Тұндырғылар туралы жалпы мәліметтер.
1.Тұндырғылар туралы жалпы түсінік. Су ағысы қалқыма тасындылармен қаныққан күйінде су алғыш құрылымдар арқылы каналға түседі, бұл судың лайлығы өзен суының лайлығына пара-пар. Каналдағы су ағысының жылдамдағы өзендегі ағыс жылдамдығынан аздау болғандықтан, қалқыма тасындылар каналға шөге бастайды. Осы себепті, каналға тасындыларды жібермеу үшін, каналдың бас жағына тұндырғы салады. Тұндырғы - өлшемдері үлкен құрылым, көлемі үлкен құрылымға кіргенде судың жылдамдығы күрт азайып, тасындылар төменге шөгіп, су тұнып, мөлдірленеді. Осыған байланысты, тұндырғының атқаратын міндеті - суды тұндырып, каналға лайлығы аз, каналдағы ағыс жылдамдығы қалған қалқыма тасындыларды жүзген күйінде тасымалдау мүмкіндігінде ие болуын қамтама сыз ету. Өзеннен су алған жерлерге жақын орналасқан тұндырғыларды бас тұндырғылар, ал су алғыш құрылымдардан алыс орналасқан, магистралды немесе ішкі шаруашылық каналдарында орналасқандарын - ішкі жүйелік тұндырғылар деп атайды.
2. Суды көп баспалдақты тұндыру, мөлдірлеу. Магистралды каналдарда су ағысының жалдамдығы жоғары, осыған байланысты су ағысының тасындыларды тасмалдау мүмкінідігі жоғары. Ал магистралды каналдардан су алатын ішкі шаруашылық каналдарында су ағысының жылдамдығы төмендеу, осыған байланысты ағыстың тасындыларды тасымалдау мүмкіндігі де аздау. Ішкі шаруашылық каналдарында судың лайлыға шекті мәнінен көптеу болады да, тасындылардың біраз бөлігі осы каналдарға шөгеді, бұл жағдай канадың су өткізу мүмкіндігінің азайуына әкеліп соғады.Ішкі шаруашылық каналдарында тұнба шөгіп, қайырлануына жол бермеу үшін тұндырудың екінші баспалдағын пайдаланады, ол үшін ішкі шаруашылық тұндырғыларын орнатады. Бұл тұндырғылардың атқаратын міндеті, ішкі шаруашылық каналдары тасымалдай алмайтын тұнбаларды тұндыру. Кей кезде, тұндырудың үшінші баспалдағын қолдану да қарастырылуы мүмкін, егістікке су беретін каналдардың да алдына тұндырғы салынуы мүмкін. Бұл көп баспалдақты түрде суды тұндыру тәсілі- каналдардың тұнбамен қайырлануына жол бермеуге және тұнбаның суармалы жерге түсуіне жол бермейді.
Канал жұмысын талдау және зертеу нәтижелері көрсеткені: суғару жүйелерінің арықтарында, жүйектерінде бір м3 сумен 1,5 кг –дейін қалқыма тасындылар тасымалдануы мүмкін.
3. Тұндырғыларда тасындылардың шөгу жағдайлары. Қалқыма тасындылардың тұндырғыға шөгу сипаттамасына қарай екі есептеу схемасын бөліп көрсетуге болады. Бірінші схема бойынша тұндырғыда есепті фракциялардың шөгуі қарастырылса, екінші схемада – каналдан тұндырғығы түсетін су лайлығын тұндырғыдан кейінгі каналдың тасындыларды тасымалдау мүмкіндігіне дейін азайту көзделеді. Егер ағын су тұндырғыдан кейінгі канал тасымалдай алмайтын ірі қалқыма тасындылармен қаныққан болса, немесе су турбиналарының қалақшаларын үйкеп, тоздыратын тасындылар болса, онда тұндырғының атқаратын міндеті, осы тасындыларды камерасында шөктіріп, каналға жібермеу. Бірінші схема бойынша тұндырғыны есептегенде, тұндыруға жататын қалқыма тасындылар диаметірін қабылдап, осыған байланысты тұндырғының өлшемдерін табады. Бұл схема бойынша тұндырғыда тасындылардың есепті фракциялары және одан ірі фракцияларының бәрі тұнады, сонымен қатар диаметірі есепті фракциядан азы да аздап шөгеді.
Бірінші есептік схемаға сәйкес келетін тұндырғылардың конструкцияларын таулы және тау етектеріндегі аймақтардағы су алғыш құрылымдар құрамында кеңінен қолданады. Мұндай тұндырғылар алдымен су электрстанцияларының деривациялық каналдарында қолданып, соңынан басқа тұтынушылар үшін де салына бастады.
Екінші есептік схема бойынша, қалқыма тасындылардың бәрі майда фракциядан тұрады және тұндырғыға келетін судың лайлығы тұндырғыдан су алып кететін каналдың тасынды тасымалдау мүмкіндігінен әлде қайда көп деп қадылданады. Мұндай тұндырғыны есептеу мақсаты, лайлығы артық тасындыларды шөктіруге қажет тұндырғы өлшемдерін табу болып келеді. Қалқыма тасындылардың майда фракциясын шөктіруге арналған тұндырғылар ирригациялық деп аталады, бұларды фракциалары майда тасындылар тасымалдайтын өзендердің бас жағына салады. Кейде ирригациялық тұндырғыларды тұндырудың екініші баспалдағы ретінде, ішкі жүйелік каналдарға да салады.