Факторлары мен географиясы 3 страница


41-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін үш жақта жекеше және көпше түрде тәуелдеңіздер.

Ү л г і: менің үйім, сенің үйің, сіздің үйіңіз, оның үйі.

Құрал-жабдықтар, жұмыс, қосалқы бөлшектер, машина жасау кешені, қару-жарақтар.

42-тапсырма.Термин сөздердің орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары Орыс тіліндегі аудармасы
1. мерзімді жөндеу 2. қыздырғыш 3. орайтын атанақ 4. машина құрылымы 5. кептеліс а) конструкция машин ә) затор б) текущий ремонт в) нагреватель г) намоточный барабан

Әдістемелік ұсыныс: Мәтіннің мазмұнын толықтыру, мамандыққа қатысты терминдермен жұмыс жасау.

Әдебиет: Нег.: 4[5-8]; 15[13], 17; Қос.:9.

Бақылау сұрақтары:

1. Машина жасау кешені дегеніміз не?

2. Республикадағы халық шаруашылығының мұқтажын өтеу үшін не істеу қажет?

3. Машина жасау кешені басқа да қандай салалармен тығыз байланыста болады?

2-апта. 6-тәжірибелік сабақ

43-тапсырма.Дүние жүзіндегі машина жасау өнеркәсібімен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Машина жасау өнеркәсібі

Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36-40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау–300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі.

Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) және FTP жетістіктерімен тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болды.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие.

АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, қымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған.

Көлік машиналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі.

Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары – Батыс Еуропа, Солтүстік Америкажәне Жапония.

Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония – өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9-10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүние жүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі.

Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр.

Сөздік:

ғарыштық – космический дамыған – развитый жетістік – достижение жетекші – ведущий әскери – военный айырмашылық–разница

көрнекті – видный, показательный қымбат – дорогой

мұзжарғыш –ледокол тұрмыстық –бытовой

сұйық – жидкий сұраныс –спрос

44-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Дамыған елдерде айрықша орынға ие болған өндірісті атаңыздар. 2. Машина жасау саласындағы дүниежүзіндегі аса ірі ұлтаралық бірлестіктер туралы не білесіздер? 3. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы неге бағынады? 4. Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі үшін не істеу қажет? 5. Өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алатын қай елдер?

45-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын тауып жазыңыздар.

Ү л г і: Сыйлы – құрметті, қадірлі.Тез – жылдам, шапшаң, лезде. Мөлдір – тұнық, таза. Пенде – адам, тұлға. Жүректі – батыр, батыл.

Көрікті, аңсау, табыну, күнаһар, үлгі тұту, шәкірт, нашар, алыс, әдемі, тілдесу, ағайын, дау-жанжал.

46-тапсырма. Машина сөзімен берілген сөз тіркестерін олардың аудармаларымен сәйкестеңдіріңіздер.

Ү л г і: Машинаға мүлік салу – погрузить имущество на машину. Машиналардың бос тұрып қалуымен күрес – борьба с простоями машин. Машинаны жүргізу ережелерін бұзу – нарушение правил вождения машин.

Факторлары мен географиясы 3 страница - student2.ru 1. машина жабдықтары а) править машиной
2. машинаға жолдама ә) конструирование машин
3. машинаны басқару б) производительность машины
4. машинаны құрастыру в) машинист
5. машинаны сынау г) машиностроение
6. машинаның өнімділігі ғ) наряд на машин
7. машинашы д) система машин
8. машина жасау е) машинное время
9. машина жүйесі и) принадлежности машины
10. машина жасау ж) испытание машины

47-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Азия елдері жаппай қандай өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған?

– Жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық электроника сияқты құрал-жабдықтар шығарады.

48-тапсырма. Болымсыз етістікке берілген мақал-мәтелдердегі айтылғандардың тәрбиелік мәнін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар. Болымсыз етістік жасап тұрған қосымшалардың астын сызыңыздар.

1.Өтірік айтқан жерде көп тұрма – не стой долго там, где лгут.

2. Елінен безген – ер болмас,

Көлінен безген – қаз болмас – Не видать добра гусю, покиневшему озеро родное.

