Ның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) құрылуының мән-мақсаты және тарихи мәні.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылғанхалықаралық ұйым.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж.КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және тең құқықты субъектілері болып табылады.

73.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдеріндегі шиеленіс ошақтары және шиеленісті шешу жолдары.

Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық» үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп Қазақстан Президенті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді, «ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді.

Ықпалдастықтың жаңа стратегиясы бірқатар ережелерге негізделінуі тиіс:1) «бірыңғайланған», «стандартталған» ықпалдастықтың орнына географиялық жағынан неғұрлым жергілікті және неғұрлым іс-әрекетке ерекше мән берілген жолмен жүру, яғни бұл егеменді мемлекеттердің экономикалық құндылықтарын ескеруге мүмкіндік береді; 2) посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес, КСР- ны қалпына келтіруге шақыру егеменді мемлекеттерді онан сайын бір-бірінен алшақтата түседі; 3) «ықпалдастық туралы бос ұрандатудың қажеті жоқ», мақсаттар айқын болуы тиіс, яғни, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалыстағы «біртұтас нарығы»; 4) ТМД мемлекеттерінің ықпалдастығын сыртқы саясаттағы басымдылық ретінде тану.

«Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің еуразиялыққа «пісіп-жетілуін»күтпейді», «еуропалық» вектор мен «орталық-азиялық» – негізгі екі бағытта көптеген байланыстар орнатады» - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Нақ осы бағыттарда, «екі жылдамдықпен», Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, 1990 жылдың орта шенінде ТМД елдерінде ықпалдастық «ядросының» қалыптасу үдерісі жүрді. Сол кезде, 1996 жылдың басында, ықпалдастыққа ұмтылыстың жаңа толқынында, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен жүргізген келіссөз барысында, тұңғыш рет аймақтық ықпалдастықтың ортақ валютасы ретінде – «алтынды» ұсынды, өйткені бұл ұғым «славяндарда да, түркіліктерде де қолданылыста болған».Бұл екі мемлекетаралық бірлестіктер неғұрлым кең көлемдегі ықпалдастықтың аймақтық компонентері, яғни болашақ Еуразиялық одақ құрылымының «бейне-үлгісі» болды. Қазақстан Президентінің 1996 жылы жасаған жалпы қорытындысы: «Ықпалдасушылық, теңдікке, еркіндікке және прагматикалық құндылыққа негізделсе, – бұл Еуразияның лайықты болашағы, ол тек осы жағдайда ғана әлемдік экономика мен XXI ғасыр саясатының жаһандық факторына айналмақ».

Айталық, Астана қаласында 1996 жылы рухани зияткерлік қазақстандық еуразияшылдықтың көрнекті және тиімді нышаны пайда болды. Президент Н.Ә. Назарбаев еуразиялық идеяға үміткерлерді бұл тұста да басып озды (оң пайымдау мағынасында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің құрылғаннан бері, оның қабырғасында ондаған мемлекет басшылары, көптеген белгілі шет елдік саяси, қоғамдық қайраткерлер мен оқымысты-ғалымдар студенттердің алдында сөз сөйледі. Солардың әрқайсысы, университет табалдырығын аттағанда да, оның мінберіне көтерілгенде де, сөз жоқ, Қазақстанның Еуразиядағы, ғаламшардағы алатын орны туралы ойланбай-толғанбай қалмайды.

ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық- мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды.

74. 2000-2014 жылдар аралығындағы Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдасу үрдісі.

2008 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында біздің Елбасының бас­та­машылдығымен Бурабайда өткен Армения, Қазақстан, Қырғыз, Ре­сей, Тәжікстан президенттерінің бейресми жағдайдағы кездесуінің де маңызы үлкен болды. Осы бас­қосуда қоғамдастықтың 10 млрд. доллар көлеміндегі Дағдарыспен күрес қорын және Жоғары тех­но­логиялар орталығын құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Сөйтіп, ЕурАзЭҚ қызметі ТМД елдеріндегі басқа ұйымдармен са­лыстырғанда жемісті жұмыс жасап, жылдан жылға алға басу үстінде. Мұның өзі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың интеграциялану жө­ніндегі идеяларының өміршеңдігін, халық­аралық деңгейдегі қайрат­кер­лік қи­мыл әрекеттерінің табыс­ты­лы­ғы­ның айқын көрінісі деп айта аламыз.

