Кейсті талдаудың негізгі жолы
Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қаржы академиясы» АҚ
Банк ісі» пәні бойынша
Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтары
Астана-2016 ж.
Келесі ережелерді ескере отырып, пәнді иерген жөн:
Дәрістер:оқу сабағының нысаны, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.
Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.
Тәжірибелік сабақтар- жаңалықтарды үйренуге және оқиғалардың бірқалыптылығын дамытуға арналған оқу сабақтарының формасының бірі, сонымен қатар студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.
Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.
Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.
Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:
1) Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;
2) Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;
3) Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;
4) Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.
Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:
- кіріспеден;
- негізгі мәтіннен;
- қорытындыдан;
- пайдаланылған әдебиеттен.
Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:
- тақырып таңдау;
- әдебиет таңдау және оқу;
- мәнжазба жоспарын құру;
- нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;
- мәнжазба жазу;
- мәнжазбаны қорғау.
Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.
Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.
Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:
1) титулдық бет;
2) жұмыс жоспары мен атауы;
3) кіріспе;
4) негізгі мәтін;
5) қорытынды;
6) әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.
Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.
Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.
Кейсті талдаудың негізгі жолы
Оқытудың бастапқы кезеңі кейс материалын қысқаша шолуда қорытындыланады. Студенттерге бір сөзді бөліп алып, «Не өтіп жатыр» деген жалпы сұрақ қойылуы керек. Одан кейін, оқылған материал туралы әсер, белгілі бір тұжырымдамаға қатынасы, көзқарастың өзгеру мүмкіндігі айқындалуы тиіс. Соңында оқытушы мен студент қорытынды жасайды.
Оқытудың жылжытылған кезеңі даму жағдайы және уақытша контексті есепке алып, сапалы өзгерістерді зерделей отырып, қызметтің зерделеу тәжірибесін, терең талдаудың өткізілуін қосады. Студенттер шеттегі бақылаушылардың пікірін бағалай білуі, статистикалық әдісті талдау кезінде пайдалана білуі, логика түзілімін құра білуі, сандарға сын көзімен қарай білуі, өзінің өмір тәжірибесін пайдалана білуі керек, сондай-ақ, түйінді тұжырымдау мен талдау кезінде өзіне «Ал, егер, былай болса ше...?» деген сұрақ қойғаны жөн.
Кейсті талдау кезінде оқытушылармен пайдаланылатын мынандай жолдар бар: берілетін сұрақтар, өткен сабақтың тәжірибесі, шынайы сұрақ, оқиғалар тізбегіэ сыртқы және ішкі аудит, кеңесшінің ақылы, «көңілі толмаған жеке адамның» пікірі.