Сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница

Еқ = Ес * tжұм.

Жұмысшының мерзімді еңбекақы төлеудегі айлық ақысын төмендегі формуламен анықтаймыз:

Еай = Еа/ t1жұм tжұм.;

мұнда Еай – жұмысшының айлық мерзімді еңбекақысы, теңге;

t1жұм – жұмысшының нақты істеген сағат саны;

tжұм – айдағы кесте бойынша жұмысшының сағат саны.

б) Еңбекке мерзімді – сыйақы төлеу – қызметкерлерге тариф бойынша төленетін жалақыдан басқа нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін мерзімді сыйақы төленеді. Мысалы, жабдықтардың бос тұрып қалуын қысқарту, жұмысты мерзімінде және сапалы орындау, жарамсыз өнімді қысқарту т.б.

Еңбекақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбекақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
1,0 2,20
1,07 2,37
1,05 2,55
1,24 2,74
1,33 2,95
1,43 3,17
1,54 3,43
1,66 3,67
1,78 3,94
1,91 4,24
2,05    

Еңбекақы төлеуде басшыларға, мамандарға және қызметкерлерге лауазымды жалақы белгіленеді. Лауазымды жалақы – бұл лауазымды жұмысқа орналасқан орнына сәйкес, белгіленген нақты еңбекақыны төлеу көлемі.

Еңбекақы төлеудің кең тараған түрі – мердігерлік еңбекақы. Мұның негізгі жолы екі жақты келісім–шарт бойынша, бірінші жағы белгіленген жұмысты орындауды міндетіне алса, ал екінші жағы, яғни тапсырыс беруші, жұмыстың соңында еңбекақы төлеуді өзінің міндетіне алады.

Бригада жұмысшыларының еңбек табысы (Ебр) өндірілген өнім бірлігін кесімді бағалауды (Екесбр) бригаданың орындалған жұмыс көлеміне (Онакбрі) көбейту арқылы анықталады:

Ебр = Екесбр * Онақбрі

Егер бригада әртүрлі жұмысты атқарған болса, онда бағаланатын, әртүрлі бағалану бойынша есеп жасауда төмендегі формуланы қолданады:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

Мұндағы есеп тәсілі алдыңғы формула сияқты, ал индексі нақты жұмыс түрін және сол жұмыс түрінің бағалануын көрсетеді.

Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер мен кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Тарифсіз жүйедегі еңбекақы төлеудің түрінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне тікелей тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Осындай жүйеде тарифтік еңбекақы мөлшері немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлес еңбекақыға қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықталады.

Кейбір кәсіпорындарда тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесін қолдануда, яғни коэффиценттер белгілеп, тиісті жұмысшының жалақысын көрсетіп, және оның төменгі еңбекақысының көлемі келтіріледі. Әрбір жұмысшының (жұмыс орнының) еңбекақысы кәсіпорын бойынша төменгі көлемдегі мөлшерімен салыстырылып, еңбекақы төлеу коэффициентін пайдалану арқылы еңбекақының көлемін келесі формула бойынша анықтайды:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

мұнда Еі – і-ге жұмысшының еңбекақы төлемі, теңге;

Кі – і-ге жұмысшының коэффициенті;

∑Кі– барлық жұмысшылар бойынша коэффициенттердің сомасы;

Қ – еңбекақы төлеуге бөлінген қаржы көлемі.

9 Дәріс. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Жоспар:

арық және инвестициялық процесс. Инвестициялар: мәні мен түрлері. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу. Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі. Басшылық инвестициялық ұсыныстар көрсеткіштері. Инвестицияларды қаржыландыру көздері. Қаржы инвестициялар.

нновациялық қор. Экспортты сақатндыру корпорациясы. Инвестициялық қорлар. Лизинг - өндірістік инвестициялау құралы. Инновация (жаңалықтар): табиғатының циклділігі және жайылуы. Жаңалықтарды басқару және инвестициялау. Кәсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері. Инновациялық жобалардың портфелін қалыптасу, мәні, қағидалары және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.

1. Инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл. – investments) – "күрделі қаржы салу" деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында "күрделі қаржы салу" ұғымына қарағанда кең, мағыналы ұғым.

Инвестиция нақты және портфельді немесе қоржынды инвестиция болып бөлінеді. Нақты инвестиция бірінші жағдайда – инвестор өзінің өндіріс көлемін кеңейтуде – өндірістік негізгі және айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда – инвестор құнды бағалы қағаздар үлесінен дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес етіп жіктеуге болады.

Өндірістік күрделі қаржы – кәсіпорынның дамуына бағытталған салым, ал өндірістік емеске әлеуметтік шеңбердегі дамуды қамтамасыз ететін қаржы жатады.

Ұдайы өндірісте негізгі қорлар өзінің түрлері бойынша күрделі қаржыны жұмсауда төмендегідей болып ажыратылады:

• жаңадан салынатын құрылысқа жұмсалатын қаржылар;

• істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру және техникалық қайта

қарулануына арналған қаржылар;

• істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге арналған қаржылар;

• жабдықтарды талапқа сәйкес жаңалауға арналған қаржылар.

