Діни экстремизмді зерттеудің тҧжырымдамалық әдістері
Қазіргі таңда аса ӛзекті болып табылатын діни экстремизм кӛріністеріне қарсы күрес пен оның алдын алуға бағытталған қызметтер ұйымдастырылуда. Аталған қызметтер уақытылы әрі дер кезінде жүзеге асуы
және нақты нәтижелер беруі үшін діни экстремизм құбылысын кешенді ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету ӛзекті болуда.
Осы орайда, діни экстремизмді зерттеу бірнеше факторлармен шаттандырылған.
Біріншіден, ғалымдар мен билік органдары тарапынан діни экстремизм қоғамға қауіпті құбылыс ретінде танылады. Оның қоғамда орын алуы ауқымды резонанс тудырады, бұл мәселені ӛзекті ете түседі.
Екіншіден, кӛптеген зерттеушілер тарапынан діни экстремизм тенденциясының ұлғаюы атап ӛтілуде. Бұл тенденциялар Қазақстан қоғамымен қатар, ТМД, Орта Азия, Еуропа елдерінде де кӛрініс табуда.
Үшіншіден, сарапшылардың басым бӛлігі діни экстремизм әлеуметтік құбылыс ретінде жоғары латенттілікке ие, сәйкесінше қоғамда кӛрініс табатын діни экстремизм лайықты деңгейде анықталмайды деген пікір білдіруде. Сонымен қатар, қоғамда орын алуы мүмкін діни экстремизмнің әлеуеті зерттелуі және ӛлшенуі қажет деген міндеттерді айқындайды.
Тӛртіншіден, қазақстандық қоғамның кӛпэтностылығы мен кӛпконфессиялық ерекшелігі ықтимал діни экстремизм әлеуетіне қолайлы құрал ретінде қолданылуы мүмкін.
Аталған шарттылықтар діни экстремизмді нақты әдістер арқылы зерттеуді кӛкейтесті етеді. Осы тұста отандық және шетелдік сарапшылар тарапынан діни экстремизм немесе жалпы экстремизм нақты теориялық, әдістемелік тұрғыдан аз зерттелгендігі айқындалады.
Зерттеу бӛлімінің атауына сәйкес, діни экстремизмді концептуалды әдістер арқылы қарастырып, оның мәнін, құрылымын, пайда болу себептері мен сипаттамаларын талдаймыз. Осы орайда, діни экстремизмнің қоғамдық ӛмірдің барлық қабаттарына қатысты орын алатындығын және ол бірінші кезекті агрессиялы, деструктивті әлеуметтік тәжірибе ретінде жүзеге асатынын ескере отырып, діни экстремизмді әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде тұжырымдаймыз. Аталмыш құбылысты жан-жақты зерттеу үшін салааралық әдіс қолданылады.
Сондай-ақ, діни экстремизмді салааралық әдіспен зерттеу осы құбылыстың салыстырмалы түрде қазақстандық қоғамда жаңадан кӛрініс табуымен және сырттан енуімен сипатталады және зерттелу тұрғысынан кең қамтылмағандығымен түсіндіріледі. Отандық және шетелдік сарапшылардың діни экстремизмнің мәнін, белгілерін, орын алу саласын анықтаудан тұратын теоретикалық тұрғыдан зерделеуге арналған еңбектері бар. Алайда, діни экстремизмді нақты ғылымдар аясында әлеуметтік құбылыс ретінде жүйелеп айқындау орын алмаған, сол себепті, әлеуметтік ғылымның түрлі салаларында жинақталған тәжірибелерді діни экстремизм құбылысы туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін қолдануға болады.
Кӛптеген зерттеушілер ӛз зерттеулерінде діни экстремизм ұғымын толық айқындайтын нақты түсініктің қалыптаспағандығына тоқталады. Бұл бағыттағы зерттеушілердің анықтамаларындағы ортақ түсінік діни
экстремизм шектен тыс ұстанымдар мен әдістерді қолдану дегенге саяды. Ал діни экстремистік әрекетке жалпы экстремистік әрекеттердің белгілеріне ұқсайтын келесідей сипаттамалар енгізіледі:
– заңға қайшылық;
– қоғамдық құрылымды толықтай немесе жартылай мойындамаудан туындайтын негативті сипаты мен қоғамдық қаупі;
– әрекеттің компоненті тікелей әрекетте немесе экстремистік әрекетке шақыратын үндеулер мен идеялардан кӛрініс табады;
– әрекет етуші субъектінің ӛзіндік мотивтерінің болуы [13].
Әрине жоғарыда атап ӛтілген шектен тыс ұстанымдар мен идеялар және ӛз мақсаттарына қол жеткізу үшін шектен тыс қатал әдістерді қолдану діни эксремизмнің мәнін түсінуде аса маңызды. Алайда, мұндай сипаттамалар нақты діни экстремизмнің мәнін зерттеу үшін тым ауқымды әрі жалпылама болып кӛрінеді. Аталмыш критерилер жалпы экстремизм құбылысын түсіндіру үшін ғана қолайлы болмақ.
Жоғарыда атап ӛтілгендей, аталмыш құбылыстың идеологиялық тұрғыдан негізделуі діни экстремизм белілерінің бірі болып табылады. Саясаттану, әлеуметтану секілді әлеуметтік салалар діни экстремизм кӛрінісінің орын алу кӛрініснен тыс оның мотивациялық, идеологиялық деңгейінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік ғылымдар діни экстремизмнің идеологиялық құрылымына, құндылықтық бағдарлар, әрекет ету қағидаттарын қарастырады. Аталмыш, ғылымдар экстремизмді тек заң бұзушылық әрекет ретінде қарастырудың тар шеңберінен шығып, оны ауқымды әлеуметтік контекстіде қарастыра отырып, дін экстремизмнің терең мәніне үңіліп, маңызды белгілерін айқындап, пайда болу себептері мен орын алу факторларын қарастырады.
Саясаттану ғылымының аясында діни экстремизм радикалды идеологияларды ұстанатын топтар, ұйымдардың ашық немес астыртын түрдегі саяси мүдделері мен ұмтылыстарын олардың пайда болуы мен дамуы үдерісінде қарастырады. Саясаттанулық әдіс аталмыш топтар мен ұйымдардың бағдарламаларын талдауға, олардың саяси үрдістерге араласуын және қоғамның саяси ӛміріне ықпалын зерделейді.
