Б) Оқыту құралдары және монографиялар

25. Әбдірайымова Б. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық зиянның орнын толтыру туралы, Алматы, Юрист, 2001.

26. Әлімбаев Т.А. Экология және саясат, Астана 2003.

27. Амандықова С.К. ҚР Конституциясы: заңдық мәні мен табиғаты. Қарағанды, 2000.

Студенттер білімін бағалау критерийлері

Пәнді оқып-үйрену барлық өтілген материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады. Емтихандық баға университетте қабылданған студенттің оқу қызметін тестілік-рейтингілік бағалау жүйесін ескере отырып қойылады. Семестр ішінде тестілеу және ауызша коллоквиум формасы арқылы жүргізілетін үш аттестация, лекцияға қатысу, лекция конспектілерінің болуы студенттің оқу қызметін бақылау формалары болып табылады. Аттестацияның оң шешімі емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып табылады.

Бақылау түрі %-тік мәні Оқытудың академиялық кезеңі, апта Барлығы, %
Қатысу 0,3 * * * * * * * * * * * * * * *
Лекция конспектісі 0,7   *   *   *   *   *   *   *  
Семинар сабағының жұмыстары 1,0 * * * * * * * * * * * * * * *
Тесттік сұрау 5,0             *             *  
коллоквиум 5,0         *         *       *  
Емтихан                               *
Ат. бойынша                            
Барлығы                                

Студенттердің білімін бағалау белгілері

Пән бойынша емтихан бағасы аралық бақылау (60% дейін) және қорытынды аттестаттау (емтихан) (40% дейін) бойынша үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталады және кестеге сәйкес 100% дейін мәнді құрайды.

Әріптік баға бойынша бағалау Сандық бағалау эквиваленттері Меңгерілген білімдердің проценттік мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А А- 4,0 3,67 95-100 90-94 Өте жақсы
В+ В В- 3,33 3,0 2,67 85-89 80-84 75-79 Жақсы
С+ С С- D+ D 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 Қанағаттанарлық
F     30-49   Қанағаттанарлықсыз

Саясат және рәсімдер

«Құқық негіздері» пәнін оқу кезінде келесі ережелерді сақтауды өтінеміз:

1. Сабаққа кешікпей келуді.

2. Дәлелді себепсіз сабақ босатпауды, ауырған жағдайда анықтама, ал басқа жағдайларда түсініктеме хат ұсынуды.

3. Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді.

4. Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру.

5. Жіберілген практикалық және зертханалық сабақтар оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру.

6. Сабақ үстінде оқытушы мен курстастарымен сыпайы, мейірімді қарым-қатынаста болуды.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Наши рекомендации