Техникалық құрылғылардың сенімділігін арттыру әдістері
Статикалық анализге сүйене отырып техникалық қондырғылардың сенімділігін келесі шарттан табады:
Р(t)= PР.К(t)·РТ(t)·Pэк(t) (6.123)
мұнда, PР.К(t)- есептеу-конструкторлық қателіктермен шартталған ВБР; - технологиялық қателіктерден ВБР; Pэк(t)- пайдалану шарттарынан ВБР; PР.К(t)·РТ(t) – бастапқы істен шықпағыштығы.
Есептеу-конструкторлық жұмыстары кезеңінде сенімділікті арттырудың негізгі әдістеріне келесілер жатады:
- құрылымын қарапайымдандыру және оңтайландыру;
- құрылымындаудың модульді- блокты әдісін қолдану;
- стандартталған және бірізділенген бұйым түйіндерін кең қолданылу;
- сенімділігі жоғарылатылған элементтерді қолдану;
- асқындықты (резервтеуді) енгізу;
- істен шығулар физикасын және материалдар қасиеттерін білу;
- техникалық құжаттардың сапасын жоғарлату;
- сенімділікке есептеулерді жүргіззу;
- жоғары жөндеуге жарамдылықты қамтамасыз ету.
Құрылымдау кезеңінде машиналар мен агрегаттардың сенімділікке жұмыс істеуінің негізі ретінде қажет етілетін (тағайындалған, кепілдік берілген) атқаратын жұмыс көлемі Ттр, ресурс немесе қызметмерзімі алынуы тиіс. Қажет етілетін атқаратын жұмыс көлеміне немесе ресурсына тәуелді конструкторлар материалдарды, бұйымның құрылымдық орындалуын, өлшемдерін, технологиялық процестерді, техникалық күтім жасау және жөндеу жүйелерінжобаланатын нысан үшін осы нормалар қамтамасыз етілетіндеу қылып таңдайды.
Бұл кезеңде берілген деңгейде сенімділікті қамтамасыз етудің әдістері болып табылатындар: резервтеуді енгізу, беріктілік қорын негіздеу, істен шығуларды және істен шығар алдындағы күйін анықтау үшін құрылымына диагностикалаудың технмкалық құралдарын енгізу, өлшемдік тізбектерді есептеу және өлшемдер мен параметрлерге ауытқуларды негіздеу, жағар майларды таңдау, жөндеу және пайдалану технологиялығын қамтамасыз ету, сенімділікке сынаулар мен есептеулер жүргізу, шаршаулық беріктігі жоғары материалдарды таңдау жолымен құрылым жүйелері элементтерінің шаршауға беріктігін арттыру, құрылымдық кернеу шоғырланғыштарды жою, сондай-ақ құрылым беттерінің өңделу тазалығын жақсарту және қайталау-циклдік жүктелу деңгейін төмендететін құрылымдық жаңалықтар енгізу, қоспаланатын элементтер құрамы мен олардың пропорциясын өзгерту жолымен құрылымдық элементтер материалдарын жетілдіру есебінен жүйе элементтерінің беріктігі ұзақтығын арттыру, үйкелістің, үйкелісетін материалдардың және жағармайлардың сыртқы шарттырын өзгерту жолымен тозуға төзімділігін арттыру және тозуға қарсы диффузиялық қаптауларды қолдану.
Сенімділікті арттырудың технологиялық әдістері болып келесілер табылады:
- жартылай фабрикаттардың, материалдардың, құрамдас бұйымдарды бақылау;
- технологиялық процесстің жетілдірілуі;
- технологиялық процессті және технологиялық қондырғыны бақылау;
- дайындаудан кейін бұйымды толықтай бақылау;
- тасымалдаудың және қаптаудың жаңа заманғы әдістері;
- детальдардың беткі қабатын тығыздау
Сенімділікті арттырудың эксплуатациялық әдістері болып келесілер табылады:
- эксплуатацияға бұйымды ендіру кезінде приработка;
- эксплуатация шарттарын оптимизациялау;
- бас тартуларды іздеудің оптимизациясы;
- бас тартулар туралы статикалық мәліметтерді жинау;
- бас тартуларды болжамдау- параметрлік бас тартуларды;
- диагностика;
- қосымша бөліктермен қамтамасыз ету;
- техникалық қызмет көрсетудің көлемі мен жиелігін анықтау;
- кепілді қызмет көрсету;
- машинаның шекті күйінің дұрыс тағайындалуы.
6.16-кесте УБН-600-1 және УНБТ-950 сораптарының ауыстыру бөлшектері мен гидроблогінің істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы | ||||||||||||
Ауыстыру бөлшегі немесе гидроблок 1-ші немесе 2-ші нұсқамен есептеу кезінде | Ауыстыру бөлшектерінің және гидроблоктың атқаратын жұмыс көлемі кезінде (сағ) істен шықпай жұмыс істеуінің ықтималдылығы сағ. | |||||||||||
0,0 | ||||||||||||
Ауыстыру бөлшегі: Р1(t)-клапан Р2(t)- төлке Р3(t)- поршень Р4(t)- шток Р5(t)-штоктың тығыздауышы Р6(t)-диафрагма | 0,999 0,999 0,999 0,999 0,999 0,999 | 0,998 0,998 0,996 0,998 0,997 0,999 | 0,993 0,996 0,989 0,996 0,986 0,998 | 0,992 0,989 0,905 0,989 0,951 0,998 | 0,982 0,997 0,745 0,977 0,865 0,997 | 0,964 0,951 0,500 0,951 0,711 0,995 | 0,933 0,905 0,255 0,905 0,500 0,993 | 0,885 0,841 0,094 0,841 0,289 0,990 | 0,794 0,745 0,022 0,745 0,135 0,986 | 0,714 0,624 0,003 0,624 0,048 0,980 | 0,605 0,500 0,000 0,500 0,013 0,974 | 0,494 0,376 0,000 0,376 0,002 0,964 |
Сораптың гидравликалық блогы: Есептеудің бірінші нұсқасы: УНБ-600-1 УНБТ-950 Есептеудің екінші нұсқасы: УНБ-600-1 УНБТ-950 | 0,992 0,994 0,995 0,997 | 0,972 0,977 0,986 0,993 | 0,887 0,918 0,938 0,959 | 0,667 0,685 0,883 0,896 | 0,327 0,346 0,614 0,729 | 0,069 0,086 0,308 0,480 | 0,006 0,005 0,097 0,236 | 0,0001 2,37 10-4 0,017 0,082 | 4,5 10-7 1,19 10-6 - - | 3,6 10-10 1,88 10-13 - - | 4,26 10-14 | |
Гидроблоктың қайтарымсыз жұмыс істеу мүмкіндгі келесі мәндер бойынша анықталады: а)Есептеу сұлбасының бірінші нұсқасы: - екі поршенді насос үшін Р(t) = - үш поршенді насос үшін P(t)= б) есептеу сұлбасының екінші нұсқасы: - екі поршенді насос үшін Р(t)= P1(t) P3(t) P4(t) P5(t) P6(t) - үш поршенді насос үшін Р(t)= P1(t) P3(t) P6(t) |