Бірінші кезең – 2004 – 2005 жылдар аралығы – дайындық кезеңі.

Стратегияны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде төмендегідей сұрақтарға шешім қабылдау қажеттігі туындаған болатын:

Біріншіден, Есеп комитетіне қаржылық бақылаудың жоғарғы органы статусын беру. Мұндағы атап кететін жағдай, берілген норма Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі жобасында қарастырылып кеткен. Сонымен, 2005 жылдан бері қаржылық бақылаудың жоғарғы органы статусы заң жүзінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетіне берілді. Ревизиялық комиссия маслихаттарына мемлекеттік орган статусын беру арқылы жұмыстарын нығайтты. Осы жерде, сонымен бірге, Есеп комитетінің қызметкерлерінің штаттық санын көбейту мен аппараттың ресурстық базасын арттыру бойынша сұрақтары шешілді.

Стратегияны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде келесідей сұрақтардың шешімі табылды:

Ø мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін дайындау, қайты дайындықтан өткізу мен квалификациясын уөтеру жүйесін құру туралы (ол кезеңдегі қаржылық бақылауды кадрмен қамтамасыз етудегі жүйенің жоқтығы);

Ø қаржылық бақылау органдарының ақпараттандырылуының оперативтілігі туралы (мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі дамыған мемлекеттер, АҚШ, Канада, Жапония мен еуропа мемлекеттері сияқты елдерден шамалы артта қалған болатын);

Ø ғалымдардың, білікті мамандар мен халықаралық эксперттердің әлеуетін біріктіру туралы (Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылау – бұл тақырыптың теориялық және тәжірибелік жағынан аз зерттелгендігі).

Осылайша, бірінші кезеңде қаржылық бақылау жүйесі бақылаудың екі түрімен ұсынылған болатын: сыртқы және ішкі. Бірінші кезеңдегі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің функционалды-ұйымдастырушылық құрылымы келесідей кескін береді: (Сурет 1).

Екінші кезең мемлекеттік қаржылық бақылаудың заманауи қалыптасуы мен дамуындағы – 2006 – 2007 жылдар аралығын қамтыған – тұрақтандырушы кезең. Екінші кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінде өзгерістер енгізуді қажет етті. Маслихаттардың ревизиялық комиссиясының есептілігін орнату жолымен сыртқы қаржылық бақылаудың вертикальды құрылымы қалыптасты. Бұл жағдай Қазақстандағы сыртқы бақылаудың толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрамынан қаржылық бақылау Комитеті қызметін бөліп алу мен комитеттің тікелей Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беруін орнату қажеттілігі туындады. Ішкі бақылау қызметін күшейту қажеттілігі де туындады. Жоғарыда берілген қызметтер республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасауды талап етсе, ал қаржылық бақылау Комитеті алдына ғаламдық және тереңдетілген мақсаттар қоюды жүзеге асыру керек болатын. Басқа сөзбен айтқанда, ол салалық, жергілікті бағдарламалардың атқарылуын тексеру мен мемлекеттік бюджеттің атқарылу аспектілерін жекелей тексеруді жүргізуі қажет болды. Маслихаттардың ревизиялық комиссиясының жоғарғы қаржылық бақылау органының алдындағы есептілік беруді орнатты.

Үшінші кезең – 2008 – 2010 жылдар арылығы – мемлекеттік қаржылық бақылаудың тұрақты даму жүйесі

Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылауды дамытудың үшінші кезеңінде бюджеттік жүйенің барлық деңгейінде бірдей және тәуелсіз жүзеге асырылатын сыртқы қаржылық бақылау жұмысы күшейді. Осы жағдайлардың дұрыс жүзеге асырылуының арқасында ғана Қазақстанда халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес жауап беретін және елдегі істерді жүргізуде толықтай демократиялық принциптерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сыртқы бақылаудың толыққанды институты жұмыс жасады.

Стратегияның үшінші кезеңінің жүзеге асырылуына бөлінген уақыт мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша кадрларды оқытудың үздіксіз жүйесін қамтамасыз ету мен, сондай-ақ, мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін ақпараттандыруды аяқтау үшін жеткілікті болды.

Қорытындылай келе, Стратегияны сәтті жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың заманауи және бірегей жүйесін қалыптастыруға қол жеткізді:

1. мемлекеттік қаржылық бақылаудың қалықаралық стандарттарға, әдістемелік, норматиытік және құқықтық стандарттарға сәйкестілігі;

2. қазіргі тәжірибеге сәйкес икемді және адекватты мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің қалыптасуы;

3. бақылау іс-шаралары сапасының артуы мен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара байланысын жақсаруы;

4. мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау мен квалификациясын жоғарылатудың сапалы жүйесінің қалыптасуы.

Мұның барлығы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен мемлекттік қаржылық ресурстарды басқару сапасын арттырды.

Қазіргі таңдағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіне тоқталатын болсақ, Қазақстанда бұл жүйені әрекеттілігін арттыру мен тиімділігін көтеру жүргізілуде. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары болып: республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитеті, облыстардағы мәслихаттың ревизиялық комиссиясы, атқарушы биліктің қаржылық және бақылаушы органдары табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың басқа да жекелеген мәселелерімен, сондай-ақ, ҚР ҚМ Салық комитеті, ҚР ҚМ Кеден комитеті, ҚР Ұлттық банкі. Негізінен алғанда елімізде 40-тан астам әртүрлі функцияларды атқаратын бақылаушы органдар өз жұмыстарын жүргізуде. Төмендегі сызбада мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі берілген:

Қолданылған әдебитеттер:

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010

Наши рекомендации