Жеке тұлғаның жеке заңы
Жеке тұлғаның жеке заңы тұлғаның құқықтары мен әрекет қабілеттілігін, жеке мүліктік емес құқықтарын, неке және отбасы қатынастарын және мұрагерлік қатынастардағы құқықтарын анықтауда қолданылады. Бірақ жеке заңның реттейтін аймағы мемлекеттерге байланысты кең немесе керсінше тар болуы мүмкін. Мысалы, Францияда жеке заң ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын, мұраға қалдыру, сыйға беру қатынастарын реттемейді. Сонымен индивид қай жерде болса да оған жеке заң қолданады, себебі нақты осы заң оның құқық субъектілігін анықтайды. Бұл факт адам құқығы туралы Декларациясының 6-бабының түсінігін «әр адам қай жерде болмасын, өзінің құқық субъектілігін танылуына құқылы». Жеке тұлғалардың құқық субъектілігі тек тұлғаның азаматы болып табылатын елдің құқығымен анықталады. Жеке тұлға өз мемлекетінің азаматы бола тұра, шетелге «құқық субъектілігін» өзімен бірге алып кете алмайды. Шетелде азаматтық құқықтық қатынасқа қабылдаушы елдің заңына бағына отырып түседі. Шетелдіктердің құқықтық қабілеті оларға ұлттық режим қолданылғанымен, қабылдаушы мемлекеттің азаматтарымен құқық қабілеттілігі бірдей болмайды.
Азаматтық құқық субъектілігінің басты элементтері болып «құқық қабілеттілік» және «әрекет қабілеттілік» табылады. Жеке тұлғаларға құқық субъектілері ретінде осы екі қабілеттің болуы өте маңызды.
Азаматтық құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы «құқық қабілеттілік» пен «әрекет қабілеттілік» категорияларымен анықталады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 13, 7, 1095б.). Бірақ осы көрсетілген екі категория мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде әртүрлі терминдермен аталады. Мысалға АҚШ пен Англияда «әрекет қабілеттілік» пен құқық қабілеттілік» бір терминмен анықталады – құқық қабілеттілік (legal capacity). Бұл ежелден келе жатқан ортағасырдағы сот тәжірібилерінде қолданылған, ал қазір сот тәжірибесінде де, доктриналарда да «бәсең құқық қабілеттілік» (passive capacity) – құқық қабілеттілік мағынасын білдіреді, белсенді құқық қабілеттілік (active capacity), «құқықтық акт жасау қабілеті» (capacity for performance of legal act) – әрекет қабілеттілік мағынасын білдіретін терминдер қолданылады. Францияда да Англиядағыдай «әрекет қабілеттілік» пен «құқық қабілеттілік» арасында тернминологиялық айырмашылық көрсетілмейді. Францияның Азаматтық кодексінің 3-бабында «capacite» яғни «әрекет қабілеттілік» пен «құқық қабілеттілік» қосындысын білдіретін термин қолданылады. Францияның Азаматтық кодексінің 448-бабында азамат кәмелеттік жасқа толғанда азаматтық қатынасты барлық актілеріне қатыса алу қабілеті туралы норманы құрайды. Сот тәжірибесінде және оқулықта әрекет қабілеттілік пен (capacite d'execice) және құқық қабілеттілік (capacite de jouissance) екі ұғым арасындағы айырмашылық қарастырылған.
Француз және ағылшын құқығына қарағанда Германияның Азаматтық кодексінде үш термин: «құқық қабілеттілік» (Rechtsfahigkeit), әрекет қабілеттілік (Geschaftsfahigkeit) және «деликт қабілеттілік» (Delikts fahigkeit) қарастырылған. Швейцарияның Азаматтық кодексінде 3 термин бөлек қарастырылған.[1]
Деликт қабілеттілік – азаматтың құқыққа қайшы іс-әрекеті салдарында келтірілген зардабы үшін азаматтық-құқықтық жаупкер бола алу қабілеті. Бұл құқықтық категорияны жеке қатынастар үшін қолдану Франциямен, Швейцария елдерінің ерекшеліктері. Ресей Федерациясында құқық қабілеттілік терминдерімен басқа мәміле қабілеттілік және деликт қабілеттілік деген екі термин бар бірақ, бұл терминдер қылмыстық құқықта қолданылады.
Халықаралық жеке құқықта құқық және әрекет қабілеттілік мәселесі Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге немесе шетелдегі қазақтарға қолданылғанда пайда болады. Сонымен қатар бұл екі категория апатридтар мен бипатридтарға қатысты да болады.
