Йымдардағы инновациялық технологиялардың қолдану дәрежесін талдаңыз
Қазіргі уақытта ЖШС «EUROMEDEX» барлық өндірістік және технологиялық жұмыстар толығымен автоматтандырылған және компьютерленген. Жаңа компьютерлік технологиялардың арқасында дәрі дәрмек құрамын талдауға және бақылауға мүмкіндік беретін зертханалар құрылады және соның арқасында ең төменгі шығындармен дәрі дәрмектерді өндіруді көбейтеді.
ЖШС «EUROMEDEX» өзінің қызметінде белсенді түрде жаңа технологияларды қолданып, ғылым және техника саласында озық жобаларды пайдаланды. Фармацевтика саласында инновациялық технологияларды жасау және қолдану нәтижелілікті жоғарылатады, дәрі өндіру өсімімен, салық түсімінің өсімімен, адами капитал мен экономиканың жапсарлас саланың дамуымен байланысты айқын қоғамдық-экономикалық нәтижелерді әкеледі
Қазіргі уақытта инновациялық жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, соның ішінде лабараторияда жаңа технологияларды колдана отырып зерттеулер облысында; жоспарлауды автоматтандыру, сатып алу, тауар, жұмыс және қызметтерді іске асыру және бақылау; мониторинг процестері мен қоймадағы қорлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыру; электронды құжат айналымы жүйесін жаңарту секілді т.б.
Кәсіпорынның сыртқы ортасын қалыптастыратын факторлардың сызбасы
Компания |
Әлеуметтік |
Экономикалық |
Бәсекелестік |
Саясаттық |
Техникалық, технологиялық |
Нарықтық |
Халықаралық |
Рбір факторды жеке дара сипаттап беріңіз. Қандай факторлар Сіздің Компанияңызда қолданылады. Олардың өзара байланысын көрсетіңіз.
Мына сызбада көрсетілген факторлардың ішінде бәсекелестік және нарықтық факторлардан басқасы кәсіпорынға жанама түрде әсер етуші факторлар болып табылады. Ал аталған екі фактор тікелей әсер ететін факторларға жатады. Олардың әрқайсысына жеке тоқтала кетсек:
Экономикалық фактор - инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты, қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі т.б. ұйымның жұмысына әсер етеді. ЖШС «EUROMEDEX» өзінің саясатын құрғанда және өзінің басты қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Үкіметінің орташа мерзімді бағдарламасында бейнеленген, елдегі экономикалық жағдайлардың даму бағытының болжамына негізделеді. «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-да ЖШС«EUROMEDEX» бағалы қағаздарының болуы отандық және шет елдік инвесторлардың Компанияның акцияларына деген сенімін арттырады. Экономикалық факторының бірі ретінде «EUROMEDEX» Қазақстанның фармацевтика саласында жетекші орын алып, осы саладағы кәсіпорындардың арасынан ірі бестіктің ішіне кіретінін айта кетсек болады. Сонымен қатар, Компания салық төлеушілерінің бірі ретінде аймақтың және елдің экономикасының дамуыны елеулі үлес қосады. Соңғы бес жылдың ішінде жергілікті және республикалық бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 546 млн. 560мың теңге төлеген болатын.
Техникалық, технологиялық фактор. Әрбір кәсіпорын технологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұйым байланыс құралдарымен толық жабдықталып, мәлімет-ақпараттар, жаңалықтар мезгілінде қызметкерлерге жетіп отыруы қажет. Технология - өнім өндіру мен қызмет көрсетудің, оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне жаңаруына байланысты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де біршама өзгеруі мүмкін. Жоғарыда айтып кеткендей, Компанияның қазіргі күнде өндіріс орнындағы жұмыстар автоматтандырылған және компьютерленген. Соның арқасында зауттағы және зауыт зерханасындағы жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырады. Фармацевтика саласында инновациялық технологияларды жасау және қолдану нәтижелілікті жоғарылатады, дәрі дәрмек өндіру өсімімен, салық түсімінің өсімімен, адами капитал мен экономиканың жапсарлас салаланың дамуымен байланысты айқын қоғамдық-экономикалық нәтижелерді әкеледі. Сонымен қатар, Компания өзінің қызметкерлеріне қауіпсіз жұмыс ортасын құру үшін, апаттық жағдайлардан, оқиғалардан қорғау үшін жаңа технологиялар мен әдістер қолданады.
