Араханидтер мемлекеті: оның этносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
Саяси тарихыҚарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.
955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:990 ж –Тараз, Исфиджаб992 ж –Хотан ,Бұхар999 ж –Саманилер мемлекетіXI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.
Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),
Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы. Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)Хасан(Харун) Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді:Шығыс хандық.Тереториясы-Жетісу ,Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн.Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.Батыс хандық . Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігілж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын- шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын-Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі. Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін. XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Қарахан дәуіріндегі мәдениетҚарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар.Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей (Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.
Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сән ж\е қосалқы өнерінің кейбір салдары дамыды.Мысалы, бедерлеу,кесу,жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары.Алматыда тараз моншасы. Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары т.б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән ж\е қосалқы өнердің даму кезеңін көрсетеді.
2.Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді. Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді. 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді: әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы; кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.); сот функциясы (уездік соттарды бекітті).
Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының тууына байланысты тек. 1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді. Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды. Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты: уездік соттар, әскери-сот комиссиялары, облыстық басқарма және үкімет сенаты.
Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді. Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді. Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды. Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды. Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды: бітістіруші судьялар; облыстық соттар; жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.
1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады. Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот → Сенат).
3. 1946-1970 ж республикада ғылым әдебиет,өнер саласының дамуы.1947ж қараша –«Қазақ КСР-де жоғары ж/е орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы Қаулы қабылданды. Нәтижесі – республикаға орталықтан мамандар жіберілді. Жергілікті жастарды орталықтардағы жоғарғы оқу орындарына түсуге көбірек жіберді.Интернат жүйесі қалыптасты.1950ж-ы білім беру жүйесінде маңызды шаралар іске асырылды. Міндетті түрде білім алуға ж/е облыс орталықтары, өнеркәсіпті қалаларда онжылдық білім алуға көшу. Кешкі ж/е сырттай оқитын мектептер ашу.1950ж 9088 мектепте 1 млн 493 мың оқушы оқыды. Кемшіліктері- оқу бөлмелері жетіспеді. Оқулықтар жеткіліксіз болды. Оқушылар саны аз болды.1947ж М. Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы аяқталды. 1949ж Әуезовке «Абай» романы үшін 1 дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. 1947 ж 14 наурыз Қазақ-н Компартиясы ОК-ң «Тарихты,әдебиетті,өнерді,зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету тур.» Қаулы қабылданды. 1947ж 21 қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл ж/е әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер тур.» Қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі,әсіресе 19 ғ рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Қазақс-да «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Ермұхан Бекмаханов 1943ж шыққан « Қазақ ССР тарихы» еңбегінің авторларының бірі.1946ж Е.Бекмаханов КСРО Ғылым Академиясында докторлық диссертация қорғайды. 1947ж «19 ғ 20-40 ж Қаз-н» деген жеке монографиясы шықты.1946 ж маусым Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.Тұңғыш президенті-Қ.И.Сатпаев. Биология,медицина,геология саласындағы ғылымдарға «космополит» айыбы тағылып,қызмет орындарынан қуылды.1950 ж соңы Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі,16 институт,13 сектор,2 музей,обсерватория,3 ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды.500-ге жуық аспирант оқыды
Билет
Қимақ мемілекеті:этносаяси тарихы , шаруашылығы , мәдениеті .XI ғасырдың екіеш жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енген . олардың ішіндег ең ірі әрі ықпалдысы-қыпшақтар. Қимақтардың тустас тайпасы-құмандар. Қимақтардың мемілекеттік құрлымы туралы алғашқы мәліметтер IX-Xғасырлардағы арап деректерінде кездеседі (Әл-Якуби 9 Ғ Жеке тайпанің көсемі-Шад-Түтік. Қаған ел басқару ісінде әскерйи шонжарға арқа сұйеді. Мемлекетте салық жинау жұйесі болды. Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтар 16 қала болғаны, 12-іс Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазады.X ғасырға қарай қағаннаттің әлсірей бастакының себебі- үлыс басшыларының үлкен териториаға ие болғаннан кейінгі жеке билікке
үмтылуы.Шаруашылығы :Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы Мәдениеті;Бал-бал тастар, тас келншектер , қол тиірмендер ,үккіштер , темір орақ , зираттарынан табылған қүрал –саимандар, қару- жарақтармен қатар қол өнер бұйымдарда көптеп кезігеді. қыпшақтар:(IX-XIғғ):этносаяси тарихы.Этносаяаси тарихы:қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетілді. XI ғасырдың екінші ширегінде “Оғыз даласының ”орнына “Дешті Қыпшақ” атауы паида болды . Дешті -Қыпшақтың тарихы-географиалық аумағы –Ертістен Днестрге дейінгі жер.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында екіге бөлінді.Батыс Қыпшақ және Шығыс Қыпшақ..Билеушісі-хан.Билікке елбөрі руынан сайлады. Мемлекет екі бөлікке бөлінді∶ Оң қанат-орталығы Сарайшық;Сол қанат-орталығыСығанақ.Теңсіздіктің негізі-малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды.Малынан айырылған кедей жатақ деп аталған.Қыпшақтар-XI-XII ғасырларда саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы Әл-Омари(XIVғ.)жазған.Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрады.Шаруашылығымалшаруашылықегішілік.Мәдениеті:қалалардың қалыптасуы, қыш өндірісі , ұсталық , зерігерлік , тоқымашылық , шыны жасау , сұйек өңдеу , металлургияның даму , Жеті суда күміс заттарды шығару .
