Ндірістік шығындар жайлы коцепциялар
Кіріспе
Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдардың расходын білдіреді. «Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.
Тұтынушының тауарды сатып алудағы мақсаты пайдалылық болса, өндірушінің мақсаты өндіріс шығындарын азайту. Шығындар ұсыныс көлеміне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан, өнімнің қандай көлемін өндіру керектігін анықтағау үшін фирма шығындарын талдауы керек.
Шығындарды зерттеу оның мәні мен түрлерін анықтап білу, өндіріс шығындарын азайту және пайданы көбейту, кәсіпорынның жалпы, орташа, шекті табыстарын есептеу тәсілдеріне көмектеседі.
ндірістік шығындар жайлы коцепциялар
Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратының көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай өлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталисттік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.
19 ғасырдың соңында бірнеше жаңа конепциялар пайда болды. Маржиналисттер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналисттік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теоиялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.