Әлеуметтік фактор-адамдардың көзқарасына, тәрбиесіне, тілек-ықыласына, зиялылығы мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Басшы әлеуметтік ортамен санаспай болмайды. Менеджер үшін әлеуметтік көзқарас, сенімділік, бағалылық өте маңызды:
-сенімділіктің болатын себебі мынада: жұмыс істегісі келетін адамдарда жұмыс барысында әртүрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану қажет;
-іскерлік қызметте бәсекелестікке сену;
-жеке адамдардың діни наным-сеніміне, нәсіліне қарамастан құрметтеу;
-білімге сену және оны құрметтеу;
-қисынды процестерге ғылыммен техникаға сену.
Қазіргі уақытта және алдағы болашақта компанияның қызметіне жағымсыз әсер ететін әлеуметтік факторлар айтарлықтай ықпалын тигізе алмайды. Компанияда мамандандырылған оқыту мен қызметкерлердің еңбектік жұмыс процессінде білімді табыстау мен жұмыс тәжірибесін қосатын, өздерінің персоналдарының біліктілігін үздіксіз арттыратын жүйесі бар. Компанияның басты кеңсесіндегі басқарушы қызметкерлермен қатар кен орындарындағы жұмыскерлердіде қамтып алатын оқыту шаралары жүргізіліп отырады. Қызметкерлері оқыту бағдарламаларына қатысады, шет елдік мұнай компанияларында тәжірибеден өтіп жатады.
Саяси фактор. Әрбір ұйымдағы әрбір басшы түрліше заңдармен, қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады. ЖШС «EUROMEDEX»» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚР-ның заңнамасын және өз Жарғысын басшылыққа алады.
Бәсекелестік фактор. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін басқа да бәсекелес ұйымдардың іс-әрекеттерімен санасуына тура келеді. Бәсекелес ұйымдардың нарықта алатын орны, өндіріс ауқымы, сату шапшаңдығы, басты ерекшеліктері, баға деңгейі, жарнамаларының тиімділігі, жаңалығы, тәжірибесі, өнім сапасы, қызметкерлердің білім деңгейі, жалпы беделі осы ұйым үшін ерекше роль атқарады. Әрбір ұйымның бәсекелестік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана табысқа жетеді. Сол себепті, кәсіпорын өзімен бәсекелес, даму деңгейі жоғары ұйымдардың жұмысын үнемі бақылап отыруы тиіс, бұл жағдайда кәсіпорын әрқашан алға шығып, дами түседі. Жылдан жылға Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы дамып келе жатыр. Соған сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын фармацевтика компанияларының арасында бәсекелестіктің өскенін байқауға болады. Компания ұстанымының беріктігі келесілер бойынша айқындалады:
•Өңделген мониторингтік және маркетингтік саясатымен;
•Ішкі және халықаралық нарықтағы беделімен;
•Баға параметрлері бойынша;
•Ұсынылатын қызметтердің сервисімен және сапасымен;
•Кәсіпорынның әлеуметтік маңыздылығымен.
Көріп отырғанымыздай барлық фактор ЖШС «EUROMEDEX» қолданылады екен. Осы факторлардың арасындағы өзара байланыс тығыз деп айта аламын, өйткені Компания өз мақсатына жету үшін ең біріншіден осы факторларға көңіл бөледі. Компания табысы сыртқы ортаның өзгерістеріне тәуелді, себебі сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе ретінде дамиды.