Әлеуметтанулық ғылымның діни экстремизмді зерттеудегі ерекшелігі ғылымның зерттеу амалдарын аталмыш құбылысты сипаттауға, зерттеуге және түсіндіруге бағытталады. Зерттеу амалы ретінде әлеуметтану шеңберінде қалыптасқан түсіндіру және категориялық аппараты және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруге арналған теоретикалық және концептуалдық әдістер қарастырылады.
Діни экстремизмді зерттеудегі әлеуметтік тәжірибеге қатысты әлеуметтану аясында экстремизмді зерттеу теориядан бұрын ғылыми тәсілдердің қиылысуын кӛрсетеді. Аталып ӛткендей, діни экстремизмді зерттеуді жүзеге асыру уақытының қысқалығына байланысты діни экстремизмнің әлеуметтанулық тұжырымдамасының негізгі міндеттері
зерттелуі объектісі туралы нақты білімдерді кӛбейту болып табылады. Ӛйткені, алғашқы теоретикалық жалпылау мен құрылымдаудың шынайылыққа сәйкес болуы эмпирикалық білімнің жеткілікті болуына байланысты. Қазіргі уақытта діни экстремизм туралы эмпирикалық мәліметтер ӛте аз. Діни экстремизмнің әлеуметтік құбылыс ретіндегі салыстырмалы сипаттамасын ескерсек оның кӛріністері туралы нақты ақпараттардың маңыздылығы анықталады.
Сонымен қатар, отандық әлеуметтанулық ғылымда діни экстремизмнің теоретикалық тұжырымдамаы жоқ екендігі айтылды. Сол себепті, осы бағытта діни экстремизм құбылысын зерттеу үшін қолданыстағы әлеуметтанулық теорияларды қолдануға болады. Мысалға, жалпы әлеуметтанулық теориялар мен орта деңгейдегі әмбебап әлеуметтанулық теорияларды зерттеу құралы ретінде бейімдеуге болады.
Діни экстремизм құбылысын әлеуметтанулық зерттеуде оны қоғамда қалыптасқан нормалар, қағидалар, салт-дәстүрлерге қарсы бағытталған девиантты әрекет ретінде қарастыруға болады. Девиантты әрекет – нақты әлеуметтік жүйедегі қалыптасқан нормалардан, жекелей алғанда, заңдық, құқықтық нормалардан ауытқу. Ресей зерттеушісі О.Русанова экстремизмді шектен шыққан кӛзқарастар мен әрекеттерді қолдау ретінде анықтай отырып, оның әлеуметтік ортадағы кӛрінісінің мәнін «девианттық әрекет» түрі ретінде кӛрсетеді. «Девиацияның әлеуметтік себептері қоғамның мәдени мақсатты байланыстарының үзілуі және оларға қол жеткізудің қоғам тарапынан құпталған тәсілдерінің жойылуынан, әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен қатынастардың әлсіреуі немесе болмауынан» [14]. Сондай-ақ, әлеуметтанулық ғылымда девиантты әрекет құқықтық нормалардың бұзылуын сипаттаумен шектелмейді, қоғамның басым бӛлігі қабылдап, тұтынатын құндылықтар мен нормалардан бас тарту да девиантты әрекет ретінде қарастырылады.
Діни экстремизмді әлеуметтанулық тұрғыдан, девиантты әрекет ретінде қарастыруда діни экстремизмге қатысты ұғымдар мен салаларды негізсіз кӛбейтудің қажеті жоқ. Сол себепті, шектен тыс ретінде сипатталатын кез- келген әрекет экстремистік әрекетке жатқызылуына жол беру, аталмыш ұғымның мағынасының әлсіреуіне, оның нақты белгілерінің жалпылық сипат алуына әкелуі мүмкін, сондықтан, діни экстремизмді әлеуметтанулық ғылым аясында қарастыруда оның құқықтық анықтамасына тоқталған орынды.
Сарапшылар тарапынан кӛрсетілген экстремизмнің белгілері негізінде діни экстремизмге келесідей анықтама беруге болады «діни экстремизм қалыптасқан қоғамдық құрылымдарды жартылай немесе толықтай (әсіресе оның билік қатынастарына қатысты бӛлігін) қабылдамау; сондай ақ, осындай әрекеттерді жүзеге асыруға шақыратын үндеулерінен кӛрініс табатын саналы әрі идеологиялық негізделген девиантты әрекет».
Әлеуметтанулық әдістің ерекшелігі діни экстремизмнің құндылықтық идеологиялық және мотивациялық құрауыштарын талдау болып табылады.
Діни экстремизмді девиантты әрекет ретінде қарастыру діни экстремизмнің негізгі мәнділік белгісі антижүйелілік сипатын ескеруге мүмкіндік береді. Діни экстремизмнің осы сипаты кӛптеген зерттеушілер тарапынан аталып ӛтіледі, алайда әлеуметтанулық әдіс басым түрде эвристикалық әлеуетке ие болып кӛрінеді. Діни экстремизмді девиантты әрекет ретінде қарастыру оның мәнділік сипаттамалары тұрғысынан ең маңызды болып кӛрінетін мәдени құндылықтық аспектін талдауға мүмкіндік береді. Мысал келтірер болсақ, діни-саяси экстремистің әрекеті құқықтық тұрғыда заңсыз әрекет ретінде, саясаттану тұрғысынан билікті басып алуға бағытталған әрекет ретінде кӛрінеді, әлеуметтанулық тұрғыда қандай да бір әлеуметтік топтың құндылықтары, мүдделері мен ұмтылыстарын білдіреді.
Діни экстремизмді әлеуметтанулық ғылым аясында зерттеуде екі негізгі бағытты кӛрсетуге болады. Біріншісі, аталмыш құбылыстың генезисін: факторлары, пайда себептері мен дамуын зерттеу болып табылады. Екіншісі, діни экстремизмнің әлеуметтік шынайылықта кӛрініс табу ерекшеліктерін зерттеу: діни экстремизмнің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін зерттеу, қоғамдағы ӛзге де ұқсас құбылыстардан ерекшелігін кӛрсету; діни экстремизмнің идеологиялық, әрекеттік, ұйымдық құрауыштарына талдау.
