Бюджет тепе-теңдігі экономикалық жағдайдың сипаты ретінде

Бюджеттік реттеудің отандық практикасында реттеу механизіміне бюжеттік субвенциялар мен бюджеттік алынымдар жатады және олар жалпы сипаттағы трансферттер б.т.Траснферттер бұл қайтарусыз және өтеусіз негізінде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік ретту ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен басқа деңгейдің бюджеттеріне бөлінетін қаражаттар. Бюджеттік субвенциялар жоғарғы бюджеттеррден төмен бюджеттерге респуб немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер б.т. Бюджеттік алынымдар респуб немесе облыст бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансфертттері б.т. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге: республикалық бюджет пен облыстық, респуб маңызы бар қала, астана бюджет арасында –Қ.Р заңымен Облыстық бюджет пен аудандар бюджеттерінің арасында – облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.

Бюджеттік сыныптама.Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларының жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесу салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік үдеріс бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, бағдарламалар мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің теңдестірілімдігіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады. Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданумен басқарудың жоғары оралымдылыққа жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан – жақты анық және атаулы жүйелерге мүмкіндік жасайды. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптама қолданылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама өзіне бюджеттік түсімдердің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларын кіріктіреді. Бюджеттік түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшектеу ретінде сипаттайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсетілетін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді.

Билет

Наши рекомендации