Сұрақ. Дәстүрлі іс жүргізуден электрондық құжат айналымына дейін:даму үрдістері
1970-1980 жылдары іс жүргізуде белсенді дамыған, құжаттармен қамтамасыздандыру аумағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер болып табылады. Дәл осы жылдары “құжатпен қамтамасыздандыру басқармасы тұжырымдамасының қалыптасуы ” және ”құжатпен қамтамасыздандыру басқармасының біртұтас мемлекеттік жүйесі” жобалары әзірленді. 1970-2000 жылдары басқару құжаттарының стандарттау және унификациялау жұмыстары дамыды және олар құжаттармен жұмыс жасайтын ұйымдарға және құжаттауға тікелей әсерін тигізді. Бағытталған, жүйелік зерттеулер құжаттану саласында теориялық және әдістемелік түрлері дамыды. Ең маңызды ереже, яғни, ”іс жүргізудегі біртұтас мемлекеттік жүйе” CCCР ғылым және техника комитетінің бұйрығымкен 1973 жылы қыркүйекте қабылданды. Қазақстандағы барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарынды), мекемелері мен ұйымдарында құжаттаудың және құжаттама басқарудың негізгі ережелері бекітілді. Нігеізгі ережелер барлық ұйымдарда ресми құжаттарды жасау және олрмен жұмыс істеуді ұйымдастыру, олардың ішіндде есептеу техникасы мен репрография құралдары жасайтын құжаттар үшін міндетті ортақ талаптарды белгілеп, ұйымдарда жасалатын құжаттардың құрамы, бірізделуі мен стандартталуы, ресми құжаттарды хаттауға қойылатын талаптар мен құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру ережелерңн бекітті.Осы он жыл ішінде ең алғаш рет іс жүргізудің кешенді жүйесі құрылды, алайда, өкінішке орай оның ресми атауы болмады. 1980 жылы СССР бас мұрағаты оның екінші редакциясын ”құжатпен қамтамасыздандыру басқарасының мемлекеттік жүйесін” қабылдады. Бұл жүйенің ережелері құжаттаудың барлық жүйелерін қолданды, сонымен қатар, тағы бір маңызды бағыт іс жүргізудегі унификация мен стандарттау және басқару құжаттарының рәсімделу ережелерінің құрылуы, 1970 жылдан бастап белсенді дами бастады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алады. 1998 жылы 22 желтоқсанда іс жүргізу мен мұрағат ісі тарихында алғашқы ҚР-ның ”Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар” Заңы қабылданды. Ақпарат технологияларының жедел дамуы мен жетілдірілуі ақпаратты тасушылардың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді.Нәтижесінде қағаз құжаттарымен қатар қолданысқа енген электрондық құжаттар және олармен жұмыстың жаңа бағыты электрондық құжат айналымы қалыптасты. Осы электрондық құжат айналымына қатысты Заң қабылданды. ҚР-ның Президентінің 2001 ж. 16 наурыздағы “ҚР-ның Ұлттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” № 573 жарлығына сәйкес және 2001-2003 жылдары арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекіткен ҚР Үкіметінің 2001 жылы 21 мамырдағы қаулысы бойынша электрондық құжат айналымы біріңғай жүйесінің бірінші кезегі әзірленді. Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәлімет жасауды қоса алғанда, электронды қүұжат айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталды.
27сурак. Орыс жазуы мен құжаттамасының пайда болуы?
Орыс тілінің шығу тарихын 2 кезенге бөлуге болады. Олар: ерте заманға (ХІ ғ дейін) және ерте заман (ХІ ғ қазіргіге дейін) деп бөлеміз. Ерте заманғы кезендерде ХІ ғ бастап шығыс славян тілдері дамыды. Ерте кезен даму тарихын келесідей бірнеше кезендерге бөліп қарастыруға болады.