Дегенмен, осы жолғы Минск басқосуының қарсаңында бұқара­лық ақпарат құралдарында Ресей мен Беларусь арасында аталған басқосуда дүниеге келуге тиіс Кеден одағына қатысты аздаған кикіл­жің­дердің бар екендігі де байқалып қалған еді. Осыған байланысты бас­қосуды ақпараттық тұрғыдан қам­тамасыз ету үшін әр елден кел­ген журналистер қауымы бір-бірімен әңгімесінде жоспар­ланып отырған шараның кейінге сырғуы мүмкін деген қауіптерін де білдіріп жатты.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне қатысуға келген ел басшыларының кездесу регламентіне аздап өзгеріс енгізіле­тіні мәлім болды. Мем­ле­кет­аралық кеңестің төрағасы Бела­русь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Кеден одағына қатысты құжаттарды тал­қылау үшін ең алдымен Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің үшеуара кездесу өткізіп, мәселені неғұрлым тар шеңберде талқылай­тындығын мәлім етті. Сөйтіп, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі­нің осы жолғы отырысында ең негізгі және түйінді мәселе Кеден одағын құруға қатысты құжаттарды талқылау болатындығы белгілі болды.

Үш мемлекеттің басшысы атал­ған мәселені 2 сағат бойы тал­қы­ла­ды. Сөйтіп барып ортақ келісімге қол жеткізілді. Мұнан кейін болып өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің тар шеңберде және ке­ңейтілген құрамда өткен отырыс­та­ры Кеден одағының дүниеге келген­дігін әйгіледі. Отырыс жүріп жат­қан Минскідегі орталық кітап­ха­на­да залды торлап алған толғанысты сәттер осылайша шешімін тапты. Еуразиялық экономикалық қоғам­дастық аясында Қазақстан, Бела­русь, Ресей мемлекеттерінің ара­сын­да Кеден одағының құрыл­ған­дығын, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес аталған мем­лекеттерде бірыңғай кеден тарифі­нің орнығатындығын, ал сол жыл­дың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуге кірісетіндігін жан-жақтан жиналған журналистер әлемнің әр шалғайы­на жедел түрде таратып жатты. Ар­ты­нан журналистермен болған баспасөз мәслихатын ашқан Алек­сандр Лукашенко бұл басқосуды тарихи басқосу болды деп мәлім­деді. “Беларусь жері халықтар тағ­ды­рына әсері мол тарихи оқиға­лардың мекеніне айналды. Осында 1991 жылы Беларусь, Украина, Ресей республикаларының басшы­лары Белавежье келісіміне қол қойып, Кеңес Одағының өмір сүруі тоқтағандығын мәлімдеген еді. Енді біз Минск келісіміне қол қойып, Кеден одағының құрылған­дығын әйгілеп отырмыз”, – деді ол. “Белавежье келісімі жан-жаққа ыдырауды бастап берген, ал біз бірігуге үндейтін келісім жасадық”, – деді Ресей Президенті Дмитрий Медведев өз сөзінде.

Осы баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев қол жеткізілген келісімнің экономикалық тиімділік қырларын ашып берді. Кеден одағын құрудағы ең маңызды шарт ЕурАзЭҚ аясында Бірыңғай эко­но­микалық кеңістікті қалыптастыру екендігін, бүгінгі қол қойылып отырған бірыңғай кедендік тариф пен Одақтың Кеден кодексін қа­был­дау осы мақсатқа жетудің та­рихи маңызды қадамы болатын­дығын атап көрсетті.

75. 1996 жылы құрылған Шанхай Ынтымақтасу Ұйымының (ШЫҰ) құрылу мақсаты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей,Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді.
ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:

мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;

саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

76. 1992 жылдан бастау алатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) құрлымы мен институттары және негізгі мақсаты.

Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

АӨСШК құрылымы мен институттары:

Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым).

Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).

Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Қорхан Қаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан).

77. 2004 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) негізгі мақсаты.

Қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп-қатерлермен халықаралық құқық арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды.
ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.
ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қарулы күштерді әскери және ұйымдастыру жағынан күшейту, әуе шабуылға қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесін сақтау, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараны бірлесіп қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты үйлестіру болып табылады.

Наши рекомендации