Азақстанның несие нарығы
Несие рыногы – оның көмегімен шаруашылық субъектілер мен қаржы-қаражатқа зәру халық және шаруашылық субъектілер мен оны белгілі бір талаптарға сай бере алатын (қарызға бере алатын) халық арасында өзара қарым-қатынас орнатылатын механизм. Несие рыногы арқылы экономика сфераларының арасында қарыз капиталын жинақтау, бөлу және қайта бөлу жүзеге асып қайта өндіру процесінде ақшалай капитал босатылады. Ол онда рынок арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады. Содан соң несие берушіге банктер мен өзге де қаржы-несие институттарына қайта қайтып келеді.
Несие рыногының мәні онда қандай: өзінің немесе бөтеннің, жиналған ақша капиталының пайдаланылғанына байланысты емес, яғни банкир өз ісін тек өз капиталының көмегімен немесе тек оған депозитталған капитал көмегімен жүргізе ме оның маңызы жоқ.
Несие рыногы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, капиталдың ел ішінде қозғалуы, ақшалай жинақтардың капитал сомасына трнасформациялануы, негізгі капиталдың жаңартылуы, ғылыми-техникалық революцияны іске қосу жүзеге асырылды. .
Қаржы рыногының құрамдас бөлігі ретіндегі несие рыногының маңызды рөлі ұсақ, ақша қаражаттарын біріктіруде, бұл рыноктың өндіріс пен капиталдың шоғырлануы мен орталықтануына белсенді әсерлесуіне мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізіне ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады, осыған орай бұл жинақтау оқшауланған процесс ретінде емес, ең алдымен оның бүкіл қайта жаңғырту барысына әсер ету тұрғысынан маңызды. Ақша капиталын жинақтау макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан нақты жинақтаумен тығыз әрекеттеседі. Ақша капиталының негізінен халықтың жинақ ақшасы есебінен қалыптасатыны, ал олардың мөлшері еліміздің жалпы ұлттық өніміндегі капитал салымының үлесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайтындығы белгілі.
Несие рыногының мәні мен рөлі оның қызметтерін анықтайды. Несие теориясында несие қызметінің мазмұны мен санына қатысты біркелкі көзқарас жоқ. Алайда, барлық несие мәнінің қайта бөлу, яғни айналымның несиелік құралдарын құру қызметтерінен көрініс табуын басшылыққа алып және кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарын ұстана отырып, біз қазақстандық несие рыногына тән төрт қызметті көрсетеміз:
- несие арқылы тауар айналымына несиелік қызмет көрсету;
- шаруашылық субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің ақшалай жинақтарын (жинақ ақшаларын) тарту;
- ақша қорларын тікелей ссудалық капиталға жинақтау және оны өндіріс процесіне қызмет көрсету үшін капитал салымы түрінде пайдалану;
- мемлекет пен халыққа мемлектетік және тұтыну шығыстарын жабуға арналған капитал көзі ретінде қызмет көрсету, сондай-ақ күшті қаржы-өнеркәсіптік топтар құруға әрекеттесу.
Несие рыногының ақшалай формадағы құн қозғалысымен, несие ресурстары және бағалы қағаздар түрінде әр түрлі акция қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты екендігі белгілі. Несиелік рынок деңгейімен қоғамдық жаңғыртуды дамытуға кететін ақша қорларының қозғалысы көлемі бағыты, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынастарға ықпалы өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының құрылымына мыналар жатады:
- тұтыну несиесі нарығы,
- ипотекалық несие нарығы
- корпоратвтік несие нарығы.
- Коммерциялық несие нарығы
- Микрокредиттік несие нарығы
- Ломбардтық несие нарығы
- Банкаралық несие нарығы.
- Мемлекеттік несие нарығы.
