Ақырып сұрақтары бойынша тестік тапсырма дайындау керек.
Тест
1. Мемлекеттік басқарудың стилі – күрделі, көп элементті, жүйелі құбылыс:
A) Мемлекеттік басқарудың стилі «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» деген түсінікке синоним
B) Мемлекеттік басқарудың стилі, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдастырушылық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлері негізделеді
C) Мемлекеттік басқарудың стилі – басқарушылық салада қоғамның объективті және субъективті бірігуі
D) барлық жауаптар дұрыс
2. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы басқару істерін демократиялық тұрғыдан жүргізу, яғни әлеуметтік тиімді және үнемі дамитын әрекеттер, формалар мен әдістер арқылы қолданылатын жүйе:
A) басқару қызметінің тиімділігі
B)мемлекеттік басқарудың стилі
C)өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы
D) мемлекеттік органдардың жұмыс істеу стилі
E) барлық жауаптар дұрыс емес
3. Мемлекеттік органдардың басқару қызметі стилінің қоғамның басқа салаларындағы жұмыс істеу стилінен айырмашылығына осылардың біреуі жатпайды:
A) басқарушылық әсерлерді мақсаттар арқылы жүзеге асыру
B)мемлекеттік және биліктік міндеттемелерді қолдану байланысы
C)бекітілген формаларда толық және нақты регламенттеу
D) мемлекеттік органдардың басқару қызметі стилінің қоғамның басқа салаларындағы жұмыс істеу стилінен айырмашылығы жоқ
E) барлық жауаптар дұрыс емес
4. Мемлекеттік басқару стилінің элементтеріне қатысты емес:
A) мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының толық, функционалдық және ұйымдастырушылық мінездемесі
B)басқарушылық қызметтің тіркелген заңды және практикада қолданылатын формалары мен әдістері
C)қызметшілердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке көрсеткіштері
D) мемлекеттік органдардың біркелкі немесе сатылас бағытының құрылымдығы
E) барлық жауаптар дұрыс емес
5. Биліктің шамадан тыс орталықтандырылуы, гипертрофирлік формада бірігулікке, сондай-ақ ұжым өміріндегі ұсақ не ірі мәселелерді шешуге қатысты, бағынушылармен қатынасты шешу:
A) басқарудың демократиялық стилі
B)басқарудың либералдық стилі
C)басқарудың директивалық стилі
D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі
E) барлық жауаптар дұрыс
6. Жұмыскерлерге (бағынушыларға) еркіндік беру, өз қызметін орындауда сапалы жұмыс істеу, қандай да бір мәселелерде шешім қабылдай білу, жұмысты істеуде жаңа жобалар ойлап табу және адамдарға сыпайы жауап беріп, осы айтылған қасиететтерге ие болу:
A) басқарудың демократиялық стилі
B) басқарудың директивалық стилі
C) басқарудың либералдық стилі
D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі
E) барлық жауаптар дұрыс емес
7. Ал керісінше жұмыспен сәйкес келмей, өзінің қызығушылық көзқарастарын көрсететін, көп сөйлеу, өз басына жауапкершілікті алмау сияқты қасиеттерге ие болу
A) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі
B) басқарудың алқалық стилі
C) басқарудың либералды стилі
D) басқарудың жеке (индивидуалды) стилі
E) барлық жауаптар дұрыс
8. Басқару стиліне жатпайды
A) көпке жағымды серіктестік стиль
B) серіктестік стилі
C) әріптестік стилі
D) автократиялық стилі
E) барлық жауаптар дұрыс емес
9.Жарлық беру, психологиялық тұрғыда әсер ету, қызметкердің бағыныштылығын пайдалану басқарудың қай түріне жатады:
A) басқарудың бостандық стилі
B) басқарудың директивалық стилі
C) жеке басқару стилі
D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі
E) барлық жауаптар дұрыс емес
10. Барлық басқару стиліне танымал, бүкіл жерде өз қасиеттерін көрсететін, жан-жақты және басқа стиль түрлері қолдайтын түрі:
A) көпке жағымды серіктестік
B) әріптестік
C) жалпы
D) жеке
E) барлық жауаптар дұрыс емес
13-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮРДІСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Дәрістің мән мәтіні
Мақсаты: Мемлекеттік басқару үрдісіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолдарын анықтау, мемлекеттік саясаттың мазмұны мен қызметін қарастыру, мемлекеттік басқарушы шешімдердің тиімділігін бағалау.
Дәріс сабағының жоспары:
1.Мемлекеттік саясаттың мазмұны мен қызметі.