Не видать счастья джигиту, оставившему край родной.

3. Жатқан жыланның құйрығын баспа – Не буди лихо, пока тихо (не наступай на хвост змеи).

4. Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол – Не будь сыном отца, будь сыном своего народа.

49-тапсырма. Мамандыққа қатысты берілген термин сөздерді жаттап алыңыздар.

1. Бетатрон – зарядты бөлшектерді үдеткіш аспап.

2. Механикаландыру (механизация) – қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру.

3. Серпімділік (упругость) – дененің өлшемдері мен пішінін сырқы күш алып тастағаннан кейін қайтадан қалпына келтіре алу қабілеті.

Әдістемелік ұсыныс:Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі туралы мәлімет жинап, ой бөлісіңіздер.

Әдебиет:Нег.:3[10-15]; 15[29], 17; Қос.:9.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі заманғы машина жасау қанша өндіріс түрін біріктіреді?

2. Қолданылуы жөнінен машиналар қалай жіктеледі?

3. Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтарын атаңыздар.

3-апта. 7-тәжірибелік сабақ

50-тапсырма. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі, оның өндірісіне кіретін кәсіпорындар, өнеркәсіп кешендері, әр саладағы зауыттар жөнінде өз ойларыңызды ортаға салып, сабақ барысыңда талқылаңыздар.

Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі

* * * * *

Қазақстанның өндірісіне кіретін

кәсіпорындар

Қазақстанда ең алғашқы машина жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде қалыптасты. Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар, Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды.

1990 жылдары сала өндіретін өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа ұшырады. Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Айталық, темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар, Шымкентте алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Сондықтан да Қазақстанда мұнай машиналарын шығару – Атырау, шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын өндіру – Қарағанды, металлургиялық құрал-жабдықтар мен машиналар шығару – Өскемен, ал ауыл шаруашылық машиналары мен трактор жасау зауыттары егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған өңірлерде –Астана, Павлодар, Қызылорда қалаларында орналастырылған.

Жалпы Қазақстандағы машина жасау өндірісіне кіретін кәсіпорындардың жартысы дерлік Алматы, Ақмола, Павлодар өңірінің үлесіне тура келеді.
Өскемен қаласында жобалық қуаты жылына 15 мың автокөлік құрастыратын «Азиа-Авто» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын ресейлік «АвтоВаз», чехиялық «Шкода», америкалық-оңтүстік кореялық «Дженерал Моторс» кәсіпорындарының қолдауымен «Лада», «Шевроле» және «Шкода» көліктерін шығарады. Қазірше ол еліміздегі автокөлік құрастыратын ең ірі өндіріс орны. ҮИИД бағдарламасының арқасында зауыт биылғы жылдың бірінші жартысында 2609 автокөлік шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2,6 есе артық.

Елімізде шығарылатын автокөліктердің дерлік 90 пайызы осы кәсіпорынның үлесінде. Жалпы өндіріс көлемі де дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан бері қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа модельдері шығарыла бастады. Егер Өскеменді республиканың «автокөлік астанасы» десек, енді осындай тағы бір өсу нүктесі пайда болды. Жалпы Қазақстанда барлығы 30-дай әр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобилінің негізінде микроавтобустар, шағын жүк көліктерін, рефррижераторлар шығарады. Алматы қаласында троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері құрастырылады. Орал қаласында ресейлік «Россельмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайны шығарыла бастады.

Отандық машина жасау өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі – Астана қаласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясымен бірлесіп құрылған ірі локомотив құрастыру зауыты. Қазірдің өзінде бұл зауыт бір локомотивті құрастырып шығарса, тағы бірнешеуі аяқталу алдында тұр.

Сөздік:

құрастыру – составлять жоба – проект

дағдарыс – кризис қуат – сила; мощь

егіншілік – земледелие зауыт – завод

сұраныс – спрос өндіріс – производство

51-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өндіріс, ауыл шаруашылық, жеңіл көліктер, зауыт, қазіргі таңда, автокөліктер, ірі жоба, вагон шығару, ауыр жүк көліктері, трактор жасау.