Діни экстремизмді әлеуметтанулық тұрғыда зерттеу оны әлеуметтік сипатта пайда болатын құбылыс ретінде қарастыратынын атап ӛткен жӛн. Жекелей алғанда, мұндай әдіс «заманауи қоғамда орын алатын интеграциялық және дезинтеграциялық үдерістерді ауқымды түрде қарастыруды білдіреді. Бұл тұрғыда діни экстремизм заманауи типтегі қоғамда орын алатын әлеуметтік, мәдени және саяси ӛзгерістердің салдары ретінде қарастырылады» [13].
Әлеуметтік сипатқа ие бола отырып діни экстремизм нақты тарихи шарттарда экстремизмнің мәнді сипаттарына немесе қандайда бір жағдайларға байланысты пайда болатын сипаттарға ие бола отырып нақты тарихи құбылыс ретінде кӛрінеді. Сол себепті, әр жағдайға қатысты бірегей себептерге байланысты пайда болады. Осылайша, діни экстремизмнің әр кӛрінісіне қатысты ерекше факторлар мен себептер орын алады.
Фактор ретінде құбылыстың формасы мен сипатына ықпал ететін нақты шынайы ортаның белгілі бір кӛрінісін ала отырып және осы фактінің құбылыстың пайда болу сипатын айқындамайтынын ескере отырып, діни экстремизм факторларының анықталған классификацияларын кӛрсетуге болады. Қоғамның негізгі жүйлеренің негізінде келесі факторлар тобын айқындауға болады:
– әлеуметтік экономикалық;
– мәдени құндылықтық;
– құқықтық;
– әлеуметтік-психологиялық факторлар тобы.
Діни экстремизмнің факторларынан бӛлек, оның себептері ӛзге құбылыстың пайда болуына шарттар жасайтын және туындататын құбылыс
немесе құбылыстың пайда болуына шешуші ықпал ететін айқындаушы фактор ретінде танылады. Діни экстремизмнің пайда болу үдерісінің шешуші кезеңі индивидтің қоршаған ортасының шарттарын түсінуі болып табылады. Бұл жерде әлеуметтік-психологиялық құрауыш шешуі маңызға ие. Бұл туралы Т.Р. Гарр «түрлі сәйкестенулерге, қалауларға және нанымдарға ие адамдар қақтығысты талдау орталығы болуы керек», деп кӛрсетеді [34]. Басқаша айтқанда, қанағттанбау сезімінің пайда болуына қажетті объективті шарт орын алған әлеуметтік қайшылық болып табылады.
Қоғамдық-саяси кеңістікте діни эктремизмнің пайда болуының келесідей әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, саяси құқықтық себептерін кӛрсетуге болады:
1. Саяси-экономикалық алғышарттар, оларға: қоғам мүшелерінің тұрмыс жағдайын тӛмендететін, ұзақ уақытқа созылған экономикалық дағдарыс; қоғамның кенеттен әлеуметтік жіктелуі, әлеуметтік әділетсіздік, елдің анағұрлым кӛп бӛлігінің әлеуметтік келешегінің нашарлауы, жұмыссыздық; әлеуметке қарсы кӛріністердің ӛсуі; болашақ алдындағы үрей.
2. Идеологиялық себептер. Идеологиялық себептердің шоғырында, яғни, нақты айтқанда: қоғамның ұлттық пікірінің жоқтығы, зайырлы білім деңгейінің тӛмендеуі, кӛптеген азаматтардың діни сауатсыздығы, халық арасында толеранттылық сезімін қалыптастыру қызметінің әлсіздігін кӛрсетуге болады. Осы блокта әсіресе, жаңа діни қозғалыстардың деструктивті миссионерлік әрекеттеріне айрықша кӛңіл бӛлу керек. Мұндай ұйымдар елдің аумағын «ақырын басып алу» үшін шет елдер тарапынан жиі қолданылады.
А.В. Логиновтың тұжырымы бойынша, XVII – XX ғ.ғ. тарихи деректерде, кӛптеген елдердің таптарға бӛлініп, аумақты аймақтарда үкіметтер ықпалын негіздеуге, жоғарыда айтылған миссионерлердің шешуші болмасада негізгі рӛлде ойнағандарын растайды [35]. Кӛптеген саяси қайраткерлер және зерттеушілер таптарға бӛлінуді миссионерлікпен тікелей байланыстырады. Аумақтарды жаулап алуда миссионерлік әдіс, әскери, саяси және дипломатиялық басқару негіздерін тиімді алмастырды. Әрине, діни ұйымдардың прозелитизмдік әдістері ұлттардың және этностардың ғасырлық ұлттық мәдени қағидаларын тікелей қозғап, келеңсіз кертартпалар тудыратын
«жат құндылықтарды» енгізуге ұмтылады.
РҒА академигі Л.Н. Митрохиннің: «Діни дүние таныммен әсерленген ұлттық мәдениет – бұл (адамдардың ӛздері оны осылай қабылдайды), адамға
«моральдік негіз беретін» (Д.С. Лихачев), ӛзінің тегіне, ата-баба ӛсиетіне, әкелеріне, халқына және Отанына қатысы барын сезіндіретін білім» деген пікіріне назар аударуға болады. Егерде ұлттық мәдениетке күштеп араласу, оғани механикалық тұрғыда жат элементтерді енгізу (ауқымды мысал ретінде батыстандыру) ұмтылыстары орын алатын болса,: «сырттан» енушіліктер мен ұлттық мәдениеттің кӛне құрауыштарын ӛзгерту немесе модернизациялау ұмтылыстарына, тіпті олар «демократияландыру»,
азаматтар құқықтарын сақтау, ұждан бостандығы секілді қағидаттар арқылы іске асырылуына қарамастан онда бірінші орынға оның «қорғаныс функциясы» кӛрініс береді. Бұл кезде ұлттық сана тез арада агрессиялы ұлттық санаға ӛзгеріп, экстремистік белгілерін кӛрсетеді» [15]. Берілген пікірде діннің жат дүниетанымдар, салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениетке енуінде «автоматты» түрде іске қосылатын қорғаныстық функциясын кӛрсетеді.
3. Саяси-құқықтық себептер. Мұнда дін ұстанушылар мен конфессиялық қауымдардың заңды құқықтары мен олардың жетекшілерінің саяси мүдделік ұмтылыстарына қысым кӛрсетуден туындаған сезімдерінің ұлғаюына назар аудару қажет. Дінді саяси мақсаттарға қолдану. Конфессияаралық қатынастардағы шиеленістердің біртіндеп күшеюі.