2.Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы механизм.
3.Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен формалары.
4.Басқарушы шешімдердің мақсаты.
5.Мемлекеттік басқарушы шешімдердің тиімділігін бағалау.
Негізгі түсініктер: саясат, мемлекеттік саясат, либерализм, социализм және т.б.
Тақырыптың мазмұны
1. Саясат – мемлекетті басқару өнері. Саясат әрқашан белгілі қызығушылықтарды бейнелейді, қоғамның экономикалық жағдайына себепші болады және даму қажеттіліктеріне сәйкес тиімді болып табылады. Сондай-ақ саясат өзіндік қасиетке ие болады және өмірдегі барлық салаларға, атап айтқанда экономикаға әсерін тигізеді.
Мемлекеттік биліктен басқа қоғамның саяси жүйесіне қоғам алдындағы жауапты және өзін-өзі билеуге қатысты өзіндік мақсаттарына қол жеткізетін кәсіподақтар, партиялар, шіркеулер және т.б. ұйымдар кіреді.
Ғылыми тұрғыда дәлелденген ішкі және сыртқы саясат ұзақмерзімді стратегиямен шынайы идеология негізінде қалыптасады. Бірақ бұл жағдайда белгілі құндылықтарға сәйкес келетін белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді орнатуға ие болады.
Идеология (грек тілінен ұғым, ұсыныс, білім) саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, философиялық, діни және т.б. көзқарастар мен идеялар жүйесін біріктіреді.
Идеологиялық жүйелер 2 топқа бөлінеді: либерализм және социализм. Либерализм – жеке қызығушылықты қанағаттандыратын басымдылық пен тұлғаның бостандығын ең басты мәселе ретiнде қояды. Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Бірінші жағдайда вектор жекеден жалпыға, екінші жағдайда жалпыдан жекеге бағытталған. Әрбір жүйе эволюциялық және революциялық жолдармен бекітіледі.
Ешқандай идеология өзіне басқа идеология элементтерін сіңдіріп таза түрде қалыптаспайды. Көпшiлiк құқық мемлекеттiк органдардың қызметін, азаматтар мен мемлкеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты реттейдi.
Конституция құқық көзі болып табылады. Жеке салалар мен қызметтік салалар құқықтың конституциялық, әкімшілік, еңбек, салық, жер және т.б. түрлерімен реттеледі. Ең басты құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар барлық құқық түрлерінің негізі болып табылады.
Саясаттың ең басты тиімділігіне мемлекеттің материалдық мүмкіндіктері әсер етеді.
2. Мемлекеттiк саясаттың өткiзуi атқарушы билiктiң рөлi қоғамның барлық қабаттарының үстемдiк ететiн күйiндегi күштердiң қойылған мақсаттарын жетiстiк бойымен нақты өлшемдер өмiрге әкелуде байқалады. Жүзеге асыру механизмі қажетті ресурстар көптігі, басқарушы құрылымдарды қалыптастыратын, сәйкес келетін шешімдерді өндіруді қалыптастыратын және басқарылатын объектке әсер ететін әдістер мен нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық құралдарды біріктіреді. Іс-шараларды өткізу тиімділігі шынайы қойылған мақсаттар мен саяси ағымдардағы әлеуметтік топтар мен көшбасшыларды қолдайтын саяси курстарды жүзеге асыратын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың өзара байланысына тәуелді.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік органдары бағдарламаларды әзірлейді, ресурстарды жетілдіреді, қатысушылардың біліктілігін ұйымдастырады және үйлестіреді.
Басқару өз алдына мақсат қою арқылы және проблемаларды шешу арқылы басталады,шешім қабылдау мен әзірлеу арқылы жалғасады және орындаушы бақылаумен және ұйымдастырумен аяқталады. Алынған нәтиже қорытындысы жаңа проблемаларды шешу көзі мен жаңа шешімдерді қабылдаумен, келесі басқарушы циклді қайта жаңартуда қызмет етеді. Басқару үздіксіз бір ізді шешімдерді қабылдаудан тұрады. Ал шешімдер басқарудың мазмұнды жақтарын құрайды. Басқарушы шешімдер ұйымдастырушылық - құқықтық акт болып табылады. Белгілі бір әдіспен рәсімделген және басқарушы субьектпен қабылданады.
