Азаматтық мүліктік қатынас
Азаматтық құқық құқық жүйесі салаларының ішіндегі нарықтық экономиканың бірден бір қайнар көзі. Азаматтық құқық азаматтық кодекстің 1- бабының 1 тармағында көрсетілгендей тауар ақша қатынастарын және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Мүліктік қатынастарға мүлік беру, сату,жұмыс, қызмет және тағы басқа жатады. Яғни мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдық өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік игіліктерге немесе бір сөзбен айтқанда материалды құндылықтарға байланысты қатынастарды жатқызамыз. Ал мүліктік емес қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар. Мысалы азаматтың беделі, абыройы және т.б. мәселелерге байланысты туындайтын қатынастар.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мәміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық және азаматтық құқығы шарт
1. Мәмілелер. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп табылады. Мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты болуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептелінеді. Шарт жасау үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады.
2. Меншік құқығы дегеніміз— субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз— мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз— мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз— мүлікті заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
3. Мұрагерлік құқығы. Мұрагерлік- қайтыс болған азамат мүлкінің басқа адамға – мұрагерге ауысуы. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ, мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады
4. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; залалдарды,төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады.
23. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мұрагерлік құқығы және азаматтық құқықтық шарттары Мұрагерлік құқығы. Мұрагерлік- қайтыс болған азамат мүлкінің басқа адамға – мұрагерге ауысуы. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ, мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола аладыАзаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; залалдарды,төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады.
Серіктес ұғымы