Жоғарыда берілген себептер қандай да бір ұлттылық қатыстылықты қарастырмайды.
Зерттеу барысында қарастырылған ӛзге де зерттеулерден байқалғандай, діни экстремизмнің маңызды сипаттарының бірі оның нақты бір әлеуметтік топқа немесе қалыптасқан билеу тәртібіне тұтастай немесе жартылай кейбір элементтеріне қарсы бағытталғандық болып табылады. Діни экстремизмнің бұл сипаты қалыптасқан жүйеге қанағаттанбау, әлеуметтік депривация немесе фрустурация сезімдеріне негізделеді. Осы негізде қанағаттанбау (немесе кӛңіл толмау) сезімі экстремизм кӛрінісінің орын алу себебі ретінде айқындалады. Мұндай қанағаттанбаушылық сезімдері индивид санасындағы түсініктердің ӛзекті бола түсуіне ықпал етуі мүмкін. Егер діни экстремизм кең мағынасында идеялардан тұрады деген түсінікті негізге алатын болсақ, мұндай идеялардың толық белгілерін анықтау қажет. Оның негізгі белгісі әрекет етуге немесе идеяны тәжірибеде іске асыруға итермелейтін элементтің болуы. Ол индивидтің қандай да бір әрекет етуіне дайындығын білдірмейді, алайда, оның пікірлері мен сенімдерінің негізгі элементі болып табылады.
Діни экстремизм әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамда орын алатындықтан, ол сӛзсіз шеттелу ұғымымен байланысты (индивидтің немесе топтың). Алайда шеттелуді адам мәнінің абстрактілік құбылысы ретінде емес, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру керек. Діни экстремизм қандай да бір әлеуметтік топтың әлеуметтік болмыстың дәстүрлі, мәнділік формаларынан әлеуметтік реформалар, революциялар және дағдарыстар кезіндегі шеттелу жағдайына заңды реакциясы. Ол нақты тарихи әлеуметтік жағдайдағы ӛзіндік сақталудың, нақты топтың қорғалуының формасы. Алайда, бұл реакция кӛп жағдайда қалыптасқан әлеуметтік жағдайда, нақты топтың ӛзгеріске ұшырап отырған ахуалдан қорғануының адекватты емес және аса тиімді емес болып табылады.
Діни экстремизм түсінігін талдай отыра, оған теоретикалық тұрғыдан анықтама беруге ұмтыла отырып, радикализм, экстремизм, терроризм секілді терминдердің логикалық дифференцациясы мәселесімен жолығу қалыпты болып табылады. Бұл терминдерге нақты анықтама бере отырып, діни
экстремизмнің мәнін анықтауға болады. Діни экстремизмнің мәнін анықтауда оны әлеуметтік тәжірибенің тӛтенше әрі десруктивті формасы ретінде қарастырылатын тәсілді қолдану қажет.
Діни экстремизмнің мәнін қарастыруды «радикализм» категориясын талдаудан бастау қажет, ӛйткені діни экстремизм радикализмнің ерекше формаларының бірі болып табылады. «Радикализм» ұғымына ғылыми әдебиеттерде әртүрлі анықтамалар берілген. Кӛп жағдайда бұл ұғымға екі түрлі түсінік беріледі: радикализм оны жақтаушылар нақты жүйені сынға алып, түбегейлі ӛзгертулер мен реформаларды талап ететін саяси ағым ретінде қарастырылады.
Радикализм қандай да бір мәселені шешуде радикалды әдістерді қолдану, іс-әрекеттің шешуші түрі. Бірінші мағынасында термин тек іс- әрекет формасын ғана емес сондай-ақ, оның негізі болып табылатын нақты идеологияны білдіреді. Екінші мағынасында радикализм қызметтің түріне қарамастан тек іс-әрекет әдісі ретінде сипатталады.
Діни экстремизмді радикализмнің бір түрі ретінде мәнін анықтауда, радикализмді келесідей анықтаған орынды «радикализм шеткі, айтарлықтай агрессивті идеологияларға және тӛтенше, шешуші әрекеттерге негізделген әлеуметтік тәжірибе немесе қызмет типі, ол нақты әлеуметтік саяси жүйені немесе жағдайды түбегейлі ӛзгертуге бағытталған». Сондай-ақ, радикализмде екі ӛзара толықтырушы жағдайды қарастыруға болады: радикалды идеология және радикалды қызмет. Радикализм, қандай да бір әлеуметтік субъектілердің дағдарысты, шиеленіскен ахуалға қатысты реакциялары.
Радикализмнің әлеуметтік ӛзгерістердің сипаттарына қатысты пайда болатын екі негізгі формаларын кӛрсетуге болады. Бірінші форма конструктивті, революциялық радикализм, ол қалыптасқан әлеуметтік жүйені сапалы, прогрессивті тұрғыдан қайта ӛзгерту. Радикализмнің бұл формасында деструктивті қоғамды түбегейлі ӛзгерту арқылы жаңа қоғам құратын әлеуметтік революция болып табылады. Екінші формасы деструктивті радикализм, ол ескірген, заман талабына сәйкес келмейтін ескі әлеуметтік қатынастарды агрессивтік қимылдар арқылы сақтауға бағытталып, пайда болуы ықтимал жаңа қоғамды немесе қалыптасқан әлеуметтік жүйені бұзуға бағытталады. Бұл жалған негіздегі әлеуметтік агрессия, ол сол шиеленісті немесе ықтимал шиеленісті жағдайда пайда болған топтардың, күштердің тӛтенше немесе стихиялы түрдегі әрекеттері. Мұндай агрессивті әрекеттер әлеуметтік және мәдени сәйкестену мен ӛзіндік сақталуға үлкен қауіп тӛндіреді.
Бұл анықтамаға сәйкес діни экстремизмнің қазіргі таңда орын алып отырған кӛріністерін деструктивті радикализмге жатқызуға болады. Сондай- ақ, деструктивті радикализмнің ӛзін оның негізі болып табылатын және бағытын анықтайтын идеолгиясының сипаттамасы мен радикалдардың әлемуеттік қызметінің іске асыру тәсіліне қатысты екі түрге бӛліп кӛрсеткен жӛн. Бірінші түрі әлеуметтік ӛзгертудің утопиялық, иллюзорлы
бағдарламасын ұсынатын фанаттық идеологияға негізделеді. М.Я. Яхьяев:
«Фанатизм әлеуметтік революцияның иллюзорлық деструктивтік формасы. Фанатизм ӛзінің иллюзорлы идеалына сәйкес әлемді иллюзорлы ӛзгерту идеясына берілгендік болып табылады» [16]. Деструктивті радикализмнің бұл түрін «фанатизм» ретінде анықтауға болады.
