Тарау. арнаулы Әлеуметтiк Қызметтер кӨрсетудiҢ тҮрлерi жӘне негiздерi

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

Құрылу күні: 13.01.2009
Жаңартылу күні: 14.01.2009

"Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 31 желтоқсан, N 426-428 (25397)

РҚАО-ның ескертпесi!
Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 22-баптан қараңыз.

МАЗМҰНЫ

Осы Заң өмiрлiк қиын жағдайда жүрген
адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтiк қызметтер - өмiрлiк
қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтiк
проблемаларды еңсеру үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн және оның қоғам
өмiрiне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкiндiктер жасауға
бағытталған қызметтер кешенi;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн
субъектiлер - арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi
мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларда жұмыс iстейтiн жеке және
(немесе) заңды тұлғалар;
3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету
стандарттары - арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету сапасын, көлемiн
және шарттарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
4) әлеуметтiк бейiмсiздiк - жеке адамның әлеуметтiк ортамен өзара байланысының бұзылуы;
5) әлеуметтiк депривация - адамның
(отбасының) негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру
мүмкiндiгiн шектеу және (немесе) одан айрылу;
6) әлеуметтiк қызметкер - арнаулы
әлеуметтiк қызметтер көрсететiн және (немесе) арнаулы әлеуметтiк
қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын,
белгiленген талаптарға сәйкес келетiн қажеттi бiлiктiлiгi бар қызметкер;
7) әлеуметтiк орта - адамның (отбасының)
өмiр сүруiнiң, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық,
экономикалық, әлеуметтiк, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
8) өмiрлiк қиын жағдай - адамның
тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере
алмайтын, осы Заңда көзделген негiздер бойынша танылған ахуал.

Бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер
белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының
азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға
қолданылады.

Бап. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

1. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) адамның құқықтарын сақтау;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң iзгiлiк, ерiктiлiк, құпиялылық, атаулылық және қолжетiмдiлiк;
3) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдардың
(отбасыларының), арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуға тең
мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету;
4) мемлекеттiк органдардың арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлермен өзара iс-қимылы;
5) кешендiлiк;
6) әлеуметтiк ықпалдасу және халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту принциптерiне негiзделедi.
2. Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшiн жағдай жасау;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен қамтамасыз ету;
3) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
4) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң мониторингi және оның сапасын бағалау жүйесiн дамыту;
5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының арнаулы
әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру;
7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДIҢ ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ НЕГIЗДЕРI

Наши рекомендации