Жылы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негіздері.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтықРеферендум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

· I бөлім. Жалпы ережелер

· II бөлім. Адам және азамат

· III бөлім. Президент

· IV бөлім. Парламент

· V бөлім. Үкімет

· VI бөлім. Конституциялық кеңес

· VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

· VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

· IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

ның құрылуы. Қазақстанның ТМД жүйесіндегі орны мен рөлі. Еуразиялық экономикалық одақтың(ЕАЭО) құрылуы.

ТМД-ның құрылуы .1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.

Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді

2014ж Мамырдың 29-ы күні Қазақстанның елордасы – Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылды. Экономикалық одақтың құрылуы Еуразия кеңістігі үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі тарихи сәт. Өйткені, әлемнің көз алдында әлеуеті зор, адымы алып интеграциялық одақ дүниеге келді. Мұны Еуразиялық интеграция идеясының авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, бірлестік халқы 170 млн. адамды құрап, әлемде 7-орынға шығады, сөйтіп одақ Жер шарындағы ең ірі тұтыну нарығының біріне айналмақ. Ал оған қатысушы мемлекеттердің үлесіне әлемдегі барлық барланған пайдалы қазбалардың төрттен бірі тиеді және бүгінгі бағалаумен олардың құны 40 триллион долларға жетеді.+