Радикализмнің екінші түрі фундаментализм идеологиясына негізделеді. Фундаментализм кең мағынасында қоғамдық жүйені түбегейлі ӛзгертуге қарсы оның дәстүрлі негзідерін сақтауға бағытталған идеология. Дінге қатысты қолданысында фундаментализм діннің дәстүрлі догматтары мен қағидаларының ӛзгеріске түспейтіндігін білдіреді. Бұл догматтар мен қағидаттар дәстүрлі әлеуметтік қағидаттармен байанысты болу себебінен діни фундаментализм әлеуметтік-саяси дәстүршілдікпен байланысады. Фундаментализм идеологиясының мәні ескі әлеуметтік тәртіпке оралу немесе нақты әлеуметтік жүйені ешбір ӛзгерістер мен жаңартуларға жол бермеу арқылы сақтау болып табылады. «Фундаментализм қоғамдық идеологиялық, діни қозғалыстар, олар негізгі идеялар, қағидаттар, нақты ілімдердің құндылықтарына, доктриналарға берілгендіктерін ашық жария ете отырып, олардың дамуы барысында бұзылушылықтар, ауытқушылықтар, діннен безушіліктерді жоюды және алғашқы кездегі тазалық пен «алғашқы негізге» оралуды талап етеді. Фундаментализм ортодоксияның түрлі типіне жақын. Ол қандай да бір қозғалыстың дағдарысқа ұшырау шарттарында пайда болып, қайта ӛзгеру, жаңару үдерістеріне күш кӛрсету әдістерін қолдана отырып қарсы тұрады» [36].
Фундаментализм идеологиясына негізделген деструктивті радикализмнің дәл осы түрін «діни экстремизм» терминіне қатысты қолданған орынды секілді. Осы тұста А.Журавскийдің «Фундаментализм мен экстремизм ӛзара байланысқан. Екіншісі алғашқысының салдары мен дамуы болып табылады. Діни фундаментализм ӛзінің шектен шыққан формаларында экстремизмге ауысады. Бұл мағынада діни экстремизм шектен тыс кӛзқарастар мен әдістерге берілгендік және әлемді діни фундаменталистік кӛзқарастарға сәйкес қайта ӛзгертуге ұмтылу» деген анықтамасына келісуге болады [6].
Діни экстремизм қандай да бір әлеуметтік субъектілердің дағдарысты, тӛтенше жағдайлардағы немесе ахуалдағы әлеуметтік агрессиясы болып табылады. Бұл агрессия дағдарысты жағдайды осы әлеуметтік субъектілердің ӛзіндік қорғалулары мен олар дәстүрлі болып табылатын дәстүрлі ӛмір салтын сақтау мақсатындағы әрекеттері. Егер фанатизм әлемді ӛзіндік утопиялық идеалдарға сәйкес ӛзгертуге ұмытлса, экстремизм әлеуметтік субъектілердің дағдарысты жағдайлардағы ӛзіндік сақтаулары болып табылады. Мәнділігі бойынша фанатизм мен экстремизм түрлі әлеуметтік субъектілердің түрлі шиеленісті әлеуметтік жағдайларға түрлі реакциялары, олар бір-біріне ӛте алады және бірігіп, бір форма түрінде кӛрініс таба алады.
Діни экстремизмнің мәнін нақты анықтау үшін оны фанатизмнен нақты ажырата алу қажет, ӛйткені кӛп жағдайларда осы екі түсінікті бірдей мәнде қолдану кӛрініс табады. Олардың басты ерекшеліктерін бұл әлеуметтік деструктивті тәжірибе формаларының мақсаттары мен мотивациялары арқылы айқындауға болады. Фанатизм экстремизмге қарағанда анық әрі ашық утопиялық, дәстүрлі емес идеологияға ие және қоғамды осы идеологияға сәйкес радикалды түрде ӛзгертуге ұмтылады.
Экстремизм керісінше, қалыптасқан қоғамды ӛзгертуге емес, сақтауға бағдарланып әлеуметтік қалыпты радикалды ӛзгеруден қорғау үшін агрессиялы реакция танытады. Оның идеологиялық негізі ретінде фундаменталистік формадағы дәстүрлі идеология болып табылады. Ӛз мақсаттарын жүзеге асыру әдістері бойынша фанатизм мен экстремизм ұқсас, олар шектен шығатын зорлықшыл, бұзушылық актілерге жақын, яғни террористік әдістерді қолданады. Дәл осы ұқсастықтары бойынша аталған ұғымдарды бір мағынада қолдану және олардың екеуінің де терроризммен біріктіре қолдану мен қабылдануы жүзеге асады.
«Экстремизм» мен «терроризм» ұғымдарының логикалық бірігуіне жол бермес үшін, алғашқы ұғымның әлеуметтік әрекеттің шеткен тыс және ерекшелікті типін немесе тәсілін сипаттайтынын және мақсат, идеология, іс- әрекет мотивациясы, жүзеге асыру құралдары мен тәсілдері секілді ұғымдарды қамтитынын атап ӛткен жӛн. Ал екінші ұғым әрекет ету әдістерінің бір түрін немесе әрекет ету тәсілін білдіреді. Ол ӛзінің логикалық мәні тұрғысынан айтарлықтай тар. Алайда, терроризм экстремистік әрекеттің арсеналдар қатарына енеді және бұл арсеналда айтарлықтай орынға ие болады. Бірақ, экстремизм әлеуметтік әрекет ретінде тек терроризмен ғана шектелмейді.
