Ауыспалы егіс аумағын орналастыру

Аыспалы егіс – егіншілік мәдениетінің белгілі бір деңгейінде олардың сапасын құнарлылығы бойынша салыстырмалы бағалау болып табылады. Топырақты бонитеттеудің міндеті – ауыл шаруашылық дақылдарын егуге барынша қолайлы жерлерді айқындау, яғни топырақтың сапасына баға беру.

Топырақты бағалау – жерді кешенді зерттеудің логикалық жалғасы болуымен қатар оны экономикалық тұрғыдан негіз болады.

Топырақты бонитеттеудің обьектісі – сапалы технологиялық топырақтың түрлері мен олардың топтары. Топырақты өңдеудің заты – топырқтың табиғи тұтынушылық қасиеттері немесе топырақтың өзіне тән табиғи қасиеттерімен агроөндірістік ерекшеліктерімен топырақтың өзі болып табылады.

Топырақты салыстырмалы бағалау ауылшаруашылық дақылдарының өсуімен дамуындағы бастапқы орын алатын обьективті белгілері мен қасиеттері негізінде жүргізіледі. Топырақ құнарлылығының деңгейіне барлық табиғи факторларының жиынтық жері ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінде байқалады. Бірақтан дақылдардың өнімділігі топырақтың сапасына ғана емесауылшаруашылық өндірісті жүргізудің экономикалық факторларына да, оның ішінде негізгі және айналымдағы қорлармен қамтамасыз ету, енгізілетін тыңайтқыш мөлшеріне де байланысты болады [11].

Топырақты бонитеттеуді жүргізу барысында диагностикалық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Осы жағдайда бонитеттеу нәтижелерінің қажетті обьективтілігіне жетуге болады. Диагностикалық белгілердің маңыздылары қарашірік қабатының қуаты, топырақтағы қарашіріктің проценттік құрамы, қарашірік, азот, фосфор, калий қоры, механикалық құрамы, қышқылдылығы және т.б. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігімен байланысатын диагностикалық белгілерді таңдау топырақ жамылғысын жан–жақты оқып үйрену, топырақтың жеке қасиеттерінің өнімділік көрсеткіштеріне әсерін анықтау негізінде жүргізіледі.

Байзақ» ӨК ауыспалы егістік танаптары

1-кесте

Ауыспалы егістіктер Танап Танап көлемі Механикалық құрамы 0-30см қабатындағы қарашіріктің орташа құрамы Қарашіріктің балы Түзету коэффициенті Қорытынды балл бонитеті
Тұздануға Механикалық құрамына Ылғалдылығына
1 – Ауыспалы егістік
І астық ауыспалы егістері 56,14 ЖС 1,16 0,2 0,80 0,7
54,6 С 1,40 0,4 0,65 0,7
40,22 С 1,38 0,4 0,65 0,7
76,57 С 1,27 0,7 0,65 0,7
57,07 ЖС 1,46 0,2 0,80 0,7
46,12 С 1,50 0,4 0,65 0,7
31,55 ЖС 1,46 0,4 0,80 0,7
66,02 С 1,41 0,4 0,65 0,7
  428,29              
Орташа салмақтанған бал: 9,7
2 – Ауыспалы егістік
ІІ астық ауыспалы егістері 62,17 ЖСд 1,46 0,4 0,90 0,7
55,50 ЖС 1,22 0,4 0,80 0,7
54,58 ЖС 1,41 0,4 0,80 0,7
60,55 ЖСд 1,39 0,7 0,90 0,7
52,92 С 1,20 0,7 0,65 0,7
50,83 ЖС 1,42 0,2 0,8 0,7
47,49 С 1,35 0,4 0,65 0,7
50,01 С 1,59 0,7 0,65 0,7
  434,05              
Орташа салмақтанған бал: 14,3
3 – Ауыспалы егістік
ІІІ астық ауыспалы егістері 62,06 С 1,77 0,7 0,65 0,7
51,31 С 1,68 0,4 0,65 0,7
44,42 С 1,65 0,4 0,65 0,7
45,57 ЖС 1,57 0,7 0,80 0,7
48,09 С 1,18 0,7 0,65 0,7
45,63 С 1,45 0,9 0,65 0,7
49,65 С 1,69 0,4 0,65 0,7
79,46 С 1,13 0,4 0,65 0,7
  426,19              
Орташа салмақтанған бал: 15,6
                       

Шаруашылықтың мамандануын талдау барысында нақты қорытындылар нормативтермен салыстырылады және нормативтен ауытқуына байланысты ауылшаруашылық кәсіпорынның мамандау қорытындыларын талқылайды. (оның құрылымдық бөлімшелерінің саласы, бригадалары, звенолары және тағы басқа)

Сонымен қатар танап өнімділігі бағаланады, бұндай тәсіл өндірістің мамандануын талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жер үшін төлем топырақ әртүрлігіне байланысты бонитет балы бағасы бойынша анықталады (Б1... Бп)және бұл әртүрлі топырақ алып жатқан ауданы ескеріледі, (Р1... Рп) Б1... Б2.. шаруашылық бойынша берілген топырақ агро тобының балы.Р1, Р2,...Рп - шаруашылықбойынша берілген топырақ агро тобының көлемі.

Содан кейін бонитет балы бойынша сол немесе басқа топырақ әртүрлілігінің жер салығының ставкасы анықталады. Осыдан кейін танап, бригада және шаруа қожалыққа жер салығының жалпы сомасы шаруашылықта бар барлық топырақ бойынша алынған салықты қарапайым қосу арқылы анықтайды.

Наши рекомендации