құрамына ұқсас.

Бап. Халықаралық ушу қағидаларын бузу

1. Рұңсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биік-тігін сақтамау немесе халықаралық үшу қагидаларын өзге де бүзу –

2. Адам өліміне немесе езге де ауыр зардаптарга экеп соққан дәл сол іс-әрекет -Рұқсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, эуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзу - ұшудың халықаралық ере-желерін бұзу деп табылады (ҚК-тің 306-бабы).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - ұшатын эуе кемесі. Әуе кемесінің Қазақстан Республикасының эуе шекарасынан өтіп, басқа мемлекеттің үстінен үтттуын халықаралық ұшу деп айтамыз. Халықаралық ұшуды Қазақстан Республикасының эуе кемелері, сондай-ақ шет мемлекеттердің әуе кемелері өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Мұндай ұшулар эуе қозғалысы қауіпсіздігін, мемлекеттік жэне қорғаныс қауіпсіздігінің талаптарына сэйкес жүзеге асырылуы керек (ұшу маршруттарының белгілі болуы, ұшу биіктігі, эуе қақпасы, қону орны, дыбыс беру жүйелері т.б.)- Халықаралық ұшу ережелері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара» туралы заңымен реттеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан эр түрлі халықаралық ұшу ере-желерін сақтамау арқылы көрініс табады. Оның нақты көріністері: рұқсаты көрсетілмеген маршруттарды, қону орындарын, эуе кақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық үттту ережелерін өзге де бұзу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 306-бабының диспозициясы — бланкеттік. Халықаралық ұшу ережелерінің нақты қайсы талаптары бұзылғанын анықтау үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге жүгіну қажет. Қылмыс құрамы формальдық. Ол заңда көрсетілген эрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылык субъективтік жағынан қасақана немесе абайсыздықпен істеледі. Қылмыстық ниет жэне мақсат эртүрлі болуы мүмкін.

Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, эуе кемесінің экипаж мүшелері. Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырла-татын түрі кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеліп соққан эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДЦЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

§ 1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарының жалпы сипаттамасы және белгілері

Қылмыстық кодекстің 15 -тарауы «Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың» арналған 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде мұндай тарау жок еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нэтижесінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық жэне өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы кеңестік жүйедегі Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-эрекеттерінің мэніне қарай 1997 жылғы Қылмыстық кодексте коммерциялық жэне өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы жэне мем-лекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінді.

2014 жылғы жаңа Қылмыстык кодексте де осылай болып бұрынғысынша қалды.

Мұндай бөлінудің негізі қылмыстық құқық бұзушылық объектісі мен субъектісі бо­лып табылады.

Коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметін атқаратын адамдардың қылмысты іс-эрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді жэне олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

Осы екі органның - мемлекеттік немесе коммерциялық жэне өзге ұйымдарда қызмет атқаратын адамдардың атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 9-тарауында көзделген. Жалпыға мэлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін қорғау, оған қылмыстык қол сұғуды болдырмау ең маңызды мэселе болып та­былады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. 2014 жылғы Қылмыстық ко­дексте қызмет борышын адал аткаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылық та көзделген.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдцелеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды бір тарауға біріктіруге негіз болатын мына төмендегідей ортақ белгілері бар:

1) Бү_л тү_рғыдағы қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінен арнаулы субъект - мем-лекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам немесе лауазымды адамдар арқылы жасалады.

2) Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын адамдардың қылмыстық қү-қық бұзушылықты іс-эрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, занды қызметін қызмет мүддесіне қайшы түрде бұзады.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі — мемлекеттік аппараттың дұрыс, бірқалыпты қызметі, қосымша тікелей объектісіне - азаматтардың, ұйымдардың қү-кьіқтары мен занды мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері жатады.

Кейбір қылмыстық кұқық бұзушылық құрамдарының міндетті белгісі - қылмыс заты болады: материалдық сыйақы (366, 367, 368-баптар), ресми құжат (369-бап).

Осы тараудағы қылмыстар:

Объективтік жағынан материалдык кұрам - (ҚК-тің 361, 362, 363, 370, 371-баптары) жэне формальдық құрам (ҚК-тің 364, 366, 367, 368, 369-баптар) болып бөлінеді.

Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінэ нысанымен жасалады, тек қана салақтық (371-бап) абайсыздық түріндегі кінэ нысаны арқылы жүзеге асыры­лады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (361-бап), қызметтік жалғандық (369-бап) жа-сау құрамдарының субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе өзге де артыкпіылық алу туралы көрсетілген.

Осы тараудағы қылмыстық қү_қық бүзушылықтардың субъектісі - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауап-ты мемлекеттік лауазым атқаратын адам. Тек кана ҚК-тің 367, 368-баптарының субъек-тісі олармен қатар жай адам да болады. Олардың түсінігіне ҚК-тің 361-бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Осы тарауға кірген қылмыстар қоғамдық қауіптілік дэрежесіне байланысты:

1) Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне карсы сыбайлас жемқорлық жэне 2) өзге де қылмыстар болып екі түрге бөлінеді.

Жалпы Қылмыстық кодекстің 3-бабының 29-тарауына сэйкес ҚК-тің 189-бабы үшінші бөлігінің 2-тармағында, 190-бабы үшінші бөлігінің «2» тармағында; 215-бабы екінші бөлігінің «3» тармағында, 216-бабының екінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабының үшінші бөлігінің а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінің в) тармағында, 310-315-баптарында 380-бабында көзделген қылмыстар оларды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылыктар алған жағдайларда сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 15-тарауына топтық объектісі белгісіне орай 361, 362-баптың төртінші бөлігі «3» тармағында, 364-371-баптарында кезделген сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері енгізілген.

362-баптың 1, 2, 3-бөлігінде жэне 4-бөлігінің 1, 2-тармақтарында, 363, 371-баптарда көрсетілген қылмыстар сыбайлас жемқорлыққа байланыссыз мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар санатына жатады.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бүзушылыктардың жекеленген құрамдары

Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметті атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, лауазымды түлғалардың қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамға немесе ұйымға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін кереғар пайдалану нэтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға экеліп соғатын заңсыз іс-эрекеттерді айтамыз.

Сыбайлас жемқорлық туралы 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығы жарияланды. 2003 жылы 25 қыркүйекте «Сы­байлас жемқорлыққа күрес» мэселесі бойынша біркатар завды актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2005 жылғы 14 сэуірдің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тэртіп пен рет-тілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданды.

2007 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері-не сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мэселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Осы заңға сэйкес парақорлық (пара алғаны, пара бергені, парақорлыққа делдалдық) үшін қылмыстық жауаптылық жэне жаза күшейтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының тізбегі тұңғыш рет ҚК-тің 3-бабының 29-тармағында занды түрде белгіленді. Бү_л құбылыспен қарсы күресте Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Соттардың сы­байлас жемқорлықка байланысты қылмыстар жөніндегі қьшмыстық істер туралы» 2001 жылғы 13-желтоқсан №18 нормативтік қаулысының маңызы да ерекше.

Енді осы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген түрлерін қарастырамыз.

Наши рекомендации