Сөйтіп, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қорытындысына орай Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды. Ендігіде үш елдің Парламенттері тиісті рәсімдерді атқарғаннан соң Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осынау күннің тарихилығына орай, Елбасы 29-мамырды Еуразиялық интеграция күні ретінде атау лайықты екенін жеткізген болатын. «Бүгінгі күн Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің халықтары үшін айтулы тарихи күн. Еуразиялық экономикалық одақ – бұл мәңгі достық пен өзара әрекеттестіктің, елдеріміз арасындағы тату көршіліктің жаңа әрі мығым механизмі. Мен сондықтан да 29 мамырды біздің елдеріміздің айтулы даталар күнтізбесінде – Еуразиялық интеграция күні ретінде енуге лайықты деп санаймын. Сондықтан да, барша азаматтарды осынау тарихи күнмен құттықтай отырып, біздің экономикалық одағымызға ақ жол тілеймін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ендеше, Еуразиялық интеграцияның тарихи кезеңіне қатысты бірқатар мәселелерге назар аударсақ. Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен теңқұқылық, мақсатқа сәйкестілік, кезеңділік, прагматизм және ортақ тиімділік қағидаттары негізінде құрылды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған. Оның аясында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясатты жүргізу көзделеді. Сарапшылар болашақтағы интеграциялық тиімділік шеңберінде 2030 жылға қарай Ішкі жалпы өнімнің жиынтық өсімін 900 млрд. доллар көлемінде бағалап отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті барынша жоғары екенін осыдан да аңғаруға болады. Ал одақ елдерінің жиынтық экономикалық ауқымы 2,2 трлн. долларды құрайды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қою қажетті құқықтық базаны қалыптастыруға негізделеді. Шарт құрылтайшылардан (институционалды) және салалық (функционалды) бөлімдерден тұратын бірегей құжат болып табылады. Оны даярлау барысында барлық тараптардың ұстанымдары келісіліп, сарапшылар қауымдастығының, іскерлер ортасының пікірлері барынша ескерілген.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою Еуразиялық кеңістіктегі сапалы интеграциялық үдерістердің жаңа кезеңін білдіреді. Шарт сауатты, теңгестірілген, оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке ала отырып жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келіп отырмыз», - деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, Шартта халықаралық ұйымдарда көрініс табатын барлық базалық аспектілер қарастырылған. Мемлекеттердің егемендік теңдігі, территориялық тұтастығы, сондай-ақ одаққа қатысушы мемлекеттердің саяси құрылымын құрметтеу қамтылып отыр. Оның ішінде барлық деңгейдегі шешім қабылдауларда консенсус қағидатының енгізілуі маңызды болып табылады. Осылайша, әрбір елдің дауысы айқындаушы басымдыққа ие екені құжатта қарастырылды.
Одақ аясында шешімдер қабылдау консенсусқа негізделеді
Еуразиялық экономикалық одақтың басты мақсаты – бірыңғай рынок қалыптастыру, тауарлар, қызметтер, инвестиция мен жұмыс күші үшін кедергілерді жою, кәсіпкерлікті барынша тиімді жүзеге асыруға бағытталған келісілген экономикалық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттердің егемендік теңдігі, территориялық тұтастық, сонымен бірге, Одаққа қатысушы-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Ең бастысы, Еуразиялық экономикалық одақ – саяси бірлестік емес. Ол өз алдына саяси міндеттерді қоймайды және саяси егемендікті шектемейді. Сондықтан да одақ туралы шарт тек қана экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қамтып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта барлық деңгейдегі стратегиялық мәнге ие шешімдер қабылдау барысында консенсустың нақты тетіктері қарастырылды. Бұның өзі басқа да шаралармен қатар, қатысушы мемлекеттер арасындағы қандай да бір елдің басымдыққа ие болу мүмкіндігін түгелдей жоққа шығарады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекетүсті органдары «бір ел – бір дауыс» қағидатымен жұмыс істейтін болады. Еуразиялық экономикалық комиссияның жоғары органдары – Кеңес пен Алқадағы – басшылық етуші позициялары барлық қатысушы-мемлекеттердің теңдей өкілдер санымен тағайындалады.
Бұдан бөлек, мемлекетүстілік жоғары орган – Еуразиялық экономикалық комиссия Мәскеу қаласында орналасады және Одақтың орталығы болады. Ал Минскіде Еуразиялық сот орналасады, онда экономикалық одақтың құқықтық мәселелері шешімін табады. Алматыда 2025 жылдан бастап одақтың қаржы нарығын реттейтін мемлекетүсті органы орналасады. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев одақтың аясындағы қаржы нарығын реттеуші органның 2025 жылға қарай құрылуын күтпестен-ақ Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы орталығы ретінде қалыптастыра беруді ұсынып, ол қолдау тапты.
