Көрме-жәрмеңкелер-санаторлы курортты өнімді жылжытудың құралы ретінде
Халықаралық көрме бюросы «көрме» терминіне мынадай анықтама береді: «көрме – бұл көрініс, оның негізгі мақсаты адамзаттың иелігіндегі құралдарды қолдану арқылы қазіргі және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып халықтың санасын, білімін арттыру».
Көрме іс-шаралары туристік маркетингте ерекше орынды иемденген. Көрмелер туристік кәсіпорынға бір уақытта лайықты қызметтер туралы ақпаратты алуға және таратуға көмектеседі. Көрмелердің көрсететін негізгі қызметтері: саланың дамуын бағалау, баға саясатында дұрыс бағдар көрсету, әріптестердің тәжірибесінен үлгі көрсету. Сонымен қатар көрмеге қатысу арқылы экономикалық жағынан келесідей әсер байқалады:
- туристік кәсіпорынның тұтынушылар базасының ұлғайюы;
- турагенттер мен дайын қызметтерді ұсынатын компаниялармен жасалған келісімдердің көлемі.
Қазір әлемде туризммен байланысты өткізіліп жатқан көрме шаралары жеткілікті. Сонымен, барлық көрмелерді мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) салалық – бір істің бағыты бойынша. Бұлар ең алдымен маманданған туристік көрмелер, жәрмеңкелер, биржалар;
2) жанамалы – басқа салаға қатысты, бірақ туристік қызметпен байланысы бар;
3) жалпы, көрмеде бірнеше сала бойынша бағыттардың даму деңгейі анықталады.
Туристік өнімге деген клиенттердің қызығушылық деңгейі мамандандырылған көрмелерде жоғары болып келеді. Олардың ішінде нақты бір аймақтың турөніміне байланысты («Туризм және Саяхат»), сыртқа шығатын туроператорлар үшін (FITUR (Мадрид); BIT (Милан), POW WOW (АҚШ-ң бір қаласы) және тағы басқалар.
Көрме-жәрмеңке іс-шаралары:
- тұрақты тұтынушыларға осы немесе басқа елге, аймаққа саяхат жасауға мүмкіндік береді;
- ұсынылған турөнімдерге назар аудартады;
- шетел туристерінің осы ел (аймақ) туралы көзқарасын кеңейтеді, оларға елдің туризм саласының дамуын тұрақты қамтамасыз етуге арналған бағыттар бойынша туристік саясат және өлшемдер туралы мәлімет береді;
- туристік кәсіпорын және әкімшілік өкілдерімен контакт құруға, серіктестік және сатылым бойынша келісімдерді жасауға көмектеседі;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен контакт құруға, олардың көмегін мүмкіндігінше пайдалана отырып туристердің осы елдің туристік потенциалы жайлы көзқарастарын кеңейтуге жәрдем береді;
- туристік ұйымдардың озық тәжірибесі мен жарнамасын зерттеуге мүмкіндік береді;
- бәсекелесуші туристік бағыттардың ұсыныстарын, олардың ұсынған ұқсас туристік өнімдерін талдауға зор мүмкіндік береді;
- қазіргі сұранысты анықтап, оның даму болжамын жасап береді;
- туризм нарығы конъюнктурасының жай-күйі жайлы мәлімет береді.
Сауда-өнеркәсіп көрмелері бүгінде бизнестің дағдалы элементіне айналды. Өнімін жылжытуға қызығушылық білдірген кез келген компания көрмеге қатыспай жанынан өтіп кете алмайды. Оның алдында қандай мақсаттар тұр? Көрмеде сұрақ-жауап жүргізген кездегі нәтижелері былай болды: экспоненттердің 70%-ң негізгі мақсаты – компанияның нарықта орнауы мен өз имиджін сақтау.
Көрмеге қатысу – жай ғана шаруа. Ең қиыны көрмеге дұрысталып дайындалып, оны іс-шараға айналдыру. Ол нақты мынадай маркетингтік мақсаттарды шешуі керек: сауда өнімдерінің презентациясы, баға орнықтыру сұрақтарын шешу, тарату каналдарын қалыптастыру, жылжыту стратегиясы мен сату саясаты, нарықты және бәсекелестік ортаны зерттеу.
Кәсіби дайындалған көрмелердің маркетингтік потенциалы өте жоғары, бірақ ол әртүрлі қолданылады. Әдетте екі мәселе шешіледі: қатысқанын білдірту және тұтынушылар талғамын байқау.
Маркетингтің басқа құралдармен салыстырғанда тауардың шынында қандай мүмкіндіктерге ие екенін көрсете алатын көрменің айқын артықшылықтары бар. Сол артықшылықтары мыналар:
Көрмеде кәсіпорынның маркетингтік саясатының барлық жақтарын қамтитын әртүрлі маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Бұл өз өніміне де, бәсекелес тауарына да қатысты. Негізгі зерттеулер:
- өнімнің сапасы;
- brand essence (бренд маңызы);
- жаңа сауда маркалары;
- дайындау, қалыптастыру;
- баға құру саясаты, шикізат, материал және дайын өнімге баға құру:
- сату саясаты, өткізу каналдары және маркетингтік жүйе;
- тауарды жылжыту саясаты: жарнамалық және PR компаниялары, сату орнында жылжыту (промо-акциялар, мерчандайзинг), жарнамалық, POS материалдар және тағы басқалары.
Туризм және қонақ үй индустриясында көрме іс-шаралары жүйелі түрде жиі өткізіліп келеді. Олардың ішіндегі көбісі барлық салаларда белгілі бір орынға ие болды. Лондондағы World Travel Market, Берлиндегі ITB, Сингапурдағы ITB, Шанхай қаласындағы World Travel Fair, АҚШ-тағы The New York Times Travel Show сияқты көлемді шаралар ең ірі қонақ үй, туристік компаниялар нарығындағы кәсіпкерлер өз жұмысын атқарып отыратын халықаралық туризмдегі «барометр» болып табылады.
Стендті дайындаған кезде стенд дайындаушы мамандардың, дизайнерлердің қызметін қолданған дұрыс. Олар стендті жалғыз атмосферасы бар қайталанбас, турфирманың сенімділік, беріктік, сапа рәмізі болатын стилі мен имиджін көрсететіндей қылып жасайды. Қағаздағы эскиз экспонаттың болашағын және орнын көрсететін көрнекті үлгісі болып табылады.
Соңғы он жылдың ішінде көрмелер саны тез өсіп, соған байланысты туризм бойынша маманданған фирмалар саны да өсіп, ал бәсекелтіктің ұлғаюы олардың арасындағы профессионализм дәрежесінің өсуіне жағдай жасайды.