Шешімдерді қабылдау үрдісі белгілі бір мақсаттарды және тапсырмаларды, сондай-ақ өкілеттілік,нақты қабылданған шешімдердің міндеттерін біріктіреді. Шешімдерді қабылдау өкілеттілігі көп қажет ақпарат беретін және шешімдерді жүзеге асыруға қатысатын иерархияның белгілі бір деңгейіне құқық береді. Кішігірім қызметтік позиция кезінде өкілеттілік бір жерге шоғырланса, онда орталықтанған жүйе болып табылады, орташа және төменгі қызметтерде децентрализацияланған жүйе болып табылады.
Басқарушы шешімдерге төмендегі талаптар кіреді:
-тиімділік;
-үнемділік;
-уақытылы;
-негізділік;
-шынайылық.
3. Әкімшілік басқарудағы саяси институттар мен органдардың біліктілігі келесі мемлекеттік шешімдерді жүзеге асырумен және қабылдаумен іске асады: саяси және әкімшілік. Шешімдер қорытындысы – мемлекеттік басқару теориясының ажыратылмайтын аспектісі. Шешімдердің түріне, әзірлеу тәсіліне және әртүрлі субьекттердің қатысу деңгейіне байланысты қоғамдық саяси жүйелердің белгілерін талдайды.
Шешім басқару жүйесінің барлық деңгейінде қабылданады. Шешім деңгейі мен түрлеріне қарамастан, кейбір өзіне тиісті жалпы сипатқа ие.
Мемлекеттік шешім – жалпы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органға әсер ететін белгілі бір жобаны негіздеу мен таңдау болып табылады.
Ажыратады:
1. саяси шешімдер саяси басшылықтың бір жерге шоғырлануы. Саяси шешімдер олар жалпы қоғам мен әлеуметтік топтардың жалпы мақсаттары мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға міндетті, мысалы, мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси концепциялар, конституциялық мінездегі заңдық акттар, мемлекеттік біліктерді қалыптастырудың жалпы сұрақтарын қарастыратын Елбасының жарлықтары және т.б.
2. әкімшілік шешімдер жеке ұйымдардың ағымдық практикалық біліктерінің жеке қызмет түрлерін реттейтін басқару әрекеттері акттерін қарастырады. Мысалы, Үкіметтің қаулысы, министрліктің бұйрықтары.
Мемлекеттік басқарудағы саясаттың артықшылық принципіне сәйкес саяси шешімдер әкімшілік басқару қатынастарына қарағанда зор ұғымға ие.
Мемлекеттік шешімнің мінездемесі:
- легитимділік пен негізділікті қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдайтын мемлекеттік биліктің субьект деңгейін анықтайтын шешім авторитеті;
- шешім диапазоны, саяси кеңістікке өзі әсер ететін және шешім көлемдерін мінездейді, саяси шешімдер көпмақсатты болып табылады;
- шешімдердің ақпараттық қамтамасыздандырылуы, оны қабылдаудың ғылыми ақпараттық базасы,
- шешімдерді қабылдау технологиясы мен стилі - шешімдерді қабылдау мен дайындық қабылдауы мен әдістері арасындағы жиынтық, ақпараттарды алу мен қабылдау әдістері , олар шешімдерді қабылдауға қажет, алтернативті жоба нұсқаларын талқылау мінездемесі мен тәртібі және солардың ішіндегі беделдісін анықтау, мақсаттарды тұжырымдау мен оларды жүзеге асыру құралдарын талқылау;
- шешімдерді қабылдау типтері – демократиялық және авторитарлық.
- шешімдердің практикалық мәнісі.
Мемлекеттік шешімдер бірнеше принциптер бойынша топтастырылады:
1. Мемлекеттік билік жүйесіндегі субьект деңгейі мен басқару орталық және жергілікті органдардың шешімдері;
2. Мақсаттар мен тапсырмалар мінездемесі бойынша саяси және әкімшілік, басқарушылық, орындаушылық, стратегиялық немесе оперативті – тактикалық, жалпы мемлекеттік және мемлекеттік өмірдің жеке облыстарына қатысты шешімдер;
3. Қоғамның тіршілік әрекеті саласы бойынша шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыстар мен басқару проблемалары, мәдени құрылыс проблемалары бойынша шешімдер;
4. Басқару обьектісін қамту масштабы бойынша – жалпыжүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалық , микроәлеуметтік;
5. Басқару функциялары бойынша ұйымдардың, бақылау мен жобалау сұрақтары және т.б.
Бұл жеке шетел авторларымен мойындалған. Мысалы, француз саясаттанушысы М. Понятовский басқаруды жалпы жұмыстың үш деңгейін бөліп қарастырады: саясат – не істеу керек және неге екенін білдіреді; орындау – қалай істеу керек және ненің көмегімен; әкімшілік –құралдарды білдіреді.
