ШыҒыс септіктегі сӨзді меҢгерген етістікті сӨз тіркестері
Барыс септік бағытты, жетер жерді, мезгілді білдірсе, шығыс септік — оған кері мағыналы форма. Ол іс-қимылдың басталған мекенін, мезгілін атайды: қалаға барады — қаладан барады. Шығыс септіктің де осы басты мағына негізінде сараланған көп мағыналары бар. Ол мағына тіркеске енген бағыныңқы компоненттердің семантикасына байланысты көрінеді.
1. Шығыс септіктегі сөз дара бір ғана етістік немесе
есім сөзге қатысты болып тіркеспей, бастауыш — баян-
дауыштық байланыстағы екі сөзге бірдей қатысты болады. Үлкендерден Оспан келді, қос аяқтыдан осы жүйрік. Мұндайда шығыс септіктегі сөз өкіл шығарған жалпы топты атайды да, тіркестегі басыңқы зат есім, есімдік сол дара секілді білдіреді: Ойлап тұрсам, үлкеннен мен, жастан сен екенсің қалған (Ғ. Мұст.). Бұл тіркестің ерекшелігі мына салыстырудан айқын байқалады: Оспан үлкендерден келді —үлкендерден Оспан келді.
2. Шығыс септіктегі сөз жақсы, жаман, озық, кейін,
жүйрік, шабан т. б. осы сияқты сапалық сын есімдермен
тіркескенде, салыстыруға алынған объектіні білдіреді:
Мынау менен жазымпаз екен!— деді Жақып. Жаман құр-
быныц серіктігінен сендердің серіктігің артық екен
(Ғ. Мұст.).
Осы салыстыру объектісін білдіруді «шығыс септіктегі зат есім озды» болып құралған тіркестен де көреміз: баладан озды, көптен озды.
3. Тіркестің бағыныңқысы бүтіннің бөлшегін атайтын сөз болып (мойны, қолы, көзі — адамның дене мүшелері: шеті, ортасы, төрі — үйдің орны, бөліктері), басыңқы семантикалық жағынан іс-қимыл басталған мекенді атайтын сөзді талап ете алмайтын етістік болса (ұстады, қысты, ұрды, орды, шашты, байлады, шешті т. б.), мұндайда шығыс септіктегі сөз бөлшек ретіндегі объектіні білдіреді:мойнынан қысты, етігінен ұстады. Объект сөз табыс септігінде меңгерілсе, бөлшек екендігін білдіру жоғалады: мойнын қысты — мойнынан қысты, етегін ұстады — етегінен ұстады.
Осы бөлшек объектіні білдіру үшін тиді, көздеді етістіктеріне де меңгерілетін сөз шығыс септік тұлғаны қабылдайды: көзінен тиді, қолынан тиді, көзінен көздеді, қолынан көздеді. Ал тиді, көздеді өзсемантикасының ынғайында болса, бағыныңқы сөзді негізінен барыс септікте меңгерген болар еді:көзіне тиді, қолына көздеді т. б. Тиді, көздеді объектілік қатыстығы сөзді шығыс, барыс септікке бірдей меңгере береді. Бірақ объектінің бүтін бір заттың бөлігі екенін баса таныту керек болғанда, бағыныңқы сөз шығыс септік тұлғасын қабылдайды.
1. Шығыс септік формасы аталған мағына ерекше-
лігі арқасында мекендік мағынадағы көмектес септіктің
орнын басатыны бар. Пысықтауыштық қатысқа түскен
сөзді осы екі формада меңгеру жүрді, өтті етістіктері
құрайтын тіркестерден байқалады: шетімен өтті — шеті-
нен өтті, ортасынан жүрді — ортасымен жүрді.
2. Санаулы сөздердің катысуымен құралып, шығыс
септіктегі зат есім мен етістіктен жасалған тіркестер іс-
қимылдың амалын, құралын білдіреді. Басыңкы етістік
пен меңгерілген сөздің арасында мұндай қатынас мына
жағдайларда пайда болады:
а) бағыныңқы сөз қол болып, басыңкы ретінде атты, жөнелтті, өткерді, өткізді, атқарды, сойды, бауыздады етістіктері катысса: қолынан сойды, қолынан жөнелтті т. б. Куамын, қолымнан бауыздап өлтіремін! (М. Ә.) Жантаев қызуланып алып, Есіркептерді өз қолынан атпақ боп, наганын суырып алмасын ба! (Б. М.).
Іс-қимылдың амалын, құралын, негізінен көмектес септік білдіреді. Аталған тіркестерді де көмектес септігі арқылы кұрауға болады. Бұл тіркестердін шығыс септік арқылы кұралуы колынан өткізді, қолынан берді тәрізді лексикалық аядан басталған болу керек. Бұл сөздердің арасындағы қатынас амалдық, мекендіктің аралығында көрінеді.
Құрал — объектілік қатынас оқшау, дара құралған мына тіркесте де бар: көзінен атқызды. Кейде төсекке жатқанда да ойға шомып, щиялданып көрер таңды көзі-нен атқызатын күні де болады (Б. М.).
