Жалақының мәні, оның негізгі формалары
Меншік иелері арасында өндіріс факторларынан алынатын табыстарды бөлу маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе. Мұндай факторларға еңбек, капитал, жер жатады. Осы факторларға сәйкесжеке шаруашылық субьектілері шеңберінде табыстардың негізгі формалары: жалақы, пайда, процент және жер рентасы қалыптасқан.
Қай экономикалық жүйе болмасын табыстардың көпшілігі жалақы формасында болады.
Қазіргі экономикалық ғылымда жалақының мәні туралы әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Батыс экономикалық ғылымының өкілдері жалақыны еңбектің бағасы ретінде қарастырады. Мысалы, Макконелл мен Брюдің пікірінше «жалақы немесе жалақының ставкасы- ол еңбекті пайдаланғаны үшін төленетін баға». Басқа концепция бойынша (К.Маркс), жалақы жұмыс күшінің бағасымен құнының өзгерген формасы ретінде анықталады. Жалақының негізін тауар жұмыс күшінің құны құрайды. Жалақының жұмыс күшінің құнының төңірегіндегі қозғалысы, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы реттеліп отырылады.
Ақшамен бейнеленген жұмыс күшінің құны- жұмыс күшінің бағасы болып табылады. Жұмыс күшінің бағасы әртүрлі факторлардың ықпалымен оның құнынан ауытқи алады. Бұл тенденция жұмыс күшінің тауар ретіндегі спецификалық қасиеттерімен байланысты болады. Ол ұдайы өндіріс процесінде жұмыс күшінің құнына басқа тауарларға қарағанда жұмысшы мен оның жанұясының қажетті тіршілік заттарының құны кіретіндігін білдіреді. Бұл ерекше товардың тағы бір спецификалық қасиеті, оның бағасының ерекшеліктерінен байланысты. Сұраныс пен ұсыныс ықпалымен тауарлардың бағасы, оның құнының төңірегінде ауытқып отырады. Бұл құбылыстың жоғарыда көрсеткеніміздей жұмыс күшіне де қатыс бар, оны номиналды және нақты жалақының дәрежесінен көруге болады.
Номиналды жалақы деп жұмысшы өзінің еңбегі үшін алатын ақшалай табысы. Жұмысшы номиналды жалақысына өзіне және жанұясына қажетті азық- түлік өнімдерін, киім-кешек және басқа да тауарларды сатып алуға, коммуналдық және т.б. төлемдерді төлеуге тиіс. Сондай-ақ, ол белгілі бір мөлшерде салық төлеуге тиіс. Мұның өзі жұмысшының өзін және өз жанұясын асырауға жұмсайтын ақшаның сомасын елеулі түрде кемітеді. Номиналды жалақыдан нақты жалақыны айыра білі керек. Нақты жалақы дегеніміз бағаның белгілі бір дәрежесі кезінде, номиналды жалақыдан салықтар мен басқа да төлемдер алынып тасталғаннан кейін, жұмысшының өзінің номиналды жалақысына сатып алатын тұтыну құндарының мөлшері болып табылады.
Нақты жалақы, ең алдымен номиналды жалақының мөлшерімен анықталады. Нақты жалақының мөлшеріне тұтыну заттардың бағасы, пәтер ақы, коммуналдық қызмет, қоғамдық көлік және қызметтің басқа да түрлеріне белгіленген тарифтер ықпал етеді. Бұл факторлар нақты жалақыны төмендетеді.
Жалақының негізгі формаларына- мерзімді және кесімді түрлері жатады.
Мерзімді жалақы істелінген жұмыс уақытының мөлшеріне және қызметкерлер мен жұмысшылар мамандығына байланысты төленеді.
Кесімді жалақы өндірілген өнім санына және сапасына байланысты төленетін ақы. Ол еңбек өтімділігін арттыруға, жұмысшыны тікелей ынталандырады, әркімнің орындаған жұмысына дәлме-дәл есеп жүргізуге мүмкінідк береді. Бірақ қазіргі уақытта өндіріс технологиясының ерекшелікткріне байланысты көп жағдайда жалақының мерзімді формасы қолданылады.
Қазіргі кезде жұмысшының творчестволық қабілетін дамытуына, еңбек өнімділігінің өсін ынталандыруға бағытталган жалақының әр түрлі формалары қолданылады. Мәселен, кесімді ақы төлеу түріне: тура кесімді жалақы, кесімді-прогрессивтік жалақы, кесімді сыйлық жалақы. Кесімді жалақының тағы бір түрі- аккордтық жалақы жүйесі. Бұл жүйеде жалақы жұмысшыларға өндірістің ең соңғы нәтижесіне байланысты төленеді. Сонымен қатар, жай мерзімді және мерзімді-сыйлық жалақы жүйесі де пайдаланылады.
Жұмысшының жалақының мөлшері мен деңгейіне: ұлттық ресурстар жағдайы, жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және елдің экономикасының жағдайы елеулі әсер етеді. Жалақының деңгейіне ықпал ететін факторлардың ішінен бірінші қатарға жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныс шығады. Атап айтқанда, сұраныс пен ұсыныс еңбек өнімділігіндегі өзгерістерді бейнелейді. Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, жұмыс күшіне деген сұраныста соғұрлым жоғары болады және жалақының орташа деңгейі де жоғары болады.