Еуразиялық интеграция аясы келешекте кеңейе түседі
Тоқтала кететін жайт, Еуразиялық экономикалық одақ – бұл ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ашық мегажоба. Ал одақтың басқа мемлекеттермен, түрлі интеграциялық бірлестіктерімен қатынасына келсек, ашықтық бұл бағытта да сақталады. Бұл ретте Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысындағы келіссөздерде Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясын кеңейту мәселесі де қаралғанын атап өту керек. Атап айтқанда, кеңейтілген құрамдағы кездесуде Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарттың дайындалу барысы талқыланды. Осыған орай, Армения Президенті Серж Саргсян одаққа қосылу уақытын тездетуге ниетті екенін жеткізді. Армения Президенті 2-3 мәселені қарастыру керек екенін, сонымен қатар олар бойынша сарапшылар деңгейінде тиісті шешімдер жасалғанын айтып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы жөніндегі келісімге қол қою мерзімін биылғы 15 маусымға дейін белгілеуді сұраған болатын. С.Саргсянның айтуныша, келісімге қол қойылғаннан кейін Армения 200-ге жуық заңнамалық актілерді қабылдауға кірісіп, бірқатар маңызды жүйелік қайта құруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл шараларға кем деген 6 ай уақыт керек болады. Ал өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаев: «Бізге тиісті шешімді дайындауды тапсыру қажет, егер барлығы дайын болса, қалған сұрақтар тез арада өз шешімін тапса, шын мәнінде, маусым айы бойы, яғни 1 шілдеге дейін аталған мәселені шешу жағын ойластыру қажет», - деді.
Екінші маңызды келіссөз Қырғыз Республикасына қатысты болып табылады. Қырғызстан тарапы да Еуразиялық экономикалық кеңеспен мақұлданған Кеден одағына қосылу туралы жол картасына қолдау білдіріп, 2015 жылды Еуразиялық экономикалық одақ құрамында қарсы алуға ниет танытты. «Әрине, мен бірнеше күннің ішінде барлық мәселелерді шешеміз деп мәлімдеме жасай алмаймын. Дегенмен, келер Жаңа жылды бір бірлесіктікте қарсы алғымыз келеді. Мен Қырғыз парламентінің, біздің парламент депутаттарының қолдау білдіретіндігіне, түсінетіндігіне үміт артамын. Өйткені, 30-дан астам заңның барлығын және басқа да құжаттарды қабылдап, ратификациялауымыз қажет. Жаңа жылды Еуразиялық экономикалық одақпен қарсы алғымыз келеді», - деді Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев. Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ оның барлық мүшелерінің экономикалық дамуы үшін өзара тиімді алаң құратын тиімді ұйымға айналатын болады.
Армения мен Қырғызстаннан бөлек, басқа да мемлекеттер мен интеграциялық ұйымдар тарапынан Еуразиялық одақпен өзара әрекеттестікке қызығушылықтар білдіріліп, ол жоғары перспективалы және нарықтық мүмкіндіктерге ие болатын ұйым ретінде қарастырылуда. Мәселен, сарапшылар бүгінгі таңда Вьетнам, Израиль, Үндістан мен Египет секілді бірқатар мемлекеттермен еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі мәселенің талқыланып жатқанын алға тартады. Сондықтан да, Еуразиялық интеграциялық үдерістер тек қатысушы мемлекеттермен арада ғана емес, әлемнің басқа да барлық елдерімен ынтымақтастықты тереңдету бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатыны күтіледі.
Еуразиялық экономикалық интеграцияның басымдықтары
Интеграцияның жаңа кезеңіне – Еуразиялық экономикалық одаққа өту еліміздің сұранысын тез арада емес, керісінше ұзақмерзімді іргелі бағытта қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, еуразиялық интеграция қатысушы-мемлекеттердің орнықты экономикасын нығайтуға, олардың нарықтық әлеуетін арттыруға бағытталады. Әлбетте, бірлестік ел кәсіпкерлері үшін барлық проблемаларды бірден жойып тастай алмайтыны айқын, алайда, одақ аясында кәсіпкерлікті дамытудың жаңа деңгейі үшін жағдайлар құрылады, іскерлік айналымның барлық циклдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады.
Бұл ретте капиталдың, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс күшінің еркін айналымы Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы бизнесті жүргізуді барынша оңайлатады. Ішкі шекараларда кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа да бақылаулардың жойылуы бизнес айналымын шапшаңдатып, кедергілерді керте түседі. Мұның аясында көліктік инфрақұрылымдарға теңдей қолжетімділік үлкен маңызға ие. Интеграциялық бірлестіктің тұтастай аумағында көліктік инфрақұрылымды бірыңғай пайдалану шарттары да осыны дәлелдей түспек. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін көліктік шығындарды төмендетуге, оның ішінде Ресей арқылы арзан тасымалдардың қолжетімділігіне жағдай жасайды. Шикізаттарға, материалдар мен қондырғылар жеткізуге қолжетімділік оңайлатылады.