Соңғы кезде мемлекеттер жеке заңның «аралас» жүйесін бекітеді: Халықаралық жеке құқық туралы заңдардың көбісі жеке тұлғаның жеке заңын (lex personalis), оның тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты және азаматтық еліне байланысты анықтайтын нормалдардан құрылады.
Азаматтық заңы (lex patriаe) – бұл жеке тұлға азаматы болып табылатын елдің заңын қолдану, ал тұрақты тұратын жер заңы (lex domicillii) – бұл тұлға тұрақты өмір сүріп жатқан ел заңын қолдану.
Әрқайсысына жеке тоқталайық. Жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі италияндық статутариилердің кезінен бастап жеке заңмен (lex personalis) анықталған. Континентальді Еуропаның көп елдерінде басты қағидат азаматтық заң және ағылшын құқығында (common law) Домицилия елінің заңы қолданылды. Бұл егер тұлға өз елі бойынша әрекет қабілеті деп танылса, барлық жерде оның әрекет қабілеттілігі жоқ деп саналады.
Заңда бір жағдайды шешуге әр түрлі қолданыс болуы бекер емес. Кейбір жағдайларды жеке заңның бір нысанымен мәселе шешілмейді. Мысалыға шетелдік тұлғаның әрекет қабілеттілігі азаматтық елімен анықталса, азаматтығы жоқ тұлғаға бұл формуланы қолдану мүмкін емес.
Францияның 1804 жылғы Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес шетелдегі француздар азаматтық жағдайларына және қабілеттіктеріне қатысты мәселелер бойынша өздерінің ұлттық заңына бағынады деп бекіткен. Осы бір жақты коллизиялық байламнан француз заңы екі тұжырым шығарады. Жеке заңы бойынша әрекет қабілеттілігі танылған тұлға, барлық жерде әрекет қабілетті деп танылады. Ал өз елі бойынша әрекет қабілетсіз деп танылған тұлға шетелде дет әрекет қабілетсіз деп танылады.
Ағылшын-американдық құқығында пайда болған Домицилии концепциясы Рим құқығында пайда болған Домицилии концепциясынан айырмашылықтары бар. Ортақ құқықтың англосаксондық жүйесі домицилиидің туылуы бойынша (domicilii of origin) және таңдауы бойынша пайда болған домицилии (domicilii of choice) деп екіге бөлінеді.
Бұл концепцияның ерекшелейтін ережелердің бірі ешкім домицилиисіз болмайды (некеде туылған бала-әкесінің домицилиіне ие, ал некесіз туылған бала анасының домицилиіне ие).
Таңдау бойынша домицилииге ие болу үшін тек осындай жүйеге ие мемлекетте тұру ғана емес, индивидтердің сол жерде тұрақты тұру ниеті де қажет.
Бірақ домицилиидің де өзіне тән кемшіліктері бар. М. Вульф «көбінесе домицилииді анықтау өте қиын болады, себебі ол дәлелдеуі мүмкін емес ниетке байланысты... Домицилии концепциясы мемлекеттер арасында емес тіптен бір мемлекеттің ішінде бұл түсінікті талқылауда әр түрлі көзқарастың болуы, оның тұрақты ұғым емес екенін дәлелдейді... Домицилии қағидасын ұстанған жерде, әрқашан да Домицилидің фиктивті ауысу қаупі бар».
Сонымен қатар ағылшын-американдық коллизиялық құқық Германияның Азаматтық кодексінен де жеке заңның қолдану аясын азайтады. Сот елінің құқығына белгісіз шетелдіктердің әрекет қабілеттілігін шектеу тіптен ескерілмейді жылжымайтын мүлік мәселесі Lex rei sitae мүлік орналасқан жер заңымен анықталады. Тұлғаның сауда қатынастарына түсудегі әрекет қабілеттілігі жеке заңмен емес, шетелдік заңмен анықталады (lex causae).
Осыған сәйкес соңғы кездері халықаралық жеке құқықта жеке заңның «аралас» жүйесін қолдану үрдісі байқалады. Себебі дәстүрлі жүйе өзінің абсолюттілігін жоғалтып, шартты мағынаға ие болып отыр. Бір мемлекетке қатысты негізгі, басты ұстанатын коллизиялық байламды айтуға болады, бірақ ол басқа екінші нысанмен де толықтырылады. Нәтижеде реттеліп отырған қатынастардың әртүрлілігіне сәйкес келетін аралас жүйені ұстануға ұмтылады. Мысал келтіретін болсақ – 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 1095-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Жеке адамның әрекетке қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады, ал құқық қабілеттілік ұлттық режимге теңестірілген, бұл бұрынғы 160-бапта негізделген. Әрине, бұл пост кеңестік қағида қазір ескірді, себебі халықаралық жеке құқықта құқық қабілеттілікті анықтауда әрекет қабілетілікке қолданылатын жеке заңы lex personalis қоданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 13-бабына сәйкес құқық қабілеттілік туған кезден басталып адам қайтыс болған соң тоқтатылады, қолданбалы құқық туралы сұрақ мемлекеттердің заңдарының бірдей еместігіне байланысты пайда болуы мүмкін. Мысалға Қазақстанда құқық қабілеттілік баланың туылған кезінде пайда болса, Испанияда баланың құқық қабілеттілігі 24 сағаттан кейін танылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1195 бабында құқық қабілеттілік категориясы әрекет қабілеттілік сияқты жеке заңмен анықталыды.
