Мұхамеджан Тынышбаев 11 страница

Өзін-өзі басқаруы

Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.

Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:

• әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;

• заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;

• шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;

• әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.

Экономикасы

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.

Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.

Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.

Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.

2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.

Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.

Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.

Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.

Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.

Мәдениет және қоғам

Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Спорт

• Барыс (хоккей клубы)

Қаланың назар аударарлық орындары

• Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше.

• АHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"қ-HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

• БHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA_(%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82)"әйтерек — Астананың басты символы.

• Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады

• Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.

• Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.

66. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

67.Н.Назарбаевтын «Қазақстандық жол» еңбегіндегі негізгі идеяны ашыңыз

2007 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі экономика және саясат саласындағы өзгерістеріне талдау жасалады.«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» стратегиялық жоспарлаудың маңызды құжатына айналады. Кітапта стратегия қалай және неліктен әзірленгендігі, оның қандай әсерге ұшырағандығы және жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында оның қазіргі күнге дейін қандай рөл атқарып отырғандығы жан-жақты түсіндіріледі.

Келесі бөлім кертартпа адамдармен табанды күресу арқылы 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның қалай жасалғанын баяндайды.

«Каспий үшін шайқас және мұнай шуы» бөлімінде Каспий жағалауындағы елдердің күрделі қатынастары айтылады.

Тағы бір таңбалы асу — ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Бұл туралы «теңге — біздің тәуелсіздігімізді ң символы» тарауында айтылады.

Бұл бөлім біздерді 1992-1993 жылдарға қиын, әлеуметтік жағдайларға қайта оралтады.

Ол кезде Қазақстан бар күшімен рубльдік аймақта қалуға ұмтылды. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан рубль қалыптасқан экономикалық байланыстардың қызметін білдіретін.

Сонда да болса қиын шешім қабылдау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды қадам жасау қажет болды.

1992 жылдың көктемінде - ақ ұлттық валютаны енгізуді дайындау бойынша құпия комиссия құрылды. Қазақстанның ақшасы Англияда - «Харрисон және оның ұлдары» және «Томос де ру» компанияларында басып шығаруға шешім қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» айналымға енгізілді, өз алдына дербес валюта қаржы жүйесін, салық және кеден комитеттерін, ұлттық билікті қалыптастырудың алғы шарты болды.Елдің экономикасы қарқын алды, бірақ маңызды ауылшаруашылық секторы ақсап жатты Жер мәселесінің эволюциясы туралы, парламенттегі қиын пікірталастар туралы және оның үкіметке қарсы тұруы туралы арнайы бөлім баяндайды.Кітапта Қазақстанның қалай ғарыш державасына айналғандығы айтылады, Байқоңырды Ресейге жалға беру оқиғасы баяндалады.

Бүл шешім ғарыш кешенін сақтап қалуды ғана емес, сондай-ақ Мемлекеттік ғарыш бағдарламасын дамытуға да мүмкіндік берді. Сөйтіп, Байқоңыр ғарыш торабымен Қазақстан және Ресейді байланыстырады.

«Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» атты соңғы бөлім ерекше толқумен жазылған. Мұнда Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы алыс асулардың қалай ашылғандығы, жаңа астананың жұлдызы қалай жарқырағандығы, Астананың Еуразия кіндігіне, қуатты экономикалық мегаполис пен рухани келісім орталығына айналуы туралы баяндалды.Бөлімде Президенттің өз жоспарын іске асыру үшін жүргізген күресі туралы көптеген қызықты деректер, куәліктер, болжамдар мен айғақтар келтіріледі. Бүгінгі күнде барлық күмәндар артта қалып қойды.

Жаңа астана шындыққа айналды, ол еліміздің мәдени, экономикалық және саяси өсу көкжиектеріне жол ашты.

Қазақстанның халықаралық беделін арттырды. «Біз астананы жоқтан бастап құрдық. Оның көшірілуіне байланысты барлық проблемаларды жүректен өткіздік. Бүл арман еді. Енді болса ол - әсем қала, Қазақстанның мақтанышы мен жүрегі», деп жазады Елбасы.

ҚР Президентінің жаңа кітабы - ең алдымен жастарға сабақ. Жауапкершілік, саяси көрегенділік, дау жүректік, жігерлілік сабағы.Қазақстандық жол - бұл тәуелсіз республиканы экономикалық және саяси күйреуден, әлеуметтік дағдарыстан гүлденуге, әлеуметтік тұрақтылық пен рухани келісімге әкелетін жол.

Кітап Қазақстандық патриотизмге, ұлттық қадір-қасиеттің жоғары сезіміне және ұлттық мақтанышқа тәрбиелейді.

68.Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол»мақаласы

Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын еске салады. "Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды жазды.

Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.

Біздің бірінші реформамыз "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.

Назарбаевтың айтуынша, ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.

Сонымен қатар, бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді.

Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.

Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек.

Назарбаев сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде жазды.

69.Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 ж., 19 наурызда «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн » атты жолдауын жолдады. 2003 жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi бiзде өттi. Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi.Ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердiң, бизнесшiлердiң, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.

Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.
1. Бәсекеге қабiлеттi экономика Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.

Елбасы Н.Назарбаев бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiледи.Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:

– экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;

– Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

– Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

– ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

– инфрақұрылымдарды дамыту.

Елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.

70.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары

Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді

Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынады. Әрине, ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Және экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:

1. Агроөнеркәсіп кешені.

2. Құрылыс саласы.

3. Мұнай өңдеу.

4. Металлургия.

5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика.

6. Энергетика.

7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі инновациялық жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды одан әрі дамытуға серпін береді. Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге асырылмақ. Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.

Наши рекомендации