52-тапсырма. Мәтіннің алғашқы бірінші абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

53-тапсырма. Мәтіннің келесі үш абзацына сұрақ-жауап құрастырып, оларды рөлге бөліп мазмұндаңыздар.

54-тапсырма. Сөйлемдер, өлеңдер, жұмбақтардағы сан есімдердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і : Жиырма-отыздай (болжалдық сан есімдер) жылқысы,екі-үш жүздей (болжалдық) қойы, жиырмаға (есептік) тарта сауын сиыры бар.

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыста сан мыңдаған жауынгерлер тамаша ерлік жасап, жеңіп шықты. Төбе басында тұрғандар екі-екіден, үш-үштен бөлініп малға қарай беттеді. Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген машиналар құмырсқадай қайнайды.

Екі достың бірі ыңғайлы, Екі батыр егессе,

Біреуінің ебі жоқ. Екеуінің бірі өлер.

Екеуін де бірдей көрем, * * *

Маған артық кемі жоқ. Жүзден біреу – шешен,

(жұмбақ: оң қол менМыңнан біреу – көсем.

сол қол)

55-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі септік жалғауларының астын сызып, олардың қай септікте тұрғанын түсіндіріңіздер.

1. Мақал – сөздің атасы. 4. Орынсыз сөз орға жығады.

2. Сөз – сүйектен өтеді, 5. Ағадан – ақыл,

Таяқ – еттен өтеді. Атадан – нақыл шығады.

3. Еңбек – ердің санаты, 6. Адамның өзі жетпеген жерге,

Білім – ердің қанаты. сөзі жетеді.

56-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Гомогендеу (гомогенизация) – құрамды теңеу және концентрациялық біртекті еместікті жою процесі.

Домна – темір кенін балқытуға арналған шахталы тік зәулім пеш. Д-да балқыған сұйық металл шойынды әрі қарай болатқа айналдыратын пеште де сұйық күйінде өңдеп болат алады.

Керіліс (натяг) – қозғалмайтын қосылысты қамтамасыз ететін, бастапқы қалпы тұрған кезінде қоршайтын беттер өлшемдерінің оң айырмасы.

57-тапсырма. Төмендегі сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. машина а) орындары
2. тұқым ә) жартысында
Факторлары мен географиясы 3 страница - student2.ru 3. жүк Факторлары мен географиясы 3 страница - student2.ru б) станоктар
4. ірі в) жасау
5. бірінші г) таңда
6. автокөлік ғ) себу
7. өндіріс д) қозғағыштары
8. сапалы е) көліктері
9. металл кесетін и) тауарлар
10. қазіргі ж) жобалар

Әдістемелік ұсыныс: Мәтінде берілген мәліметтерді толық меңгеру үшін, салалық ғылыми әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді оқып, меңгерулері қажет.

Әдебиет:Нег.: 9[13-15]; 17[7]; Қос.:9.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанда ең алғашқы машина жасау кәсіпорны қай қалада құрылды?

2.Қазақстандағы кәсіпорындар орналасқан қалаларды атаңыздар. 3. Қазақстанның қай қаласын «автокөлік астанасы» деп атайды?

3-апта. 8-тәжірибелік сабақ

58-тапсырма. Машина жасаудың экономикадағы рөлін өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Машина жасаудың экономикадағы рөлі

Ел экономикасында елеулі орынға ие саланың бірі – ауыр өнеркәсіп, соның ішінде машина жасау ісі. Бүгінде елдегі тұралап тұрған машина жасау саласын қолға алып, жүйелі жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Елдегі «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Бизнестің Жол картасы – 2020» сияқты бағдарламалар негізінде жаңадан қолға алынып, бой көтеріп жатқан қай өнеркәсіп, өндіріс орыны болмасын машина жасау саласының өнімдеріне үлкен сұраныс танытып отыр. Сондықтан да экономиканың бұл саласын барынша дамытып, керекті құрал-жабдықты қымбатқа сырттан саудалағанша, өзімізде өндіріп, отандық өнімнің өресін кеңейтуге ден қойғанымыз жөн.

