ВОПРОС: Біріңғай экономикалық кеңістік және ҚР-ның бұл кеңістіктегі алар орны
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.
БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді.
2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.
2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі.
БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды. Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.
2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақаласы жарияланып, онда Еуразиялық экономикалық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері нанымды түрде бейнеленді.
ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың бастамасымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті.
Жақында жарық көрген «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь» деп аталатын кітапта тұңғыш рет құжаттық негізде іргелес Еуразия мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері қарастырылды және тиімді жұмыс істеп тұрған әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жобасының жүзеге асуының өзекті құралдарына айналған ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасып келе жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің дамуы талданды.
Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еуразиялық мемлекеттер одағын қалыптастыру идеясын ұсынып, мұндай интеграциялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес мемлекеттердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қатысуымен осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия жобасының табысты болуын қамтамасыз етті. Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді. Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген. Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды. ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады.2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған.