IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
Мақсаты:Мемлекеттің нысанының түрлеріне қарай бөліп олардың бір-бірінен айырмашылықтарын анықтап және біздің мемлекетіміз қай басқару нысанына, қай құрылым нысанына және саяси режиміне жататындығын көрсету.
Жоспар:
1.Мемлекет нысанының түсінігі.
2.Мемлекеттің басқару нысанының түрлері.
3.Мемлекеттің құрылымдық нысаны.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:монархия, конфедерация, тоталитария, федерация, республика, демократия, саяси режим.
Негізгі мазмұны:
Мемлекеттің мәні және тағайындалу түріне сәйкес мемлекет нысаны анықталады. Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалекти-калық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мә-дени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы ай-татын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрін- де өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Мемлекеттің нысаны үш элементтен сипаттайды: басқару нысаны, мемлекет-тік құрылыс нысаны және саяси режим.
Басқару нысаны деп сол немесе басқа мемлекетте биліктің жоғарғы ор-гандарын құру және ұйымдастырылу ұғынылады.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:
− мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғарғы
билікті бейнелейді;
− олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және
олардың арасындағы өзара әрекеттестікке тежемелік пен тепе-теңдік механизмі қолданыла ма;
− олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару
жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;
− жоғарғы биліктің төменгі тұрған органдармен халық үшін
ашықтық дәрежесі қандай.
Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді: Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адам-ның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Монархия екіге бөлінеді: шексіз (абсолюттік) және шектелген (конституция-лық) монархия.
Шексіз (абсолюттік) монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі соның қолында. Абсолюттік монархияның негізгі белгісі монархтың құзыретін шектейтін белгілі бір мемлекеттік орган-ның болмауы.
Шектелген (конституциялық) монархияда монарх билігі басқа бір ор-ганмен немесе заңмен шектеледі. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия кон-ституциялық монархия деп аталады. Конституциялық монархияның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік.
Парламенттік монархияда монархтың билігінің көрінісі тек символ ретінде болып келеді, заңды актілерді Парламент қабылдайды және формаль-ды түрде монарх қолын қояды. Үкімет монархтың алдында емес Парламент-тің алдында жауапты болып келеді.
Дуалистік монархияда монархқа атқару билігі берілген, яғни Үкіметті құру, оған жауапты министрлер мен лауазымды тұлғаларды тағайындау, оған вето және Парламенті тарату құқықтары берілген.
Республика – мемлекеттің ең жоғары билік органдарын халық немесе бүкіл ұлт өкілдері белгілі бір мерзімге сайлайтын мемлекеттік басқарудың нысаны. Республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік.
Президенттік республикада елдегі жоғарғы билік президенттің қолында болады. Ол Елбасы ретінде бүкіл халықтың тікелей дауыс беру (немесе) ерекше институт –референдум арқылы) негізінде сайланады. Биліктер бөлі-нісі жүйесінде ол билік тармағының бүкіл жүйесін үйлестіруші субъект бо-лып табылады.
Парламенттік республика жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді орындардың бірін Парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік мәселелерді шешеді. (В.Н. Хропанюк авторының «Теория госу-дарства и права» атты оқулығын қараңыз).
Мемлекеттік құрылыс нысаны мемлекеттің аумақтық құрылымынан, мемлекет және оның құрамдас бөліктерімен ара қатынасынан көрінеді. Мем-лекеттік құрылыс нысанына қарай: унитарлы, федеративтік, конфедерация болып келеді.
Унитарлық мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономды мемле-кеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік- аумақтық бөлі-ністерден тұратын мемлекет.
Федеративтік мемлекеттер –бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылым-дар кіретін одақтас мемлекеттер.
Конфедерация мемлекеті ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, эконо-микалық, дипломатиялық, этникалық және т.б.)құрылған мемлекеттер одағы. Алайда, конфедерацияға біріге отырып, мемлекеттер –оның мүшелері ішкі және сыртқы істерді толық дербес және тәуелсіз мемлекеттер болып қалады, өзінің егмендігін жоймайды. Конфедерацияның құрылуына себепкер болған белгілі бір міндетті шешуге бағытталған бір немесе бірнеше орган олардың барлығы үшін ортақ болып табылады.
Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері, құрал-дары және әдістерінің жүйесі ұғынылады. Мемлекеттің саяси құқықтық режиміне сәйкес оларды демократиялық және тоталитарлық деп бөлінеді.
Демократиялық режим нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде орнықтырылған.Онда конституализм идеялары, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет идеялары жүзеге асырылуда, халықтың пікірін ескеру бағдарға алынған. Мемлекет пайдаланып отырған басқарудың демократиялық әдіс-тері, реттеу және ықпал ету оның қызметіне бақылау жасауға, сондай-ақ мемлекет өмірінің негізгі мәселелері бойынша ұсыныстарымен тікелей шы-ғуға мүмкіндік алып отырған халықтың өзіне деген сенімін арттырады.
Демократиялық басқару билігінің белгілері:
− экономика саласындағы адамның бостандығы,
− адамның бостандығы мен құқығының толық қамтамасыз етілуі,
− халықтың мемлекетті толық бақылауы,
− аз ұлттардың құқығын, бостандығын, теңдігін сақтау,
− мемлекетті, қоғамды басқаруда демократиялық принциптерді
бұзбау,
− барлық бірлестіктерге, одақтарға бостандық беру,
− қатаң заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау,
− мемлекеттік аппараттың жұмысын құқылық бағытта жүргізу
Тоталитарлық мемлекеттерде коммунистік немесе нацистік партия сая-сатының бағытымен басқарылады.Мұнда халықтың құқықтары мен бостан-дықтары шектеледі,қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдырады.(Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» оқулы-ғын қараңыз).
Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- мемлекеттің бірлестіктерді толық бақылауға алуы,
- адамның бостандығына, құқығына шектеу қою,
- партияның диктатурасын орнату,
- қоғамдық, өмірді милитаризациялау,
- азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу,
- жеке адамдарды, бірлестіктерді қуғынға алу,
- бір адамға табынушылықты орнату,
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті жою,
- ұлтшылдықты, шовинистікті, расизмді дамытып, күшейту
Орытынды
Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элемент-теріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемле-кеттік құрылымның нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан прези-денттік тұтас республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәре-жеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық- демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық жүйе.