4.Мақсатты таңдау – кез келген шешімді қабылдау мен әзірлеу пункті болып табылады.
Мақсат – әрекеттің ішкі дәлелі, мемлекеттік субьекттің обьектке әсер ететін басқарушылық әрекеттерінің шешімдерінің нақты образы. Мақсаттардың мазмұны мен уақыты бойынша жүзеге асыратын, тарататын, мемлекеттік шешімдердің көпмақсатты шешімдерін ескертетін , басқарушы органмен кездесетін проблемалар көптігі. Осыдан мақсаттар иерархиясының құрылу тапсырмасы шығады.
Басқарушылық мақсаттар көптеген белгілер бойынша жіктеледі:
1. жалпы – саяси құндылықтар шкаласына сәйкес деңгейі бойынша – жоғары мақсаттар және практика мақсаттары;
2. жалпы көрсеткіштер бойынша – жалпыхалықтық, ұлттық, класстық, топтық, ұжымдық, индивидуалды.
3. қоғамның тіршілік әрекеті саласының мазмұны бойынша – экономикалық, әлеуметтік, саяси және т.б.
4. уақытша параметрлері бойынша – ұзақмерзімді, орташамерзімді, қысқамерзімді, ағымдық.
5. өзектілігі бойынша – жүзеге асыруды талап ететін, өзекті ситуацияларға қарамастан;
6. қолжетімділігі бойынша – нақты қолжетімділік, теориялық қолжетімділік.
Мақсаттар типологиясы шешімдердің бірнеше өзгешеліктерін анықтайды. Жалпыхалықтық, жалпымемлекеттік басқару органдарының саяси шешімдері мен жалпы саяси стратегиясы формасы бойынша жүзеге асырады. Экономикалық, әлеуметтік және басқа мақсаттар, қоғамның жеке білікті салаларын дамытумен байланысты саясаттың рационалды негізіне қатысты оны құрайды. Қысқа мерзімді, ағымдық мақсаттар әкімшілік, оперативті-тактикалық шешімдер негізінде қалыптасады. Аймақтық және жергілікті мастабтағы мақсаттар мен проблемалар билік органдары шешімдері мен сәйкес деңгей бойынша басқарудың бейнесін алады.
Мемлекеттік басқару негізін мемлекеттік саясат құрайды. Сондықтан мемлекеттік шешім қайнарын жалпы мақсатта саяси курсты таңдау мен мемлекеттік стратегия бейнелейді.
Саяси таңдау – бұл жалпы ұзақмерзімді мақсаттар анықтамасы болып табылады.
Көпжалпы мақсаттар ішінде мемлекет үшін жоғарыдағылар белгіленеді:
а) белгілі типтегі саяси жүйе мен соған сәйкес саяси режимдерді қолдау мен орнату;
б) мемлекетті құрайтын қоғамның бірлігі негізін сақтау;
в) жалпы құндылықтар мен жалпы қызығушылықтағы халықты қанағаттандырушылықтарын жүзеге асыру;
г) мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
д) сыртқы әлем мен басқа да мемлекеттік білімдер арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Бұл мақсаттар мемлекеттің басты функцияларын талдайды, қоғамды басқару негізі ретінде жалпы мемлекеттік саясат ядросын құрайды.
Саяси мақсаттарды таңдауды рационалды деп есептейді, егер:
а) халықтың көп мөлшерінің қызығушылықтарын анықтайды және белгілі қоғамның базалық құндылықтарына сәйкес болады;
б) белгілі шарттардың ерекшеліктеріне қатысты ғылыми таңдау негізінде жүзеге асады және уақытша фактор әсерін бағалау бойынша;
в) ресурс потенциалы мен басқару жүйесі мен басқару деңгейін дамыту бойынша жасалады;
г) ұзақмерзімді болжау бойынша дәлелденген;
д) негізгі әлеуметтік топтар бойынша қабылданған.
Қолжетімділіктің басты тапсырмасы болыпи мемелекетік шешімдердің кездейсоқ рөлін қабылдау, мысалы, көсбасшылардың индивидуалды субьективті сапасын саяси таңдауға әсері.
Мақсаттар жалпы мағынада мемлекеттік биліктің бағытталған әрекетін анықтайды, олар жалпы мемлекеттік ұзақмерзімді стратегия мен концепция бойынша нақтыланады.