Діни экстремизмді жалпы экстремизм секілді әлеуметтік әрекеттің шектен тыс, радикалды тәсілі ретінде анықтай отырып, экстремизмнің ерекшелікті тәсілдері мәселесін айқындаймыз. Бұл тәсілдер радикалды тәсілдерді қарапайым радикалды емес тәсілдерден ерекшелеуі тиіс. Мұндай тәсілді анықтау критерилері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар сандық емес сапалық тұрғысынан ерекшеленуі тиіс. А. және А.Нуруллаевтар мұндай критерилер ретінде қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерді радикалды түрде жоққа шығаруды ұсынады [12]. Алайда бұл белгі кӛп жағдайда салыстырмалы әрі формалды болып табылады. «2003 жылы ЕКПА
«экстремизм» ұғымына анықтама берді. Ол анықтамаға сәйкес, экстремизм парламенттік демократияның принциптерін ашық немесе астыртын түрде жоққа шығаратын саяси қызмет формасы» [37]. Бұл анықтама арқылы қарастыратын болсақ қылмыстық іс пен экстремизмнің айырмасы болмайтын секілді. Экстремизмнің адекватты тәсілі адамадар ӛміріне қауіп тӛндіретін және адамдарды тікелей жоюға бағытталған зорлық болып табылады. Бұл жерде тек күш кӛрсету емес, сондай-ақ, тұлғаны ӛнегелік психологиялық тұрғыда құртудың да орын алатындығын назарда ұстаған жӛн.
Алайда діни экстремизм тәсілі оның элементтерінің бірі экстремистік әрекет деңгейінде ғана анықталмайды. Ол сонымен қатар, тағы бір элемент экстремистік идеологияны да қамтуы қажет. Теоретикалық тұрғыдан діни экстремизм деп қалыпты әрекеттерден шектен шыққан антигумандылық арқылы ғана ерекшеленіп қана қоймай, сонымен қатар, нақты бір экстремистік идеологияға негізделе отырып жүзеге асатын әрекеттер де аталғаны жӛн. Нақты діни экстремизм ретінде экстремистік идеология арқылы мотивацияланған әрекеттер танылады. Экстремистік әрекеттің идеялық негіздері қандай, оның мотивациялары қандай және экстремистік идеологияның негізгі критерилері қандай деген сауалдар экстремистік идеологияның мәніне талдауды талап етеді.
Діни экстремизм жалпы экстремизм секілді әлеуметтік топтардың нақты шиеленісті шарттарға импульсивті реакциясы түрінде орын алып, оларға қарсы күрес барысында институцияланады. Мұндай интитутцияланудың элементтерін келесідей етіп кӛрсетуге болады: экстремистік идеология (дәстүрлі идеологияларды радикалдандыру арқылы пайда болады), экстремистік қауымдастық, экстремистік ұйымдар. Формасы жағынан діни экстремизм саяси әрекет ретінде кӛрініс табады. Әлеуметтік мағынасы бойынша қалыптасқан әлеуметтік тәртіпті радикалды ӛзгертуге бағытталған агрессиялы реакция. Ол түрлі әлеуметтік күштердің дағдарысты әлеуметтік жағдайларға қарсы дағдарысқа дейінгі қалыпқа келтірушілік бағыттағы реакциялар. Экстремизм мәнділігі бойынша шиеленісті жағдайдағы әлеуметтік топтың ӛздерін қорғау мен мәдени сәйкестенуін сақтау жолында шектен тыс әрекеттерді қолдана отырып күресу болып табылады. Алайда, бұл күрестердің, реакциялардың деструктивті әрі иллюзорлы сипатта екендігін ескеру қажет, ол аталмыш әлеуметтік топтың шиеленісті жағдайын шешпейді қайта шиеленістіре түседі.
Діни экстремизмнің ішкі құрылымы мен олардың ӛзара әрекеттестігін талдап кӛрсетуге болады. Діни экстремизм үш негізгі элементтерден тұрады: экстремистік идеология, экстремистік әрекет және экстремистік ұйым.
Оның базалық элементі экстремистік идеология болып табылады, ӛйкені ол экстремистік әрекетті мотивациялайды және экстремистік ұйымдардың беріктігін қамтамасыз етеді. Экстремистік идеологияның мәнін анықтау үшін экстремизмнің жалпы критериіне жатқызуға болатын кейбір нақты идеяларды кӛрсету жеткіліксіз. Алайда мұндай тәсіл жиі кӛрініс табады. Діни экстремизмнің критериі ретінде әдетте әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық теңсіздік, зорлық кӛрсету идеялары ұсынылады. Бұл тәсілдер экстремистік идеологияның сыртқы, формалды белгілерін ғана сипаттайды.
Бір қарағанда толық кӛрінетін экстремистік идеология туралы анықтаманы Ресей сарапшысы В.А. Бурковская ұсынады:
Идеология келесідей сипаттарға ие болса ол экстремистік болып табылады:
- әлемде орын алып отырған мәселелерді «біржақты» түсіндіру және оларды шешудің де қарапайым әрі міндетті түрде кӛмектесетін тәсілдерін ұсыну;
- болмысты «абсолютті игілік» және «абсолютті зұлымдық» деп бӛлу, және зұлымдық ретінде ӛздерінің жүйелеріне енбейтіндердің барлығы танылады;
- бір мәселені ерекше әсірелеу және оған қоғамда қалыптасқан құндылықтық иерархияға сәйкес келмейтін басымдылықты орын беру;
- ӛзге құндылықтар мен нормаларды қабылдамау немесе теріске шығару [17].
Діни экстремизм кешенді зерттелуі үшін түрлі әлеуметтік ғылымдарда жинақталған тәжірибелерді қолдануды талап ететін күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Зерттеу объектісі діни экстремизм болып табылатын әлеуметтік білім саласы ретінде діни экстремизмнің әлеуметтік концепциясы болуы мүмкін. Діни экстремизм құбылысын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу оны қоғамда қалыптасқан нормалар, ережелер, қағидаттар мен салт-дәстүрлерге қарсы бағытталағн девиантты әрекет ретінде қарастырудан басталғаны жӛн. Діни экстремизмді зерттеудегі бірінші бағыт құбылыстың генезисі мен пайда болуын зерттеу, екінші бағыт діни эістремизмнің әлеуметтік шынайылықта орын алу ерекшеліктерін анықтау.
Діни экстремизмің әлеуметтік себептерін қарастыруда О.Г.Бахтияров оны «экстремалды шекпен» байланыстырып, экстремалды шекті келесідей айқындайды: «Экстремалды шек бұл соғыс, апат, революция, әкстремистік әрекеттер, олар легитимді емес мақсаттарды кӛздейді және оған қол жеткізу үшін қалыпты әлеуметтік құрылымды бұзатын, оның дамуын тежейтін легитимді емес құралдарды, технологияларды пайдаланады» [18].
