Халықтық» («Үлгілі») атақтары бар ұжымдар саны, шараларға қатысуы, алған және қорғалған жылдары.
Темір аудандық мәдениет үйі мен оған қарасты ауылдық, қалалық мәдени ошақтарда 8 «Халықтық» және 3 «Үлгілі» атағы бар ұжым бар. Барлық атағы бар ұжымдар саны- 11.
Алғашқы атақты қорғаған ұжымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің №175 23.12.2009жылы бұйрығына сәйкес Кеңкияқ Мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақбота» қуыршақ театры «Үлгілі», аудандық мәдениет үйінен құрылған «Гүлсана» жанұялық ансамблі «Халықтық», Темір қалалық Мәдениет үйінен «Гүлдариға» ВИА ансамбліне «Халықтық» атақтары берілді.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің №155 21.11.2011ж бұйрығына сәйкес Темір қалалық «Шаттық» би тобы «Үлгілі», Қопа клубынан «Байдішевтар» жанұялық ансамблі «Халықтық», Аудандық мәдениет үйінен «Алтынай» би тобы «Үлгілі», балалар саз мектебі жанынан құрылған «Ару аналар» әжелер хоры «Халықтық», мәдениет үйі жанынан құрылған Тажіғұловтардың «Гүлжазира» отбасылық ансамблі «Халықтық», Ақсай мәдениет үйі жанынан құрылған «Айдай әжелер» әжелер хоры «Халықтық» атақты қорғады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіның №87 28.03.2016ж бұйрығына сәйкесАудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жасұлан» отбасылық ансамблі «Халықтық», Кеңкияқ мәдениет үйі жанынан құрылған «Нұрсұлу» би ұжымына «Халықтық» атақ беріледі.
Осы бұйрықпен жоғарыда көрсетілген 6-халықтық атағы бар ұжым және 3 Үлгілі атағы бар ұжымдар қайта қорғалды.
Атағы бар ұжымдар жыл басында бекітіліп берілген жоспар бойынша мәдени шараларға қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.Репертуарларын жаңартып отырады.
Атап айтар болсақ балалар саз мектебі жанынан құрылған «Ару аналар» «Халықтық» әжелер хоры, жетекшісі Ықыласова Жанар, ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында елді-мекендерде өз өнерлерін көрсетті. Олардың орындаған халық әндері «Абай көк», «Қалқа», өзге халық әні «Ах, Самара-жас қала», халық әні «Маусымжан» көрермендер үлкен қошеметпен қабылдады.
«Гүлжазира» жанұялық ансамблінің жетекшісі Гүлнар Тәжіғұлова аудан орталығында өздерінің есептік концертін берді.
Концерттік бағдарламалар
Біржан салдың әні «Жонып алды» Гүлнардың орындауында
Халық әні «Ахау керім» Гүлзамира Тәжіғұлованың орындауында, Естайдың әні «Ақтөбем» Камалияров Рахымның орындауында, Нұржауғанның термесі «Қанекей тілім сөйлеші» т.б әндер шырқалып тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдени шара ұйымдастырылды.
«Гүлсана» халықтық ансамблі де әр өткізілген мәдени шарада өз үлестерін қосуда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында барлық мәдени шараға жанұясымен қатар ат салысып келеді. Олар орындаған репертуарлар: 1. Ғ.Темірхановатың «Ата-ана парызы» орындаған ансамбль
2. С.Айтжановтың «Жан жарым» орындаған дуэт
3. «Бақытты баламыз» орындаған дуэт
4. «Бір үйдің баласындай» орындаған ансамбль
Қопа клубынан «Байдішевтар» отбасылық ансамблі 25-елді мекенге өз өнерлерін тарту етті. Олардың орындаған әндерінің ішінде халықтың көңілінен шыққан әндер: 1. «Қазақстаным алға» дуэт
2. А.Қоразбаевтың «Елге тілек» орындаған ансамбль
3. «Әсем ән» орындаған ансамбль
4.Ұ.Жолдасовтың «Кел, ауылға» дуэт
Кеңкияқ мәдениет үйіндегі «Ақбота» үлгілі қуыршақ театры елді мекендерді аралап бүлдіршіндерге «Шалқан», «Үйшік», «Мақта қыз бен мысық» және т.б қойылымдармен көрермендердің қызығушылығын арттырды. Облыстық «Жас дәурен-2016» жастар мен студенттер фестивалінде театр шығармашылығы бойынша «Ақбота» қуыршақ театры ІІІ-орынды иеленді.
Темір қалалық клубынан «Шаттық» бишілер тобы жетекшісі Тәжіғали Анар жаз бойы жоспарланған мәдени шараларға бишілерін қатыстырды. Олардың билеген билері: «Латын Американдық», «Рок-н-ролл», «Қазақ биі», «Үнді биі» көрермендердің көңілінен шықты.
«Алтынай» бишілер тобы ауыл аймақты түгелімен аралап, «Туған жерім-Нұрлы елім» облыста өткен аудан күндерінде өз өнерлерін көрсетті. Олардың орындаған билері: «Қазақ биі», «Ата толғау», «Құстар биі», «Орыс биі» т.б
Ақсай мәдениет үйінің «Айдай әжелер» әжелер хоры аудан орталығында өздерінің есептік концертін ұсынды. Олар орындаған халық әні «Құрбым-ай», «Қарағым-ай», «Дедім-ай ау», Ш.Қалдаяқовтың әндерінен попури т.б көрермендердің көңілінен шықты.
2016 жылы қорғалған «Жасұлан» Аяповтардың отбасылық ансамблі де мәдениет үйінде ұйымдастырылған барлық шараларға қатысады. Олардың орындаған әндері: «Әке-ана» дуэті, «Болат Рахметтің «Сәулем-ай» әні, Болат Жасұланның «Әліппе» әні, ансамбльдің орындауында Болат Аяповтың сөзіне жазылған Жанболат Аяповтың «Тәуелсіздік» әні Жанболаттың өзінің орындауында, Ақпан Керейұлының «Жайық деген жанды су», Аяповтар отбасының орындауында «Аяповтар отбасы» әні, әні мен сөзін жазған Болат Аяпов.
Кеңкияқ мәдениет үйінің «Нұрсұлу» Халықтық ансамблі де жоспарлы мәдени шарада өз өнерлерімен үлес қосып келеді. Олардың орындаған билері: қазақ биі «Наркескен», «Тәжік биі», «Орыс биі», «Шығыс биі» т.б билері көрерменнің көңілінен шығып жүр.
Темір қалалық клубының «Гүлдариға» ВИА ансамблі да облыстық, аудандық байқауларға қатысып өнер көрсетіп келеді. Жетекшісі М.Құбатаев, репертуарларын жаңартып отырады. Б.Тәжібаевтың «Туған ел» әнін орындаған ансамбль, А.Сандыбаевтың «Қимаймын сені» орындаған ансамбль, Ш.Санаевтың «Темір вальсі», «Жыр жазамын жүрегіммен» орындаған Рысман Болатов.
Директор Г.Қалиева