Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера – Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.

«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені – 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды.

Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.

(https://kk.wikipedia.org/.../Астана_Опера_(театр)

Тапсырма. Мәтінде берілген мәліметтерді тезис түрінде жазыңыздар.

Тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұхбат құрыңыздар.

Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры - student2.ru Менің қаламдағы (аулымдағы) театрлар.

Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры - student2.ru Біздің елден шыққан әртістер.

БӨЖ тапсырмалары (ХІІІ апта)

1. «Қазақстанның өнер жұлдыздары». Презентация дайындау.

Менің сүйікті кином» тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.

ОН ТӨРТІНШІ АПТА

Лттық мәдениет тамыры

Бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Айтыс өнері

Грамматика: Есімше. Қарсылықты мәнді құрылым.

Тапсырма. Басым сөздерді тыңдаңыздар.

Айтыс, поэзия, жанр, сөз сайысы, жыр жарысы, түркітілдес, зерттеушілер, бәдік айтысы, жануарлар айтысы, өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.

Тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Айтыс деген не?

2. Сізге айтыс өнері ұнай ма? Несімен?

3. Айтыс ақындарынан кімдерді білесіз?

4. Айтыста қандай мәселелер айтылады?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Айтыс

Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түркітілдес елдердің бірқатарында бар. Сондай-ақ ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында да кездеседі.

Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатыр. Айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туғанын дәл айту қиын болғанмен, айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе, бұл XIX ғ. кең етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

(https://kk.wikipedia.org/wiki/Айтыс)

Сөздік

айтыс – состязание акынов

ауыз әдебиеті – фольклор

тайпа – племя

түркітілдес елдер – тюркоязычные народы

зерттеуші – исследователь; изыскатель

ерте заманда – в давние времена

мазмұны– содержание

топшылау – предполагать; представлять

анық– ясно

дәріптеу – восхвалять; превозносить

етек жаю – развиваться; распространяться

Наши рекомендации