Бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу
1. ¥йымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қогамдастықты, трансулттық уйымдасқан топты, трансулттық қылмыстық үйымды, трансүлттық қылмыстық қогамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшін пайдаланылаты-нын көрінеу білетін адамның жеке тулгага не адамдар тобына не заңды тулгага ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке қуқықты немесе мүліктік сипаттагы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйга тартуы, айырбастауы, қайырмалдыгы, демеушілік және ңайырымдылық көмегі, аңпараттың және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылың қызметтер көрсетуі -
2.Қылмыстық топқа қатысушының мүлікті сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзірлеуі -
3. Осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коммерциялық немесе өзге ұйымда басңару функцияларын орындайтын адам не қогамдық бірлестік лидері жасаган іс-әрекеттер -
Ескерту.
Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асырған және бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық объектісі - қоғамдьщ қауіпсіздікті реттейтін катынастарға қол сүғу.
Объективтік жағынан қылмыстық құқык бүзушылық үйымдасқан топты, қылмыстық үйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансүлттық ұйымдасқан топты, трансүлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке түлғаға не адамдар тобына не занды түлғаға ақшаны жэне (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушілік жэне қайырымдылық көмегі, ақпараттық жэне өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі - арқылы белсенді эрекеттермен жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен іске асырылады. Өйткені баптың диспозициясында көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға, адамдар тобына не заңды түлғаға эртүрлі көмек көрсетуі деп тікелей көрсетілген.
Қылмыстың субъектісі 266-баптың 1, 2-бөліктері бойынша 16-ға толған есі дұрыс адам.
Қылмыстық топқа қатысушының мүлікті сақтауы, бөлуі, сондай-ақ қаржыландыру арналарын эзірлеуі үшін жауаптылық 266-баптың 2-бөлігінде көрсетілген.
Осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коммерциялық немесе өзге үйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері жасаған іс-эрекеттер үшін котеріңкі қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 266-бабының 3-болігінде көзделген.
Бү_л жерде қылмыстық құқык бүзушылық субъектісі арнаулы — лауазымды адам, коммерциялық ү_йым басшысы немесе қоғамдық бірлестік лидері.
Осы бапта корсетілген ескертуте сэйкес:
Қылмыстық топтың эрекетін қаржыландыруды күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асырған жэне Бұл туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бап. Заңсыз әскерилендірілген құралымды уйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендірілген қүралымды ңұру, сол сияқты осындай ңуралымга басшылың
2. Заңсыз әскерилендірілген құралымга қатысу -
Ескерту.
Заңсыз әскерилендірілген қуралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық кодекстің 267-бабында: «Заңсыз эскерилендірілген құрама (бірлес-тік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны» үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың жауаптылық белгіленген. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — заңмен белгіленген эскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық кү-қық бұзушылыктың объективтік жағынан мынадай белгілермен си-патталады: а) эскерилендірілген кү_рама кұру жэне баскару; б) құраманың қарулануы; в) мұндай кураманы құрудың заңға негізделмеуі.
Әскерилендірілген кұрама деп атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.
Құраманы кұру деп оған адамдар тарту, оларды кдруды қолдануға үйрету, қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау эрекеттерін айтамыз. Заңсыз эскерилендірілген құрамға — оның Қазақстан Республикасының заңына қайшы, оған негізделмей құрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған қатысушылардың қызметін бөліп беру, эскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-эрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспар-лау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жағынан формальдық. Қылмыстық құқық бұзушылық заңсыз эскерилендірілген қү_раманы - бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты кү-ру эрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен жасалады. Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 267-бабының 2-тармағында заңсыз эскерилендірілген құрамаға - бірлестікке, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысқаны үшін жауаптылық бел-гіленген. Бұл жерде қатысу деп эскери құраманы қү_рмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың катардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.
Осы баптың ескертуіне сэйкес: заңсыз эскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен эскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Бап. Бандитизм
1.Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандага) басшылық ету -
2.Тұрақты қарулы топқа (бандага) немесе ол жасап жүрген шабуылдарга қатысу -
3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -
Бандитизм - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды қү_рылымы жөнінен тү_рақты, қаруланған топ болып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.
Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше эрекеттердің жиынтығы бойынша сипатта-лады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында түрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп, азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында кү-рылған қаруланған, түрақты топты айтамыз.
Банданы қү_ру деп бандыны жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Банданы құрушы, эдетте, оның ұйымдастырушысы болып табы-лады.
Банданың түрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-эрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі аркылы анықталады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-эрекет деп айтамыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ак эр түрлі жарылғыш қүралдары да жатады.
Бандитизм қүрамы қүрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (банданы) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан, бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.
Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-эрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді тандап алу, шабуыл-ды жүзеге асыратын тэсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен «тэрбиелік» сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жэбірленушілер мен куэлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру эрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нэтижеге жету үшін бандалық топтың жэбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз.
Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян кел-тірілуі орын алса, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 268-бабында көрсетілген эрекеттерді істейтінін сезеді жэне оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - эр түрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет. Қылмыс қү_рамының субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы мақсат азаматгарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, эйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 268-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.
Бтдага цатысу деп - олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бір-ге банданы қаржыландыру, карумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.
Шабуылга цатысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық нэтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 268-бабының 3-тармағы бандитизм эрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгілеген. Мүлдай эрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жетік білетін полиция қызметкерлері, эскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (268-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі - лауазым адамдары (ҚК-тің 3-бабының 26-тармағы), коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тің 3-бабының 19-тармағы).