Несие рыногының негізгі қатысушыларына мыналар жатады:
- несие берушілер (банктер мен банктік емес ұйымдар)
- қарыз алушылар (заңды және жеке тұлғалар)
- Мемлекеттік ұйымдар
Несие беруші – ссуда беретін несие мәмілесінің тарапы. Тауарлық өндірістің бастапқы сатыларында несие берушілер өсімқорлар болады. Бұның одан ары дамуымен ақшалай несие берушілер ретінде банк мекемелері қатысты. Ал тауарларды ссудаға беру кезінде тауар өндірушілер несие беруші болады. Ссуда беру үшін несие берушіде белгілі бір қаражат болуы тиіс. Оның көзі өзінің жинақ ақшалары, өз кезегінде қайта өндіру процесінің басқа субъектілерінен қайтарымды негізде алынған ресурстар болуы мүмкін. Қазіргі нарықтық шаруашылық жағдайында несие беруші банк тек өзінің жеке ресурстары есебінен ғана емес, оның өз шоттарында сақталатын, тартылған, сондай-ақ бағалы қағаздарға орналастыру арқылы жұмылдырылған қаражаттар есебінен де ссуда бере алады.
Қарыз алушы – несие алушы және алынған ссуданы белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несие қатынастарының тарабы. Өсімқорлық кезеңінде несиені ұсақ шаруалар, шебер қолөнершілер, сондай-ақ ірі жер иелері немесе жалпы бай адамдар пайдаланған. Банктердің пайда болуымен ол олар үшін ұжымдық несие беруші болатын қарыз алушылар шоғырланады. Несие берушіге қарағанда ссудалық мәміледе қарыз алушы келесідей ерекшеліктерге ие болады. Біріншіден, ол қарызға алынатын қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, ол оның уақытша иесі болады, өзіне теисілі емес бөтен ресурстармен жұмыс жасайды. Екіншіден, қарыз алушы қарыз ақшаны айналым сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Несие беруші өндіріске тікелей кірместен айырбас фазасында ссуда береді. Үшіншіден, қарыз алушы оны шаруашлығындағы айналымын аяқтап қарыз ресурстарын қайтарады. Қайтарымды қамтамасыз ету үшін қарыз алушы өндіріс процесін несие берушімен есеп айырысу үшін жеткілікті ақшаны босауын қамтамасыз ететіндей етіп құруы тиіс. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған соманы қайтарып қана қоймайды, пайыз төлейді. Бұл жерді қарыз алушының оған еркін өктемдейтін несие берушіге тәуелді екендігін байқауға болады.
Несие қозғалысының заңдылығы несие рыногындағы несие беруші мен қарыз алушы арасындағы пайда болатын қатынастарды толыққанды түсінуге мүмкіндік береді.
Несие қатынастарына түсе отырып, несие беруші мен қарыз алушы өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несие қатынастары тегінде несие беруші мен қарыз алушы орын алмастырулары мүмкін, несие беруші қарыз алушыға, қарыз алушы несие берушіге айналады.
Өзімізге белгілі несие рыногының құралы құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін, ссудалық мәміленің нысаны болатын, айырбас сатысында пайда болатын несие болады. Соңғысы несие қозғалысының ядросы болып табылады.
Несие мүмкіндігі шынайы болу үшін белгілі бір талаптар қажет. Біріншіден, несие беруші де, қарыз алушы да – экономикалық байланыстан туындайтын міндеттеменің орындалуына материалдық кепілдік беретін заң тұрғысынан дербес субъектілер ретінде қатысуы керек. Екіншіден, несие беруші тек қарыз алушы мүддесі сәйкес келгенде несие қажет болады. Несие мәмілесі жасалу үшін оның қатысушылары несиеге деген ортақ мүдде білдіруі тиіс, бір жақтан – ақша қаражатын ссудаға беруге, екінші жағынан – оны алуға деген несие қатынастарының субъектілері арасындағы өзара мүддеге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылықпен, беріктілігімен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шегімен анықталады.
Сатып алу-сату барысында тауарларды жүзеге асыру сатушылардың олардың ақшалай эквивалентін дереу алуға әркез әкеле бермейді. Сатып алушы тауарға ақыны белгілі бір мерзім өткеннен кейін төлей алады. Сатушы – несие берушіге, ал сатып алушы – борышқор болады. Несие беруші мен қарыз алушы бір полюсте өтемін алу мерзімі кейінге қалдыру, екіншісінде – оны төлеу орын алған жағдайларда қатысады.
Несие нарығының құралдарына несиенің мынадай түрлері жатады:
1. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.