Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
37. Пәндік нәтижелер. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін;
2) тарихтағы жыл санау жүйесін;
3) ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер тарихының өзіндік ерекшеліктерін;
4) алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;
5) Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта және Орталық Азиядағы, Оңтүстік және Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мәдениеттегі жетістіктерін;
6) Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресін;
7) ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды;
8) мәдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы ретіндегі маңызын;
9) Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік ерекшеліктерін, мәдени өмірін және антик мәдениеттің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін;
10) әр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын және шежірелерін;
11) әлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм, христиандық) білуі тиіс.
38. Меңгеруі тиіс:
1) жылдар мен ғасырлардың арақатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін баяндай білуді;
2) ежелгі дүниенің табиғи-климаттық жағдайындағы ерекшеліктерді және оның адамдардың өмір сүруіне әсерін сипаттай білуді;
3) ежелгі дәуірдегі уақыттық және кеңістіктік өлшемдерді;
4) ежелгі дүние тарихы шеңберіндегі тарихи оқиғалардың негізгі себептерін түсіндіре білуді;
5) ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, баспанасын, киімдерін, сыртқы келбетін сипаттай білуді;
6) оқыған мәтініне жоспар құра білуді меңгеруі тиіс.
39. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін;
2) ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;
3) феодалдық қатынастардың мәнін;
4) орта ғасырлардағы қоғамның әлеуметтік құрамын;
5) орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін;
6) орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін;
7) V-X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропада, Таяу Шығыста орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттары мен хронологиясын;
8) VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам дүниесіндегі мәдениеттің ерекшеліктерін;
9) ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді;
10) крест жорықтарының нәтижелерін;
11) ортағасырлардағы Шығыс әлемінің тарихи көрінісін;
12) ХІ-ХV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік дамуын;
13) моңғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылықты;
14) орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын;
15) орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін;
16) орта ғасырдағы өркениет аймақтары және олардың маңызын білуі тиіс;
40. Меңгеруі тиіс:
1) тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үдерістің маңызды белгілерін анықтауды;
2) тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;
3) әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды таба білуді;
4) тарихты оқып-үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
5) оқытылған кезеңдегі түрлі аймақтардағы болған тарихи оқиғаларды салыстыра білуді;
6) тақырыпқа байланысты тарихи картаны пайдалана білуді;
7) орта ғасырдағы дүние жүзі тарихынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды меңгеруі тиіс.
41. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін, негізгі кезеңдерін;
2) Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді;
3) ағартушылық дәуірдің еуропа қоғамының дамуына әсерін;
4) отарлау саясатының мәнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;
5) Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызын;
6) Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нәтижесін;
7) ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін;
8) ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран, араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын;
9) Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын;
10) ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мәдениетінің негізгі жетістіктерін, мәдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды;
11) ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін;
12) капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін;
13) революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы баламалы жолын;
14) қоғамдағы жаңа әлеуметтік құрылымды және оның реформалардағы қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін;
15) ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін және негізгі ерекшеліктерді;
16) халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін;
17) ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуын, әлемдік ғылым мен көркем мәдениеттің маңызды жетістіктерін және оның жеке тұлғаның дамуына әсерін білуі тиіс;
42. Меңгеруі тиіс:
1) жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтай білуді;
2) саяси тарихтағы негізгі өзгерістерді талдай білуді;
3) тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және оларды талдай білуді;
4) тарихи үдерістер мен оқиғаларға, тарихи тұлғаларға сипаттама беруді;
5) тарихи оқиғаларға байланысты өз пікірін ашық айта білуді;
6) картамен және картографиялық, хронологиялық материалдармен жұмыс істеуді;
7) ғылыми-танымал және анықтамалық әдебиеттерден қосымша материалдарды пайдалана білуді меңгеруі тиіс.
43. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен құбылыстарды;
2) ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
3) ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды;
4) ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
5) ХХғ.–ХХІғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен күштердің әлеуметтік негіздерін;
6) ХХғ.–ХХІғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;
7) дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
8) дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін сипаттау және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
9) ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс;
44. Меңгеруі тиіс:
1) ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің саяси және экономикалық дамуына сипаттама беруде тарихи карта мәліметтерін пайдалана білуді;
2) қажетті ақпараттарды тарихи деректерден өз бетімен іздей білуді;
3) тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін талдауда қолдануды;
4) ХХғ.–ХХІғ. басында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға беруді;
5) шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың бірізділігін анықтауды;
6) тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыру және жіктеуді;
7) ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар және процестерге жазбаша сипаттама беруді, өзекті мәселелер бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды меңгеруі тиіс.
45. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:
1) Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарауынан;
2) өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға дайын болуынан;
3) жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен;
4) қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
5) көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсетуінен;
6) оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
46. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:
1) әр түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына, тарихи тұлғаларға, оқиғаларға, үдерістерге салыстырмалы сипаттама беруінде;
2) тақырыптық синхрондық таблицалар жасап, оқиғалар мен фактілерді, құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуында;
3) мемлекеттік, тарихи құжаттар, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеп, соның негізінде шығармашылық жұмыстар, жобалар, рефераттар, шағын баяндамалар дайындауында;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
5) тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан баяндауында, өз бетімен ізденуінде;
6) тарихи талдау әдістерін меңгеруінде (тарихи деректер, болжамдар мен дәлелдерді зерделеу;
7) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуында;
8) халықтардың тарихи мұралары туралы өз пікірлерін айта білуде;
9) ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;
10) тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;
11) көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері туралы білімдерін қолдану, мәдениетаралық өзара іс-әрекетке қатысу, өзге халық өкілдеріне толеранттық қарым-қатынасты қолдануы тиіс.