Тұтастай алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ оған қатысушы үш ел экономикаларының сапалық параметрлерін арттыруға мүмкіндік туғызып қана қоймай, мемлекеттердің жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне айтарлықтай рөл атқарады. Бүгінгі әлемде экономикалық интеграциялық бірлестіктердің жұмысы жаңа дәуірге қадам басып қана қоймай, олар барынша белсенді болып, ықпалдастықтың қажеттілігі күн санап артып отырғаны айқын. Ендеше, бүгін құрылған Еуразиялық экономикалық одақты оған қатысушы-мемлекеттердің жаһандық бәсекелестіктегі ұстанымдарын нығайтуға арналған бірлестік деуге келеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастаманы осыдан 20 жыл бұрын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жариялаған едім. Уақыт қана сенімділік қабілетіне ие. Біздің екі онжылдық тарихтағы тәжірибеміз бұған куә. Еуразиялық интеграция идеясы Ресей мен Беларусь президенттері тарапынан қолдау тапты, дәл соның арқасында бүгінгі тарихи шартқа қол қойылып отыр. Сонымен қатар, интеграцияның игілікті тұстары да жетерлік. Мәселен, соңғы 5 жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен тауар айналымы 88 пайызға артып, 24 млрд. долларға жетті. Еуразиялық интеграция бойынша әріптес елдерге Қазақстанның экспорты 63 пайызға өсіп, 6 млрд. долларға жетті. Бұл абстракциялы көрсеткіш емес, олардың артында жүздеген кәсіпорындар мен мекемелер, өзара байланыстың жаңа желілері тұр. Бұдан бөлек, бізге басқа да интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін зерделеу бірінші кезекте Еуропалық Одаққа назар аудару маңызды. Мұндағы басты мәселе - қатысушы мемлекеттердің бір де біреуін деиндустрияландыру үдерісіне ұшыратпау, ұлттық экономиканың дәстүрлі салаларында, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында құлдырауды болдырмау. Еуропалық экономика рецессиясының сабақтары да осында жатыр. Ал әлемдік тәжірибенің өзі интеграция дегеніміз ең алдымен экономиканы дамыту үшін ұзақмерзімді жағдай жасау мен халықтың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашу екенін көрсетіп отыр. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақтан біз жаһандық байланыстар желісіндегі ашық экономикалық қауымдастықты көреміз. Еуразиялық экономикалық одақ – Еуропа ареалы мен гүлденген Азия арасындағы сенімді көпір.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Шын мәнінде біз ТМД кеңістігінде 170 миллионнан астам адамы, ауқымды өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті, мол табиғи ресурсы бар алып біртұтас нарық құрудамыз. Бұл бірлестікке қазірдің өзінде әлемдегі ірі экономикалық ойыншылар қызығушылық танытып отыр. Әлемдік аренада халықаралық құқық субъектісіне толық көлемде ие және Дүниежүзілік сауда ұйымы ұстанымдарына сай жаңа экономикалық ұйым пайда болады. Ал Одақтың ұлтүстілік органдарына жекелеген өкілеттіліктерді беру біздің елдеріміздің егемендегіне түбегейлі зиян тигізбейтіндігі маңызды. Жалпы, соңғы 3 жылдың ішінде Кеден одағы ішіндегі тауар айналымы 50 пайызға артып, 23 млрд. долларды құрады. Өткен жылдың қорытындысында Кеден одағы аясындағы тауар айналымы 66,2 млрд. долларға жетті. Беларусь пен Қазақстан бірлесіп, Ресей Федерациясының Еуропалық одақ пен Қытайдан кейінгі сыртқы сауда балансында 3-ші орынға шықты. Бұл ретте Ресей мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналымы 440 млрд., Қытаймен 87 млрд. долларға жетті. Әрине, Қазақстан мен Беларусь мұндай алып әлемдік экономикалармен қатар тұра алмайтындығы анық. Дегенмен 3-ші орын жаман көрсеткіш емес. Осындай деңгейге шығып отырғанымыз интеграциялық процестердің арқасы.
Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті:
- Еуразиялық одақты құру жолы ұзақ әрі қиын болды. Бұл жолда біз біреуді жоғалттық. Мен Кучма кезіндегі Украинаны айтып отырмын. Ол да бізбен бірге осы жұмысты бастаған болатын. Өкінішке қарай, Украина үшін бұл «жүк» тым ауыр болып шықты. Алайда ерте ме, кеш пе, Украина үкіметі өз бақытының қайда жатқанын түсінеді деп ойлаймын. Ол Украина халқына тиесілі нәрсені жоғалптауы тиіс. Дей тұрғанымен, осы жолда біз біреулерді таптық. Олар – Армения мен Қырғызстан. Шыны керек, осы уақытқа дейін көп нәрсе болды. Дегенмен, біз тоқтамадық. Болашаққа сеніп, алға жүрдік. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы кейбір мәселелер кейінге шегерілді. Оны да ашық айту қажет. Ол одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық мәселесіне қатысты. Біздің бірлескен жұмысымыз тығырыққа тірелмес үшін осы сауда-саттыққа қатысты мәселелерді дер кезінде шешу керек. Себебі ол экономикалық одақтың негізі болып саналады. Болашақта бұл одақ біздің саяси, әскери және гуманитарлық бірлігіміздің негізі болады деп сенеміз.



