Иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі және заңи негізгі өтуі.

Иесіз қалған мүлік қазынаға түседі. Мемлекеттік қазына қаласымен, шіркеумен, және губернатормен бөледі.

Дамыған құқықта мына ереже әрекет етеді; in legitimus hereditatibus succusion non est. Егер осындай тұлғалар мұрагерден бас тартса немесе қайтыс болғанда, оны алып үлгермеген жағдайда, мұра иесіз қалғаны мойындалған, ал бұрыңғы заңнамада иесіз деп аталған. Юстиниан жүйелік мұра бойынша заңын жеңілдетті, болмаған жағдайда мұрагерлік мүлік өлген деп иесіз қалған және енгізілген, кейбір жағдайларда монастырларға және шіркеуге және тағы басқаларға жатады.

Ресейдің әдеттегі құқығы бойынша иесіздік өте сирек кездеседі: мұра қалдырушының туысқандары болмаған жағдайда, онда мүлік оның ең жақын адамына қалдырылады. Иесіз қалған мүлік жариялық ақшаға сатылу жолымен, бейбіт капиталға айналады, ал кей жағдайларда толығымен немесе жартылай шіркеу пайдасына түседі.

Поляк хандығының губерниясында иесіз мүлік тек мемлекет пайдасына шешілген.

16-17 ғғ. Ресейде иесіз қалған мүлікке, мүліктік құқықты тек шіркеу иемденді, яғни балалары жоқ адам өзінің өлімінен кейінгі мүлігін монастырға өтеп, оның рухы мәңгі сақталуын қалаған. Алыс туысқандары және қазына оның мүлкін шіркеуден сатып алып отырған. 17 ғ. соңынан бастап мемлекеттің иесіз қалған мүлікке құқығы орнатылды. Иесіз мүлік мемлекеттің меншігіне қазына ретінде және қоғамдық одақ немесе қайырымдылық мекемелеріне беріліп отырды. Кейбір жағдайларда иесіз қалған жылжитын мүліктер қалалық жерге байланысты, қала меншігіне өтті.

Жаңа заңнамаларда мұрагерлік мүліктің мемлекет меншігіне өту жолдарын азайту ұстанымдары қарастырылуда. М. Бруноның айтуынша: «қазіргі қоғамда алыс туысқандарды мұраға шексіз шақырылуына дәлел табу қиын. Яғни қайтыс болған адам өзінің мүлкін басқа алыс туысқанына қалдыруын қалауы мүмкін».

Егер мұра қалдырушы мұрагерді тағайындамай қайтыс болса, онда мүлік мемлекетке өтеді және ол әмбебаптық сипатқа ие. Мәселе – құқықтық табиғатын анықтауда. Мүлік мұрагерлік құқық негізі бойынша мемлекет меншігіне өтеді немесе мемлекет мүлікті өзіндік етіп алады.

Францияда шетел азаматының мүлкі жариялық тәртіппен мемлекет меншігіне өтеді. Яғни Францияда орналасқан иесіз мүлікті шет мемлекет билеп алмауы үшін.

Алжир АК 773-бабында иесіз қалған мүліктік режим нормасы қамтылған, яғни ол мүлік – мемлекет меншігіне жатады. Осындай жолмен мемлекет иесіз қалған мүлікті мұрагер ретінде емес, керісінше Алжир аумағында әрекет етуші заңның күшімен иемденеді.

Иесіз сияқты, оккупация құқығында, иесіз қалған мүлік АҚШ, Австрия, Англия қазыналарына өтеді. Англия мұрагерлік статуттың категорияларын пайдаланады және иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуінің жалпы тұжырымдамасы оккупация теориясына негізделеді. Ағылшын тәжірибесіне және доктринасына сәйкес, жылжитын мүліктен тұратын иесіз қалған мүлік, егер тұлға сол елде қайтыс болса, онда мұра сол мемлекетке беріледі. Егер осы заң бойынша, мемлекеттің иесіз қалған мүлікке құқығы мұрагерлік құқыққа сәйкес келсе, онда мемлекет мұраны мұрагер ретінде қабылдай алады, ал егер осы заңға сәйкес мүлік иесіз деп танылса, онда ол британдық қазынаға түседі.

Бельгия, Италия, Испания, Швейцария, Германия соттары керісінше, мұрагерлік статутты қолданылады: шет мемлекет иесіз қалған мүлікті мұрагер ретінде иемденеді.

Сонан соң автор былай деп жазады: «Мұрагерлік құқық пен «оккупация» құқығы арасындағы айырмашылық, яғни мұрагерлік құқық бойынша мүлік мемлекет меншігіне өтеді, ал «оккупация» құқығына сәйкес, мүлік қай территорияда болса, онда сол мемлекетке тиесілі болады».

Мемлекет меншігіне өтетін иесіз қалған мүлікпен иесіз заттың арасында бірнеше ұқсастықтар бар екені даусыз. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады. (АК 242-бап 1-т). Мұраның құрамына заттарға қатысты тек бір белгі сақталады: зат мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда меншік иесімен иемденбейді.

Мұра ашылған уақытынан бастап және мұрагерлерді қабылданған уақытқа дейін мұрагерлік мүлік уақытша иесіз болады. Ол, заңды мұрагерлікпен немесе өсиет бойынша мұрагерлерді қабылданған сәттеп бастап жойылады. Иесіз мұрагерлік мүліктің мемлекет меншігімен өтуімен, мүліктің иесіз қалды деп тануға жол берілген жағдайлар жойылады.

Иесіздіктің жойылуы мұра ашылу сәттеріне кері күшпен жүреді. Мемлекет мүлікті тиісті тұлғалардың билеп алуына нақты мүмкіншіліктер жаратып беру арқылы мұрагерлік мүліктің иесіз қалуына жол бермеуге тырысады. Бұл мақсаттар мұраны қорғау шараларына қолданылады, бірақ мүліктің тағдырын анықтамай, иесіз мүлікті қорғау мүмкін емес.

Мұрагерлік мүліктің заңды мұрагерлерге немесе өсиеттегі мұрагерлерге өтуі үшін мүмкіншіліктер және құқықтық негіздер құрылған сәтте – иесіздік нормасы шегінеді. Иесіздік нормасы – ерекшенорма болып табылады.

Испанияда соңғы домицилиді иемденуші испан азаматшасы Эльвира Мальдонадо (Elvira Maldonado) туысқандарына өсиет қалдырмай қайтыс болды. Испан заңы бойынша, мүлік испан мемлекетіне өтті. Испания Ағылшын соттарына Англияда орналасқан құнды қағаздардан тұратын мұраға өкілеттік беруге талап қойды. Ол талап мынандай жолмен қанағаттандырады, яғни мемлекет басқа мемлекетке иесіз қалған мүлікке құқылы болып табылады. Бұл шешім – Divorce And Admission of The High Court сотымен шығарылды және аппеляциялық сот осы шешіммен келісті.

Пысықтау сауалдары:

1. Мұра дегеніміз не?

2. Мемлекет мұрагер ретінде бола алама?

3. Мұрагерлік қатынастарға байланысты коллизиялық нормалар қолдануы.

Наши рекомендации