Елбасының халыққа Жолдауында елімізді индустрияландыру жұмыстарын жедел жоспарлы түрде жүргізе отырып, экспортқа бағытталған жаңа өндіріс орындарын ашуды міндет еткен болатын. Бұл орайда шикізаттық емес сала – ауыр өнеркәсіптің осы бір түрінің орны ерекше. Өз ішінен сан салаға бөлінетін машина жасау ісі – 2010-2014 жылдарға арналған еліміздегі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі.

Машина жасау кешеніне – темір жол, ауыл шаруашылығы машиналары, автокөлік жасау, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия қондырғылары, саймандары, энергетикалық, электротехникалық құрал-жабдықтар, станок жасау, ауыр-жеңіл өнеркәсіптің еңбек құралдары, тұтыну заттары және қару-жарақ өнімдері, түрлі аспап жасау сияқты 13 кіші сала кіретінін ескерсек, бұл саланың салмағының қаншалықты екенін оңай ескере аламыз. Осы орайда бүкiл әлемде ұлттық өнеркәсiптiң технологиялық деңгейiнiң көрсеткiшi ретiнде қабылданатын машина жасау саласында қомақты жобаларды қолға алып, өз деңгейінде дамытуымыз керек.

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010- 2014 жылдарға арналған бағдарламасының жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жоғары технологиялық және қазiргi заманғы жабдықпен жаңғыртуда, халықаралық стандарттың бәсекеге қабiлеттi өнiмiн шығару бойынша жаңа кәсiпорындар құруда, барлық жұмыс iстеп тұрған отандық машина жасау кәсiпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуда орны ерекше. Ал ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған: Бірнеше саланы біріктірген машина жасау кешенін жүйелі жолға қоя отырып, өнеркәсiп, өндіріс орындарындағы механикаландыру деңгейiн арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнiмдiлiгiн ұлғайтуға мол мүмкiндiк аша аламыз. Қазақстан экономикасының өсуi машина жасаудың озық өсуiмен қатар жүруi тиiс.

Сөздік:

бәсеке – соперничество; конкуренция

даму – развиваться

жолдау – послание

жедел – скорый; быстрый

ұлғайту – увеличение

озық – передовой; прогрессивный

жаңғырту – обновлять; менять

59-тапсырма.Машина жасау саласына қолданылатын терминдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Қысу, қыспақ (зажим) – 1.үнемі немесе мезгіл-мезгіл қысып тұруға арналған құрылғы; 2. айла-бұйым түріндегі қыспақ құрылғысының тетігі.

Машиналарды концервациялау (концервация машин) – машиналарды ұзақ сақтау немесе тасымалдау кезінде олардың сақталуын және бұзылмауын қамтамасыз ететін техникалық шаралар кешені.

Компенсатор – компенсация үшін қолданатын төселгіш, балдақ, реттегіш бұрама және т.б. да құрылғылардың түрлері.

Пісіру ваннасы (ванна сварочная) – балқытылған негізгі металл жиектері мен қосымша металдан құралған балқымаған металмен шектелген шағын көлемді сұйық металл.

60-тапсырма. «Қазақстанда машина жасаудың экономикадағы рөлі» деген тақырыпта оқытушы мен студенттің арасында шағын әңгіме құрастырыңыздар.

61-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Еңбек өнімділігі, мол мүмкіндік, халықаралық стандарт, бәсекеге қабілетті, жаңа кәсіпорындар, отандық машина, тұтыну заттары, қару-жарақ өнімдері, мемлекеттік бағдарлама.

62-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша, дұрыс жауаптарын (А, В, С, Д) белгілеңіздер.

1. Ел экономикасында елеулі орынға ие саланың бірі ...................

А) өнеркәсіп С) ауыл шаруашылығы

В) ауыр өнеркәсіп Д) жеңіл өнеркәсіп

2. Машина жасау кешеніне – темір жол, ауыл шаруашылығы машиналары ........................... салалары кіреді.

А) үй жасау С) тамақ жасау

В) домбыра жасау Д) автокөлік жасау

3.Бүгінде елдегі тұралап тұрған машина жасау саласын қолға алып, жүйелі ........................ жүзеге асырудың маңызы зор.

Наши рекомендации