Ресей анықтамалығында экстремизмді туындататын ауқымды себептер кӛрсетілген: «Экстремизмді түрлі факторлар туындатады: қалыптасқан қоғамдық құрылымдардың қирауы; халықтың басым бӛлігінің кедейленуі; экономикалық және әлеуметтік дағдарыс; халықтың басым бӛлігінің тұрмысының нашарлауы; мемлекеттік биліктің әлсіреу мен оның институттарының дискредитациясы; атқарушы тәртіптің құлдырауы; антиәлеуметтік кӛріністердің кӛбеюі; құндылықтар жүйесінің ыдырауы; ұлттық қатыстылық бойынша қысымның күшеюі және т.б.» [38]. Берілген тізімде экстремизмнің барлық себептері кӛрсетілмесе де негізгі әлеуметтік экономикалық және саяси себептер анықталған.
О.А. Русанова экстремизмді әлеуемттік девианттылық формасы ретінде қарастыра отырып, оның себептерін жалпылама түрде кӛрсетеді:
«Экстремизмнің айтарлықтай дамуына елдегі әконмикалық әлеуметтік дағдарыстар, халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауы мен кедейленуі, әлеуметтік, ұлттық және ӛзге де шиеленістер, демократия құқықтар мен
бостандықтардың ӛрескел бұзылуы, құндылықтардың құлдырауы, авторитаризм, тоталитаризм, фашизм, нәсілшілдік және т.б.» [14].
Кӛрсетілген себептер тізімін қарастыра отырып, экстремизмнің қайнарларын кешенді түрде қарастырған жӛн секілді. Олардың негізгі тӛрт тобын: әлеуметтік экономикалық, саяси, идеологиялық және психологиялық (мұнда ӛзара тығыз байланыстағы әлеуметтік психологиялық индивидуалды психологиялық факторлар енеді). Кӛрсетілген тӛрт негізгі факторлар тобы кейбір әлеуметтік топтарды экстремистік қимылдарды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сондай ақ, экстермистік әрекеттің сӛз жүзеге асуы үшін кӛрсетілген себептермен қатар, нақты түрткі қажет болады.
Экстремизмге себеп болып табылатын әлеуметтік экономикалық факторларға нақты әлеуметтік топтың әлеуметтік жағдайының бірден тӛмендеуі, әлеуметтік мәртебесінің тӛмендеуімен нымен байланысты сол әлеуметтік жүйедегі құқықтары мен бостандықтарының да тӛмендеуі. Сонымен қатар, ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуі ұзақ уақытқа созылады. Экстремизді туындататын екінші әлеуеметтік экономикалық фактор нақты әлеуметтік топтың әлеуметтік перспективасның болмауы, ол топтың жақын келешекте де болашағын қамтамасыз ететін немесе ӛзіндік әлеуметтік сақталуына жағдай жасайтын нақты экономикалық мүмкіндіктерінің болмауы. Үшінші әлеуметтік экономикалық себептер, қоғамдық иеліктер мен кірістерді бӛлу кезіндегі әлеуметтік топтық қайшылықтар, мұның негізінде бір әлеуметтік топтардың екінші әлеуметтік топтарды пайдалану деңгейін бірден кӛтеруге ұмтылуышылық жатыр. Экстремизмнің экономикалық факторлары қандайда бір әлеуметтік жүйенің немесе ӛркениеттің әлеуемттік экономикалық дағдарыс күйіне ӛтуінен туындайды. Осылайша, қоғамдық жүйенің экономикалық және әлеуметтік дағдарыстары экстремизмнің әлеуметтік эконоикалық туындатушылары болып табылады.
Әдетте әкономикалық әлеуметтік дағдарыстар саяси күрестің бірден жандануы мен түйткілді болуымен қатар жүреді, мұнда барлық күресуші топтар, партиялар саяс индукция заңдылығы бойынша саяси күрестің экстремистік формалары қолданылады. Билеуші саяси күштер жалпы дағдарыс жағдайында қандай да бір реформалар ӛткізуге мәжбүр болады. Бұл жерде биліктің екі таңдауы кӛрініс табады: қалыптасқан әлеуемтік жүйені жақсартуға ықпал ететін революциялық реформалар жүргізу арқылы ықтимал экстремистік кӛріністер әлеуетінің алдын алу немесе уақыт талабына сай келмейтін әлеуметтік жүйені сақтауға ұмтылатын консервативтік шешімдер қабылдау арқылы шиеленісті ахуалды тереңдете түсу.
Шын мәнінде кез келген реформалар қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды, ұлттық кірісті бӛлуді, негізгі әлеуметтік топтардың әлеуметтік мәртебелерін ӛзгертетіндіктен, билік тарапынан жүргізілетін кез келген реформаторлық қызметтер экстремизмнің орын алуына жағдайлар жасайды. Сондай ақ, биліктің ӛзі реформаларды жүргізу барысында экстремистік
әдістер мен тәсілдерді қолдануы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің дағдарысы мен биліктің реформаторлық қызметтері билікке саяси оппозициялық бағыттағы әлеуметтік топтардың табиғи қарсылығын туындатады. Осылайша, экстремизмнің саяси факторларына келесілерді жатқызуға болады:
- Дәстүрлі билеу жүйесінің дағдарысы;
- Биліктің дағдарысты жағдайдағы саяси және әлеуметтік экономикалық реформалары;
- Саяси дағдарыс пен реформаларға қарсы қоғам мен саяси оппозициялардың табиғи қарсылықтары мен күрестері.
Экстремизмнің әлеуметтік экономикалық және саяси себептерін жиынтықтай келе экстремизмнің жалпы себебі орын алған дағдарыспен шарттандырылатын әлеуметтік тарихи жүйенің дағдарысы мен әлеуметтік қарсылықтардың барлық түрлері мен ішкі әлеуметтік шиеленістер болып табылады деп тұжырымдауға болады.