1. шығыс славяндар ортақ тілі (көнеславян тілі – ХІ ғ дейін)
2. Жазудың пайда болған кезені (ХІ-ХІҮ ғ)
3. ұлы орыс тілі кезені (ХҮ-ХҮІ)
4. орыс тілінің ұлттық тілі (ХҮІІ-ХІХ ғ)
5. заманауи орыс тілі (Пушкиннан қазіргіге дейін)
Орыс тілі тарихын зерттеуде негізінен көне қолжазба ескерткіштері көмектеседі. Русьте хатқа жазу қашан пайда болғаны белгісіз, әлі толыққанды шешілген жоқ. Тарихшылардың пікірінше Русьте хат тану (письменность) христиан дінің қабылдағанна кейін, яғни Х ғасырда пайда болды деген тұжырымдама бар. (Алайда шығыс славяндардың еретеркте Русьтің христиан дініне кірместен бұрын оларда жазу әріптері болғандығы туралы айғақтайтын деректер табылды). Русь христиан дініне кіргеннен кейін қолжазбалар көне салвян тілдерінде жазылды (Византиядан Болгарияға әкелінді). Кейінірек көне орыс кітаптары көне славян әріптерінің негізінде жасалды, кейінрек орыстар оңтүстік славяндардан әліппе (азбука) алып, оны іс жүргізуге пайдаланды. Славяндарда сол кезде 2 жазу жолдары болды:
1. Глогалица
2. Кириллица
Глаголица – славянша (глаголати – сөйлеу) сөзінен шыққан.
Кириллица – оны славяндардың ағартушыларының бірі Кирилдің құрметіне арнап атады. Олар қазіргі Болгария жерінде ІХ ғасырда өмір сүрген. Ең алғашқы славян әріптерін ойлап тапқан.
Көне орыс қолжазба кітаптары - өнер туындысы, өте әдемі, шеберлікпен безендірілген.
31сурак 1920-1930 жылдардағы іс жүргізудің заңнамалық негіздерінің мазмұны мен сипатын ашыңыз?
Мемлекеттің кез келген даму кезеңінде іс жүргізу жүйесі мемлекеттік басқаруға тәуелді болғаны мәлім. Әрі қоғамдағы ірі саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар мемлекеттік басқару және мемлекеттік іс жүргізу салаларындағы қайта құрулармен тығыз байланысты болды.Бұл Қазақстанның XX ғ. 20-30 жылдарындағы мемлекеттік жүйенің даму тарихынан да анық байқалады. 1920 ж. Қазақстанда енгізілген кеңестік басқару институты мен мемлекеттік мекемелер жүйесі кеңестік үлгідегі мемлекеттіліктің негізін қалады. Осы үрдіспен қатарласа іс жүргізу формасы да өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік іс жүргізу бүкіл басқару жүйесін бекітті және оның буындары қызметінің нақты көрінісі бола алды. Іс жүргізу кеңестік орталық басқару органдарында, төменгі кеңес аппараттарында жеке дербес құрылым болып ұйымдастырылды. Онда іс жүргізумен айналысатын қызметкерлер тобы –шенеуніктер пайда болды. Құжат олар үшін кәсіби қызметінің құралы саналды. Мемлекеттік басқару жүйесінде өз қызметін құжаттау және оның тиімділігін арттыру үшін түрлі құжаттардың жиынтығы қалыптасты. Сондықтан іс жүргізудің жүйе ретінде мемлекеттік аппараты қалыптасуымен бірге пайда болуы заңдылық еді. Сонымен XXғ. Қазақстанда іс жүргізуді ұйымдастыру шаралары ұлттық мемлекетке тән ерекшеліктерімен қолға алынды. 1923 жылы 20 шілде Қазатком қарамағында ұйымдастырылған ҚазАКСР-нда іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру туралы Ерекше кеңестік мәжіліс өтті.Онда бірінші кезекте уездерді қазақша іс жүргізуге көшіру мәселесі қаралды. Осы мәжілісте уездердегі қазақтардың орналасуы жөніндегі статистикалық мәліметтер келтіріледі. Орталық іс жүргізу комиссиясы өзі туралы және губкомиссиялар туралы ережелерді, ҚазАКСР мемлекеттік органдары іс жүргізуін қазақ тіліне көшіру туралы Қазаткомның декретін әзірлейді. Декрет 1923 жылы 22 қарашада қабылданады. Дегенмен азамат соғысынан кейінгі уақыттағы ауыр экономикалық жағдай, әсіресе қаржы тапшылығы осы саланы өзге салалар секілді тежеп қойды. Жергілікті жерлерде кадр тапшылығы қатты сезілді. Бұл мәселені дербес шешу үшін губернияда курстарды ұйымдастыру қолға алынады. Мәселен, 1924ж. Губерниялық курстар туралы мәліметтерге сүйенсек, Семей,Ақмола,Қостанай губернияларында ғана курмстар ұйымдастырылып, барлығы 182 курсант бітіріп шыққан. Алайда курстарды бітіргендер санының аздығы барлық жергілікті органдардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Губкомиссиялар осыған орай курстарды жоспарлы түрде қайтадан ұйымдастырмақ болғанмен, жергілікті бюджет тапшылығынан және мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеуінен бұл шара жүзеге аспады.