5.Мемлекеттік басқарушылық шешімдер тиімділігін бағалау тиімділікті анықтайтын нақты критериилердің жоқтығымен күрделенеді. Жалпы жағдайда олар келесі белгілерге ие болады, басқару сапасы мен деңгейін анықтауды талдау, қоғам қызығушылығына қажетті болу керек. Осы жерде айта кететін жайт, осы жағдайда экономикалық тиімділік емес, ең бірінші әлеуметтік тиімділік, яғни адамдардың тіршілік әрекетіне қатысты жалпы шарттар спектрін қосады.
Мемлекеттік басқару тиімділігінің критериилеріне жатады:
а) еңбек өнімділігінің деңгейі, белгілі түрге қатысты әлемдік параметрлер бойынша;
б) БҰҰ әдісі бойынша, ұлттық байлықтың қарқына мен масштабының өсуі;
в) адам өмірінің әл-ауқатының деңгейі;
г) қоғамдық қарым-қатынастың қауіпсізділігі мен сенімділігі , олардың үдетпелі нәтижемен дамуы;
Дүниежүзілік банктің әдістемесі (стандартты индикаторлар) әртүрлі елдің дамуы мен олардың өзара салыстырылуымен анықталады:
1.Әлемнің суреті: негізгі экономикалық көрсеткіштер, өмірдің сапасы (өмірдің деңгейі мен білімділігі).
2.Халық: халық және еңбек ресурсы,кедейлік,табысты тарату және қолдану, білім, денсаулықсақтау.
3. Қоршаған орта: жерді пайдалану, ауыл шаруашылық өндірісі, су ресурсы, ормандандыру және өсиеттің зоналары,энергияны пайдалану және шығарындылар.
4.Экономика: экономикалық өсу деңгейі, өндірістің құрылымы, сұраныс құрылымы, орталық үкімет бюджеті мен төлеу теңгерімі, ағымдағы операцияның есепшоттары және валюталық резервтер.
5. Мемлекет және нарық: жеке секторды қаржыландыру,экономикадағы мемлекеттің рөлі, энергетика және көлік,байланыс,информатика,ғылыми-техникалық даму.
6. Ғаламдық байланыстар: халықаралық сауда, қаржылық көмек пен қаржының ағындары.
Мемлекеттік басқарманың ортақ әлеуметтік тиімділігінің айтылмыш жинақтаушы өлшемдері өзімізде немесе өзге елде, ішкі елдердің шеңбер және қоғамдық тіршілік әрекетінің деңгейлерімен сараланады.Егер де дамушы елдің экономикасында болып жатқан үдерістерге қарайтын болсақ,ең бастысы бұл жерде жаңа базадағы ғылыми – техникалық жетістіктер, еңбек өнімділігінің көтерілуі,сапаның жоғарылауы, шығарылатын өнімнің технологиялылық сапасы мен түрлілігі болып табылады.Мемлекеттік басқару үшін маңызды ұғым жалпы әлеуметтік тиімділікті ,саяси ортадан туындайтын шарттарды иемденеді. Бұл басқарманың нәтижесін талдау шарттары емес, бұл шарттар – басқармада қолданылатын қандай түрмен,қандай үлгімен, әдістемемен көрсетілетін, қоғамдағы рухани, әлеуметтік,экономикалық даму көрсеткіштері қамтамасыз етілген құрал болып табылады. Г.Атаманчук «қаражат, соның ішінде саяси, басқарманың нәтижелері үшін ең маңызды. Саясат үшін саясат жоқ, қоғам үшін саясат бар» деп белгілейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Мемлекеттік биліктен басқа қоғамның саяси жүйесіне қоғам алдындағы жауапты және өзін-өзі билеуге қатысты өзіндік мақсаттарына қол жеткізетін кәсіподақтар, партиялар, шіркеулер және т.б. ұйымдар кіреді.
Ғылыми тұрғыда дәлелденген ішкі және сыртқы саясат ұзақмерзімді стратегиямен шынайы идеология негізінде қалыптасады. Бірақ бұл жағдайда белгілі құндылықтарға сәйкес келетін белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді орнатуға ие болады.
2. Басқарушы шешімдерге төмендегі талаптар кіреді:
-тиімділік;
-үнемділік;
-уақытылы;
-негізділік;
-шынайылық.