Жоғарыда айтылғандай, экстремизмнің негізгі белгілері идеология болып табылады. Сол себепті, жүйелі әлеуметтік дағдарыс кезінде түрлі әлеуемттік топтардың мүдделерін білдіретін пайда болатын экстремистік идеология (бірнеше түрінде) экстремизмнің туындауына қажетті себептердің бірі болып табылады. Экстремистік идеологияның пайда болуы дәстүрлі, ресми идеологияның дағдарысты жағдайда әлеуметтік жүйені тұрақтандырушы қабілетінен айрылып, қоғамдық санаға ықпалын жоғалтуы жағдайында пайда болады. Дәстүрлі идеология орнына түрлі альтернативті, соның ішінде, саяси, діни, ұлттық, нәсілдік сипаттағы экстремистік идеология пайда болады. Бұл идеологиялар жүйенің дағдарысымен, дәстүрлі идеологияға қарсы маргиналды зиялылардың қатысуымен дайындалуы мүмкін. Сонымен бірге, жаңа экстремистік идеологияны дайындауға алдыңғы экстремизм түрлерінің философиялық және саяси ойлар мен тұжырымдамалар және теориялар қолданылады. Ескі экстремистік идеологиялар модернизацияланып жаңа ахуалға бейімделінеді. Әрине экстремистік идеологияның мұндай түрі жеткіліксіз. Бұл идеология бұқаралық санаға ендірілуі тиіс. Сол себепті, экстремистік идеологияны жасаушы теоретиктердің қызметі уағызшы насихаттаушылардың қызметімен қатар жүзеге асқанда ғана экстремизмнің пайда болу себебі ретінде қарастырыла алады.
Экстремизмнің қалыптасуына психологиялық себептер де үлкен рӛл ойнайды. Оларға экстремимтік әрекеттерді мотивациялайтын сезім мен кӛңіл күй, жүріс тұрыстық ұстанымдар жатады. Әлеуметтік экономикалық дағдарыстар жағдайында барлық әлеуметтік топтарда сәйкесті эмоционалдық психологиялық қайғыру, қобалжуларды туындатады. Орын алған дағдарысты жағдайдың салдарынан әлеуемттік тұрғыда жойылып кету қаупінің алдында тұрған әлеуметтік топтар ӛздерінің ӛмірілік қажеттіліктерінің қысымға түсуі себепті үнемі әрі күшеюші сипаттағы психологиялық фрустрация жағдайында болады.
Мұндай әлеуметтік фрустрацияның нәтижесінде бір жағынан езілгендік, жаншылғандық, шарасыздық, үрей мен әлсіздік секілді негативті сезімдерді, екінші жағынан, жеккӛрушілік пен агрессияның стеникалық сезімдерінен тұратын амбивалентті сезімдер пайда болады. Мұндай эмоциялық жиынтықтар барлық жайсыздықтардың себебі болып табылатын «жауларға» қарсы зорлықшыл, қатал әрекеттерді кӛрсететін экстремистік, радикалды әрекет ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді. Іс әрекеттің экстремистік ұстанымы нақты топқа қатысты болған әлеуметтік қиыншылықтарды түзету зорлықшыл қатал тәсілдер мен әдістер арқылы радикалды ӛзгерту арқылы мүмкін болады деген сенімді ұстанумен сипатталады.
Экстремистік іс әрекет ұстанымы сондай ақ, барлық нормативті тыйымдарды босаңсыту немесе құқықтықтан бастап заңдарға дейінгі нормативті тыйымдарды қабылдамауымен де сипатталады. Экстремизмнің негізгі факторлары бір жағынан кӛрсетіліп кеткен әлеуметтік экономикалық саяси дағдарыстардан туындайды, екінші жағынан олар осы себептердің нәтижелері ретінде, екінші жағынан, бұл себептердің күшеюіне ықпал етіп, бұқаралық санада экстремистік идеологияның қабылдануына жағдай жасайды. Яғни, тек психологиялық факторлар арқылы ғана экстремизмді туындатушы барлық себептердің соңғы синтезі жасалады.
Экстремизмнің кӛрініс табуына жоғарыда кӛрсетілген кешенді себептерден ӛзге, қоғамың жарылуына әкелетін қосушы тетіктердің қызметін атқаратын сылтау немесе қозғалтқыш қажет. Нақты тарихи жағдайларда мұндай қызметті қоғамдағы кез келген саяси әрекет немесе биліктің шешімі, техногендік немесе табиғи апаттар, идивидуалды экстремистік оқиға және арнайы провокациялық террористік акті болуы мүмкін.
Жалпы діни экстремизмнің бастаулары мен себептері жекелеген адамдардың ішкі рухани дүниесіндегі қайшылықтарды шеше алмай тұйыққа тірелудің нәтижесінде пайда болған іс-әрекет десек де болады. Бұл қайшылық сенім мен мінез-құлық, идеалдық пен реалдық, сӛз бен іс, дін мен саясат арасындағы байланыстардың дұрыс жолға қойылмауының нәтижесі. Сонымен бірге, діни экстремизмнің бастаулары мен себептерін жаһандану үрдістерінен де іздестіру қажет. Жаһандану жағдайындағы бӛгде мәдени құндылықтардың шамадан тыс экспансиясы, нақтырақ айтқанда агрессивтік мінез-құлықты қалыптастыратын батыстың тобырлық мәдениеті де діни экстремизмді тудырудың бірден-бір кӛзі болары сӛзсіз. Қоғамдағы ұлттық рухани құндылықтардың тоқырауы, олардың девальвацияға ұшырап, адамдардың мінез құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі болудан қалуы жастар санасында интолеранттылықты қалыптастырып қана қоймай діни экстремизмге де жол ашудың бірден-бір мотивіне айналып отыр.
Кӛп жағдайда діни экстремизмді сектанттық қозғалыспен байланыстырады.Тарихи тұрғыдан мұндай кӛзқарастың ӛмір сүруге құқы бар екені белгілі. Осы тұрғыдан Европадағы дін тарихына сәл назар аударсақ
діни негізде болған соғыстар, инквизиция, кітаптарды ӛртеу, қан-тӛгістердің барлығын діни экстремизмнің кӛрінісі ретінде қараструға болады. Изуит Орденінің негізін қалаушы Игнати Лойлдың «мақсат қандай болмасын құралды ақтайды» деген идеясы дін тарихынан белгілі. Бірінші идея, содан кейін ғана адам. Діни идея үшін ӛзін және басқаларды құрбандыққа шалу діндер тарихында діни экстремизмнің адамзат тарихында ертеден пайда болмағанын дәлелдейді. Сондықтанда, діни экстремизм тек ХХI ғасырдың нәтижесі деп қарау шындыққа жанаспайды. Бұл жердегі басты сұрақ ортағасырлық тағылыққа жол бермеу, оған оралудың жолдарына ӛркениеттілік тұрғысынан тосқауыл қою.