ә) бағыныңқы компонент ретінде кісіге байланысты атау сөздер қатысып, басыңқы ретінде жібер, айт, білдір етістіктері қатысса: балаңнан хабарла, жәрдемшіңнен білдір т. б. Хабарыңды Раңыштан айтарсың (М. Ә.).
Іс-қимылдың амалы, құралы ретінде объектіні білдіргендіктен аталған тіркестер арқылы көмекші есімнің жәрдемімен құралатын тіркеске қызмет жағынан жуықтасады: балаңнан хабарла — балаң арқылы хабарла.
Тура объектілік қатынасты шығыс септіктегі зат есім айналайын (эмоцияны білдіретін) сөзіне тіркескенде білдіреді: баласынан айналайын, елден айналайын. Оны хабарлаған Аманнан да айналайын (Ғ. Мүст.).
6. Шығыс септіктегі зат есім мен етістіктен, шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше мен етістіктен жасалған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіреді: астан ауырды, құмнан шаршады, орғаннан сұйылды т. т. Бұл қатынас есімше мен етістіктен құралған тіркестерде әсіресе басым көрінеді. Зат есім мен етістіктен жасалған тіркестерде себептік қатынас сөздердің лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты. Бұл сөздер мағынасыиа орай мекендік (іс-қимылдың басталған мекені), мезгілдік (іс-қимылдын, басталған мезгілі) катынасқа түсе алмайтындай болуға тиіс. Есімше мен етістік катынасқан сөздердің арасында себеп-салдарлык қатынастың басым болуы да олардың лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты.
Бұл тіркесті себептік қатынасты білдіру мақсатында пайдаланудың шеңбері әр стильде әрқалай көрінеді. Жазба тіл тіркесті, ілгеріде атаған шартқа сай, белгілі жатыкқан сөздерді қатыстырып, өлшеммен жұмсайды. Ауызекі сөйлеу тілі бұл тіркеске сөздерді мол қатыстырып кұрайды: мінезінен (тілінен) тауып тұр, керенаулығынан ұнатпайды т. т.
Шығыс септіктегі зат есім (есімше) мен етістіктен күралған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіргенде, осы мағыналас, «барыс септіктегі зат есім (есімше) етістік» түріндегі тіркестермен шамаласады: Суықтан ауырды — суыққа ауырды, орғаннан сүйылды — орғанға сұйылды. Екі тіркестің бұлай жуықтасуы тілдің себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін шығыс, барыс септіктерінің мекендік, мезгілдік мағыналарын бірдей негіз етіп алғанын байқатады. Ал себеп-салдарлық катынас білдіретін бұл тіркеске орнықпаған, тосын сөздер енгізілгенде, оған үшін арқылы құралған тіркес параллель болып жұмсала алады: тілінен табады — тілі үшін табады, мінезінен жек көреді — мінезі үшін жек көреді. Осы мінезінен көбі оны жек көреді. (Ғ. Мұст.).
7. Шығыс септіктегі зат есім адамның дүние тану
әрекетін білдіретін етістіктермен (естіді, білді, байқады,
сұрады, көрді т. т.) тіркескенде информация берген
объектіні атайды: елден естіді, сөзінен байқады, қаба-
ғынан таниды т. б.
8. Біз ілгеріде шығыс септіктегі зат есім етістікпен
тіркескенде іс-әрекеттің басталған мекенін білдіретінін
айтқанбыз. Бұл қатынас козғалыс, жүріс процестерін
атайтын етістіктерге (барды, келді, шьщты, басталды,
қозғалды т. т.) байланыста пайда болады. Басқа етістік-
терден бұл мағыналық қатынас тумайды, түрлі объек-
тілік, себеп-салдарлық қатынастар пайда болады. Ал
мына тіркесте шығыс септік жатыс септік білдіретін ме-
кендік мағынаға жуықтайды: ауылдан көрді (ауылда
көрді), қаладан ұстады (қалада ұстады). Сол түстан ол
бір жаңа қазылған борсықтың інін көрген екен, кешкі
салқынмен соны қазбақшы болдьқ. (Қ. Сақабаев).
Шығыс септіктегі сөз бұл қызметті санаулы етістіктермен (көрді, ұстады) тіркескенде ғана атқарады. Орхон жазуларында осы күнгі шығыс, жатыс септіктерінің мағынасын жалғыз шығыс септік атқарған, аталған фактілер осы синкретизмнің жаңғырығы ретінде пайда болған болу керек ‘.
9. Шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше бағы-
ныңқы компонент болып етістікпен тіркескенде мезгіл-
дік қатынасты білдіреді. Сөйлескеннен-ақ Әбдірақман
туралы сұрады. (Б. М.).
10. Шығыс септіктегі зат есім құрау, жасау, тұрғызу
процестерін білдіретін етістіктермен (тікті, салды, қала-
ды, жасады т. т.) тіркескенде, сол процестерге жұмсал-
ған материалды атайтын объектілік қатынас пайда бо-
лады: кірпіштен қалады.[37-40-б]