ОҚу пӘні бойынша тапсырмалардыҢ орындалуы мен тапсыру кестесі

Жұмыс түрі Тапсырманың мақсаты және мазмұны Ұсынылатын әдебиет Орындау мерзімі Балл Бақылау түрі Тапсыру уақыты
Дәріске қатысу Теориялық материалдарды зерделеу Негізгі және қосымша әдебиеттерді қарастыру Семестр бойына / аптасына бір рет 0 ден 100 дейін Ағымдағы бақылау Бақылау аптасы қорытындысы бойынша/ оқу семестірінде 2 рет
Семинарлар Берілген материалдарды қарастыру Ұсынылған әдебиет бойынша Семестр бойына аптасына 0 рет 0 ден 100 дейін Ағымдағы бақылау Әрбір семинардың қорытындысы бойынша
СОӨЖ Туындаған сұрақтар бойынша топтық және жекелеген консультациялар Негізгі және қосымша әдебиеттер Семестр бойына / аптасына 1 рет 0 ден 100 дейін Ағымдағы бақылау Әрбір дәрістің қорытындысы бойынша
СӨЖ Берілген тақырып бойынша студенттің өзіндік іздестіру жұмысы Негізгі және қосымша әдебиеттер Бекітілген кесте бойынша 0 ден 100 дейін Ағымдағы бақылау дәрістің қорытындысы бойынша
Тест Студенттің алған білімін тексеру Негізгі және қосымша әдебиеттер 20 мин. 20 сұраққа 0 ден 100 дейін тест Семестр бойыны 1 рет
Аралық бақылау Алған білімді тексеру Негізгі және қосымша әдебиеттер 1 акад. сағ. 0 ден 100 дейін Берілген сұрақтардың варианттары бойынша жазбаша жауап беру Семестр бойын 2 рет
емтихан Білімді қорытынды тексеру Негізгі және қосымша әдебиеттер 1 акад. сағ. 0 ден 100 дейін Компьютерде тест Семестрдің аяқталуымен

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Оқулықтар, оқу құралдары

Авторы, атауы, басылып шыққан жылы Қай жерден табуға болады
  1. Теория государства и права под ред. Хропанюк В.Н. 2008. 2. Теория государства и права под ред. Н.И.Матузова Курс лекций, 2006. 3. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. – Қарағанды, 2001. 4. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. – Қарағанды, 2003. 5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – Москва, 1996 6. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999. 7. Өзбекұлы С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 2006. 8. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. – Москва,1997. 9. Теория государства и права под ред. А.У.Бейсеновой, 2006. 10. Теория государства и права под ред. Ибраева А.С. Учебное пособие 2-е издание, 2006. 11. Теория государства и права под ред. В.К.Бабаева Учебник, 2007. 12. Теория государства и права: Учебник / под ред. Корельского В.М., Перевалова В.Д., М., 2000; 13. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998. 14. Маймақов Ғ. Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы. Алматы:Ғылым, 2000. 15. Сапаргалиев Г.С., «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г. 16. Бачило И.Л. Факторы, влияющие на государственность // Государство и право. 1993. № 7. 17. Бутенко А. П. Государство: его вчерашние и сегодняшние трактовки // Государство и право.1993. № 7.   Кітапхана                                   Кафедра                      
   

Дістемелік нұсқаулықтар

  Қай жерден табуға болады
Авторы, атауы, басылып шыққан жылы Кітап хана Кафед Ра
1. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – М.: Новый юрист, 1998. – 624 с. 2. Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. – М.: Юр. лит., 1993. – 166 с. 3. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан (с древнейших времен до 1992 года). – 2 изд-е, перераб. и доп. – Астана, 2001. 16. История отечественного государства и права. Учебник. / Под ред. проф. О.И. Чистякова —М.: Издательство БЕК, 1999.       -   -   -

ГЛОССАРИЙ

Абсолюттік монархия-шексіз монархия

Әлеуметтік норма-қоғамдық манызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы

Басқару нысаны-қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуы

Гипотеза-өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы

Достық-сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы

Демократиялық режим-барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықта болуы

Демократиялық емес режим-халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы

Диспозиция-құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелері

Империя-мемлекеттің күш қолдану арқылы біріктіру

Конституциялық монархия-шектелген монархия

Креационизм-әлемнің барлығын құдайдын жаратуымен түсіндіреді

Конфедерация-бір біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатқа жету үшін құрылған одағы

Конституция-мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар, референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие негізгі заңы

Консолидация-кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру

Құқықтық мемлекет-мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарының арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқытарының тиімді қорғалуы

Құқық-әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетпен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы

Құқық қағидалары-қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасыу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығы

Құқықтық идеализ-құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау

Құқықтық нигилизм-құқықтық тәртіпке деген сыйламаушылық көз қарас

Мемлекет-арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін басқаруды іс жүзіне асырайтын арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі

Мемлекет нысаны-мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сынарларының мәндік жиынтығы

Мемлекеттің құрылым нысаны-мемлекетте биліктің территориялық кеңістікте ұйымдасуы және іс жүзіне асырылуы

Мемлекеттің функциялары-оның алдында тұрған міндеттері мен мақсаттарын іс жүзіне асырудың негізгі бағыттары

Ңұсқаулық-заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжей көрсететін нормативтік-құқықтық кесім

Объект-құқық бұзушылы қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуы

Плюрализм-көппікірлілік

Реципроктлық-коллективті түрде өндірілген өнімнің бәріне ортақ болуы

Редистрибуция-жиналған барлық өнімнің қоғам мүшелері арасында тең бөлінуі

Республика-жоғары мемлекеттің биліктің қалыптасуы сайлау арқылы белгілі бір мерзімге дейін құрылады

Романо-германдық құқықтық жүйе-тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативті құқықтық кесімдердің қабылдануы

Регламент-қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесім

Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері

Санкция-мемлекет бекіткен құқықтық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкешіліктін түрі

Субъект-жауапқа тарту қабілеттілігі бар, құқық бузушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамда айтады

Унитарлық-мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы

Федерация-бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттік субъектілердің болуы

Функция-орындау деген мағынаны білдіреді

Эволюция теориясы-әлемнің пайда болуы Үлкен жарылыс теориясымен түсіндіріледі

Дәріс кешені

Наши рекомендации