Заң шығарушы орган
заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.
заң шығарушы органдар мемлекеттік аппарат құрылымында орталық орынды алады. Бүл органдардың негізгі мақсаты заңдық қызмет болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде заң билігі органдарының ерекше рөлін көрсету үшін, жеке елдердің конституциялары «парламент мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатынына» ғана сілтемей, сонымен қатар «мемлекеттің жалғыз заңдық органы» ретінде қарастырылуын бекіткен (Жапонияның 1947 жылғы Конституциясының 41 бабы). Осы мақсатта басқа мемлекеттер парламентпен қабылданатын заңдарда қандай сипатты ережелердің болуын көрсетеді. Д. Локк «заң билігі қажетілік бойынша жоғарғы болуы және қалған биліктер белгілі бір дәрежеде оның қол астында және оған тәуелді болуы керек». Себебі заң шығарушы билік мемлекеттік пен қоғамдық өмірдің құқтық қайнар көздерін бекітеді және елдің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, демек атқарушы мен сот биліктері қызметінің нысандарын мен құқықтық ұйымдастырылуын анықтайды. Мемлекет механизмінде заң шығарушы органдардың басты жағдайына ие болуы салдарынан, онымен қабылданатын Заңдардың жоғарғы құқықтық күшіне иеленеді және құқық нормаларына жалпыға міндетті сипатта болады. Дегенмен, заң шығарушы органдардың жоғарғы орган ретінде қарастырылуы абсолютті сипатта емес. Оның қызметінің шектері құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, бостандық пен әділеттік идеяларымен шектелген. Оны қызмет ететін конституциялық заңдардың сәйкес болуын қамтамасыз ететін арнайы конституциялық органдар мен халық бақылайды.
Сонымен қатар заң шығару функцияларын шоғырландыра отырып,парламент бірқатар жағдайларда өзінің функцияларының біршамасын өзінің қол астындағы (өзі бақылайтын) органдарға тапсырады. Сөйтіп, АҚШ Конгрессі, РФ Федералдық жиналысы, ҚР Парламенті, Англия Парламенті, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенаты жоғарғы заң шығарушы органдар ретінде түрлі себептерге байланысты белгілі бір актілерді дайындап, қабылдауды өкіметке, жеке министрліктерге мен ведомстволарға тапсырады.
11. Үкімет дегеніміз не?
Келесі мемлекеттік басқару нысаны бұл— үкімет. Қазақстан Республикасы үкіметі— атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оған республиканың салалары бойынша құрылған министрліктері, үкіметтік органдары, комитеттер және агенттіктер қарайды. Жергілікті атқарушы органдар әкімшіліктер. Үкіметті қазақстан республикасының премьер министрі басқарады. Қ.Р.- ның Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжілісалдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi. Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
· ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
· мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
· ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
· сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
· сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
· халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
· Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.