Бақылау сұрақтары. 1. Банк операцияларын макроэкономикалық деңгейде реттеудің қажеттілігі, мәні
1. Банк операцияларын макроэкономикалық деңгейде реттеудің қажеттілігі, мәні, мазмұны
2. ЕДБ-дің өтімділігін реттеудің мәні, мазмұны
3. Банк қызыметін реттеу әдістері
4. Банк қызыметін пруденциялық реттеу
5. ЕДБ-де пруденциялық нормативтерді бұзған жағдайда қолданылатын шаралар
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер - 1-9, 11, 12.
Заңдамалар мен нормативтік актлер – 1, 2.
Мерзімді басылымдар - 1-6.
Интернет - 1-7.
Тақырып. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялары
Дәрістің мақсаты:Банк ресурстарын жинақтау және тарату мақсаты мен банктердің экономикадағы рөлі жөнінде студенттердің ілімдік білімдерімен қатар тәжірибелік түрде қалыптастыру.
Дәріс жоспары
1. Банктік ресурстарды құрау көздері
2. Пассивтік операциялары
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:банк ресурстары, банк аралық зайымдар, несиелік ресурстар, банк пассиві.
1.Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығынң уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
- депозиттер;
- банкаралық займдар;
- депозиттік емес көздер;
- коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары. Несиелік ресурстардың аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі — экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.