Бірақ шетелдіктердің «әрекет қабілеттілігі» анықталатын жеке заң классикалық қағидасының бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, бұл Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мәмілелер жасауына байланысты әрекет қабілеттілік мәміле жасалған елдің құқығымен шешіледі.
Екіншіден, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер бойынша шетелдіктер әрекет қабілеттілігі зиян келтірілген жердің заңымен анықталады.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін жартылай шектеу, оларды хабар-ошарсыз кетті, қайтыс болды деп жариялауды сот елінің заңы қолданылады.
Төртіншіден, жеке адамның жеке кәсіпкер болуға және соған байланысты құқықтарымен міндеттерінің болуына қабілеті жеке адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген елдің құқығы бойынша анықталады. Тіркелген елі болмаған жағдайда жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын негізгі орындағы елдің құқығы қолданылады.
Бесіншіден, тұлғаның хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп жариялануынан туындаған заңды салдар тұлғаны жоғалған немесе қайтыс болды деп жариялаған елдің заңымен реттелінеді.
Егер халықаралық актілерге назар аударатын болсақ ТМД елдерінің 1993 жылы қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенциясы осы мәселені шешудегі өте маңызды құжат болып табылады. Себебі алғаш рет аймақтық масштабта құқық қабілеттілікті- ұлттық режимді негізге ала отырып, ал әрекет қабілеттілік-келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтарына азаматтық қағидасын негізге ала отырып осы аумақтарда тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға-домицилии қағидасы негізінде анықтайтын бірдейленген нормалар пайда болды. Осылайша Конвенция бірінші рет өзінің нормаларын тек өзінің азаматтарына ғана емес, келісімге қатысып отырған елде тұрып жатқан басқа да тұлғаларға таралды.
Ұзақ уақыт бойы дәстүрлі ағылшын домицилии заңы ұғымының кейбір белгілері континентальді «азаматтық елі ұғымына ұқсас болды. Домицилиде екі белгі маңызды болып табылады:
1) Тұрып жатқан фактісі;
2) Сол елде тұрақты тұруға ниеті;
Сонымен қатар шығу тегіне байланысты домицилии презумпциясы да болған.
Бұл презумпцияға сәйкес адамның басқа елде тұрақты тұруына қарамастан, өз отанына оралуға ниетіне байланысты домицилии қағидасын қолдану. Сондықтан британдық азаматтар қай жерде болса да жеке заңы ағылшын заңы болып табылады.
Қазіргі кезде Англияда домицилии ұғымына бірнеше өзгерістер енгізілген.
Ұзақ уақыт бойы қолданылып жүрген домицилии ұғымына басты 2 критикалық ескертпелер айтылатын:
1) бір тұлғаның домицилиін анықтаған әр жағдай соттың жобалауына, пікіріне байланысты
2) таңдау бойынша домицилиді иеленуге қойылған талаптар тіпті қатаң
Домицилии қағидасымен жеке заңды анықтау өте қиын болғандықтан, тәжірибеде бұл коллизиялық байламды қолданбайтын болды. Соңғы кезде Англияда домицилимен тұрақты тұрып жатқан жерді теңестіріп қойды.
Тұрақты тұру институты барлық мемлекеттерде бар бірақ, кейбір мемлекеттерде ол мемлекеттің ішкі қажеттілігі үшін қолданылады. Мысалы: органдарды индивидуализациялау, ал кейбір мемлекеттерде жеке тұлғаның жеке заңын анықтау сияқты өте маңызды мәселелерді шешуге коллизиялық байлам ретінде қолданылады.
КСРО заңы бойынша шетел құқығы жария тәртіп туралы ескертпеге байланысты қолданылмауы мүмкін. Бұл ескертпеге байланысты шетел құқығы оны қолдану мемлекеттің құқықтық тәртібінің негіздеріне қайшы келерлік жағдайларда қолданылмайды.