1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді. Шартпен экономикалық одақтың құрылуы бекітіледі, оның шеңберінде тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі, осы құжатпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен белгіленген, экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың өткізілуі қамтамасыз етіледі.

ЕАЭО туралы шартқа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. Осы үш мемлекеттен басқа 2014 жылдың 10 қазанында Одаққа қосылу туралы шартқа қол қойған Армения Республикасы және 2014 жылдың 23 желтоқсанында ұқсас Шартқа қол қойған Қырғыз Республикасы Одақ мүшелері болады.

Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың халықаралық ұйымы болып табылады.

Одақ мүше-мемлекеттердің халқының өмірлік деңгейін арттыру үшін экономикаларын тұрақты дамытуға арналған жағдай жасауға, сонымен қатар ғаламдық экономика жағдайларында ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату, жан-жақты жаңарту және кооперациялауға арналған.

ЕАЭО өз қызметін Одақ туралы шартқа сәйкес мүше-мемлекеттермен ұсынылатын құзыреттілік шегінде, мүше-мемлекеттердің егемендік теңдік қағидаттарын және олардың аумақтық тұтастығын қоса алғанда, жалпы танылған халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу негізінде; мүше-мемлекеттердің саясат құрылым ерекшеліктерін құрметтеу негізінде; өзара тиімді ынтымақтастықты, теңдікті қамтамасыз ету негізінде және тараптардың ұлттық қызығушылықтарын ескере отырып; нарықтық экономика мен әділетті бәсекелестік қағидаттарын қадағалау негізінде жүзеге асырады.

Одақтың басты органы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) болып табылады, оның құрамына мүше-мемлекеттердің басшылары кіреді, ЖЕЭК отырыстары жылына кемінде 1 рет жүргізіледі. ЕАЭО органдарының құрылымын үкімет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақ соты қалыптастырады.

Анықтама:

Одақ органдары:

Жоғары кеңес – құрамына Одаққа мүше-мемлекеттердің Президенттері кіретін, ЕАЭО-тың жоғары органы.

Үкіметаралық кеңес – Комиссия кеңесінде шешімдер қабылдау кезінде консенсуске қол жеткізілмеген, еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін қарайтын Одақ органы.

ЕАЭО соты –мүше-мемлекеттер мен Одақ органдарымен ЕАЭО туралы шарттың және Одақ шеңберіндегі өзге халықаралық шарттардың қолданылуын қамтамасыз ететін, Одақтың сот органы.

Еуразиялық экономикалық комиссия – Комиссия кеңесі мен Комиссия алқасын қалыптастыратын, Одақтың тұрақты қолданыстағы ұлттықтан жоғары реттеуші органы. Комиссияның негізгі міндеттері Одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сонымен қатар Одақ шеңберінде экономикалық ықпалдастық саласындағы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Комиссия кеңесіне Одаққа мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары кіреді.

ЕЭК Алқасының құрамын Комиссия Төрағасы мен Министрлер қалыптастырады.

Наши рекомендации