Азіргі заманның жаһандық проблемалары

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары. Лаңкестік және экстримизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

Саяси болжамдау

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).

Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жайы және проблемалары.

Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.

СИЛЛАБУС

1. Іліпов Мәулен Тайлақұлы,Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Ибраев Ержан Ерсайынұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы

Байланыс телефоны: 353738 (40-27, 40-22)

Ғылыми қызығушылығы: саясаттану, саяси партиялар, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік

Ғылыми мектеп: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» мамандығы

2. Оқу пәнінің атауы, коды және кредиттер саны: «Саясаттану», 2 кредит

3. Курсты өткізу уақыты және орны: сабақ кестесі бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Бүкіләлемдік тарих, Философия, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану. Постреквизиттер -Құқық негіздері.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы:

Жоғары оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. Міндеттері:

- студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар беру;

- Қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйрету;

- қоғамдық өмір заңдылықтарын шешуге және маңыздылығын түсінуге көмектесу.

Күтілетін нәтижелер:

Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.

Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.

Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.

5.1. Оқу тәртібінің бағыты: Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.

5.2. Оқу пәіннің мақсаты:саяси ғылым, саясат, саяси билік, мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру және оның механизмдерін түсіндіру

5.3. Оқу пәнінің міндеттері:

  • Категориялық аппаратты игеру;
  • Саясат, сяасат әлемі ұгымдарын, саяси ғылымды игеру;
  • Биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну;
  • Саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну;
  • Саяси жүйе теорияларына талдау жасау;
  • Биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау;
  • Саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін түсіндіру, саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгереді.

Наши рекомендации