3. Мемлекеттік басқару тиімділігінің критериилеріне жатады:
а) еңбек өнімділігінің деңгейі, белгілі түрге қатысты әлемдік параметрлер бойынша;
б) БҰҰ әдісі бойынша, ұлттық байлықтың қарқына мен масштабының өсуі;
в) адам өмірінің әл-ауқатының деңгейі;
г) қоғамдық қарым-қатынастың қауіпсізділігі мен сенімділігі , олардың үдетпелі нәтижемен дамуы;
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.
2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ
5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.
6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.
8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.
9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.
10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.
11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.
12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.
13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.
14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.
15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.
16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.
17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.
19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.
Қосымша әдебиеттер:
20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября
21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.
22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.
23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б
24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30
25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б
26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б
27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б
Семинар сабағының жоспары:
Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.
Мақсаты:тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «дені» және қағидалары
2. Мемлекеттік басқарудың функциялар жүйесі, нысандары, әдістері мен құралдары
3. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері және олардың қолданылуы
4. Қоғамдағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы
СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:
1. Тақырыптық сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындалыңыз.
2. Тақырыпқа айтыс өткізу: тиімді мемлекет: миф не шындық?
Әдістемелік ұсыныс: Дайындау кезінде ұсынылған әдебиеттерді зейін қойып оқыңыз. Жанжақты анықтама беріңіз «мемлекетті тиімді басқару» мемлекетті тиімді басқарудың факторларын зерттекіз. Оған қандай жағдайлар әсер етеді?
Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1. Ағымдағы заңдағы әртүрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани өмір қоғамдарына арналған актілер былай деп аталады:
A) Президенттің нұсқауы мен жарлығы
B)қылмыстық құқық
C)конституциалық заңдар
D) жай заңдар
E) азаматтық құқық
2. Мемлекетті регионалдық және жергілікті муниципалдық орган актілері (көрсетілген және админастративтік органдар):
A) белгілі территориядағы ммелекеттік билік және басқару немесежергілікті өзін басқару органдарумен беріліп, сол территорияда тұратын адамдар арасында таратылады
B) бір орган ішінде шығады және сол орта адамдарына ғана таратылады
C) Президент шығарады
D) Үкімет шығарады
E) барлық жауаптар дұрыс емес
3. Заңның кері әрекеті:
A) өзін күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады
B) барлық заңдарға таралады
C) бұл- қайта қабылданған нормативтік акт өзінің заңды күшіне енгенше пайда болған әрекетін қайта іске қосады
D) өзін күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады
E) барлық жауаптар дұрыс
4. Экономиканы реттеудің әкімшілдік немесе тікелей әдістері:
A) шаруашылық субъектінің бостандығын шектейді
B) кәсіпкерліктік тандау бостандығын шектемейді
C) фискалдық және монетарлық саясатының әдістерін қосады
D) кәсіпкерлік қызметі үшін ынталандыру әрекетін күшейтеді
E) барлық жауаптар дұрыс
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық немесе тікелей әдістеріне … болып табылады:
A) бизнес салықтарының төмендеуі
B) өндірілген өнімінің көлемі және ассортименті бойынша директивті жоспар тапсырмалары
C) квоталау және лицензиялау
D) тауарға орталықтан бекітілген бағалар
E) барлық жауаптар дұрыс емес
6. Жалпы қоғамдық ұлттық идеяға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік доктрина қайсысына негіз болады:
A) қысқа мерзімді концепцияға
B)орта мерзімді концепцияға
C)ұзақ мерзімді концепцияға
D) қазіргі жоспарға
E) барлық жауаптар дұрыс
7. Мемлекет тағайындаған немесе бекіткен адамдар әрекеті нормаларының (ережелерінің) негізгі элементтері:
A) гипотеза, диспозиция, санкция
B) тыйым салу, мүмкіндік беру, мәжбүр ету
C) гипотеза, болжау, жоспар
D) әдістер, логика, қағидалар
E) ретроспекция, диагноз, проспекция
8. Тәртіп мемлекеттік басқарудың қандай негізгі көрсеткіштерін қалыптастырады:
A) жүйелілік, тиімділік
B) нысаналылық, оңтайлылық
C) басымдылық, кешенділік, тиімділік
D) жоспарлылық, бара-барлық, ұтымдылық
E) ұтымдылық, оңтайтылық
9. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің керсеткіштері:
A) адамдардың өмір сүру сапасының жоғары деңгейі, қоғамдық қатыныстардың тәртіте келуі, ұлттық балықтың өсу қарқыны
B) ұлттық байлықтың өсуі
C) жалпы ішкі өнімнің өсуі
D) қоғамдық қатынастардың қауіпсіздігі
E) жалпы ұлттық өнімнің өсуі