2, XIX ғ. – XX ғ. қонысаудару саясаты:,
19 ғас. 60-жылдарында крепостниктік құқығы жойылғанан кейін Ресей шаруаларының еркін жүріп тұруы мүмкін болған кезде, Дала өлкесінің жергілік өкімет орындары өз бетімен қоныс аудару проблемасына тап болды. Ресейдегі капиталистік қатынастардың жедел қарқынмен дамуы Қазақстан сияқты шет аймақтарда жергілікті шикізатқа негізделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашу, оларды азық-түлік тауарлары,мал, астық, өнімдерімен қамтамасыз ету үшінде бұл өңірлерге қосымша тұрғындарды көптеп жіберуді қажет етті. Қосып алған өлкенің халқын жаппай орыстандыру, осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де, патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясатының негізгі жоспарларына жатты. Әсіресе Қазақстанның Шығыс және Алтай аймағындағы бағалы және түсті металдардың өлшеусіз қоры, әсем де бай табиғаты, жерінің құнарлығы бұл өңірді жылдам және жаппай қоныстандыруға, тау-кен өндіріс орындарын неғұрлым көбейтуге жол ашты. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығының күйзеліп, мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтарды байырғы жерлерінен қуып, қолайсыз жерлеріге ығыстыру 19ғ. 2-ші жартысынан одан ары жалғастырылды.
Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-конағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті. Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысыншартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады: 1861—1885 жылдар; 1886—1905 жылдар; 1906—1917 жылдар.
1) Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Соныменқатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды.
2) Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті.
3) Барлық қоныс аударушылардың 56,2%-ы Ақмола облысына келуінен шаруалардың саны 6 есеге өсті. Халықтың жалпы санының өсуіне табиғи өсім емес, көші-қон қозғалысы күшті ықпалын тигізді. XIX ғасырдың соңында Украинадан ғана келгендердің рөлі арта түсті. 1906—1912 жылдары тек Украинадан барлығы 300 мың қоныс аударушылар келген. Жалпы алғанда, Қазақстан XX ғасыр басында көші-қон бойынша Сібір мен Қиыр Шығыстан кейінгі екінші орынға шықты
3, 60-шы ж. Барынша жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. 60-шы ж. Басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері біден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді. Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізуге зиянын тигізді, осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді көп жүргізді.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді мысалы Ақмола-Целиноград,ОҚО-Шымкент обл.,БҚО-Орал обл. болып өзгертілді. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан1964ж. Пленумы өтті.Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате түзіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-1965 ж. Қазақстанда халық шарушылығы кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық-республикалық министірліктер иен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Бұл ауыл шаруашылығын жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.КОКП-ның 1965ж қыркүйек айында өткен пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларын жетілдіру, жаңа техниканы енгізуге көңіл бөлінді.сонын нәтижесінде кәсіпорындар көрсеткіштері жоғарғы станцияларға айналды.Сөйтіп,8-ші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамыған кезеңі болды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех, зауыттар мен фабрикалар жарақтандырылды. Өнеркәсіптің энергетика, түсті мен қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі т.б. салалар ілгері басты.
Билет
Наймандардың, керейіттердің ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.