Қаржыландыру көзіне қарай күрделі қаржыны орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөледі. Күрделі қаржы құрылымының түрін төмендегідей айыруға болады:

• технологиялық;

• ұдайы өндірістік;

• салалық;

• аймақтық.

Технологиялық құрылымдағы мақсатқа күрделі қаржы бөлу –мұнда қандай болмасын бөлінетін ірі құрылыс объектісіне арналған шығын көлемінің жалпы сметадағы құн үлесіне қатынасымен анықталады.

Бұл құрылымды жоғарғы сатыға көтеруде үйлесімді деңгейіне жасалынған смета жобасының құнында машина және жабдықтардың үлесін ұлғайтуды көздейді. Келешекте кәсіпорында технологиялық құрылымға күрделі қаржы бөлу үшін негізгі өндіріс қорларының белсенді және енжарлы негізгі бөлімдерінің арақатынасын қалыптастырады.

Бөлінген күрделі қаржы арқылы белсенді бөлімінің өсу деңгейін, кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын арттыруға жағдай жасалынады.

Ұдайы өндіріс құрылымына күрделі қаржы бөлу – негізгі өндіріс қорының ұдайы өндіріс түріне бөлінген күрделі қаржының жалпы сметадағы құнына үлес қатынасын білдіреді. Мұнда жаңа құрылысқа, қайта құру, істеп тұрған өндірісті техникалық жабдықтау, кеңейту және модернизациялауға жұмсалатын күрделі қаржы деп бөлек есептейді.

Салалар құрылымына күрделі қаржы бөлу – тұтас алғанда халық шаруашылығына және өнеркәсіп салалары бойынша бөлінген қаржының катынасын білдіреді. Барлық халық шаруашылығының ішіндегі ғылыми – техникалық үрдісті тездетіп, тез уақытта – пропорционалды дами алатын салаларға күрделі қаржы бөлу тиімділігін арттырады.

Аймақтық құрылымға күрделі қаржы бөлу -еліміздегі аудандарға күрделі қаржы бөлу арқылы дамыту қатынасын білдіреді.

Сонымен, нақтылы инвестиция еліміздің экономикасында және жеке кәсіпорынның қай – қайсысы болмасын өмірінде келесі бағыттар бойынша маңызды роль атқарады:

• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын іске асыруда және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорын үнемі жаңалауда;

• өнім сапасын жақсарту және ғылыми – техникалық прогресті тездетуде;

• барлық халық шаруашылық салаларының тең дамуына және қоғам өндіріс құралдарының қайта құрылуында;

• өнеркәсіпке керекті шикізат базаларын жасауда;

• азаматтық құрылыстар, денсаулық сақтауды дамыту, жоғарғы және орта мектептерді дамытуда;

• жұмыссыздық мәселелерін шешуде немесе жеңілдетуде;

• табиғатты қорғау және басқадай мақсаттарға жетуде.

Мұндай тізімдерді көп келтіруге болады. Сонымен, инвестиция бірінші жағдайда еліміздің экономикасын көтеріп, соның негізінде көптеген әлеуметтік жағдайларды шешуге, ең алдымен халықтың әл ауқатын, тұрмысын көтеруге косатын үлесі өте зор.

Өкінішке орай, алғашқы реформа жылдары (1992-1998) күрделі қаржы бөлу, күрделі құрылыс жасау күрт төмендеді. Оның себептеріне келесі жағдайларды жатқызуға болады: экономикалық дағдарыс нәтижесінен туындаған отандық өнімдердің азаюы ұлттық табыстың төмендеуіне әкеліп соқты; инфлияция кезінде ұзақ уақытта орындалатын жобаға ақша қаражатын бөлу көп жағдайда тиімсіз болып келді; кәсіпорындардың көпшілігінде экономикалық жағдайларының нашарлауына (ақша қаражатының жетіспеуінен) байланысты өндірісті жаңа техникамен, технологиямен жабдықтау, қайта құру және т.б. жұмыстары тоқтады.

Бүгінгі күні экономикалық дағдарыстан шығып, экономикалық өсу кезеңде инвестициялық қызметтерді қарқынды жандандыру қажет, ондай жұмыстарға бірінші кезекпен келесілерді жатқызуға болады:

• еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтануы;

• инфляция қарқынының төмендеуі;

• салық салу жүйесінің жетілдірілуі;

• шетел инвестицияларын елімізге белсенді түрде тарту, отандық инвестицияларды кеңінен пайдалану мүмкіндіктері.

Еліміздің экономикалық өсуін тұрақтандыруға инвестицияға қажетті қор жинақтау, ұлттық табысты және жалпы ұлттық өнімді көбейту мәселелерін тез арада шешу жатады.

Еліміздің экономикасын тұрақтандыру шарасына инфляцияны төмендету жатады. Банк несиенің ставкасы инфляция үрдісіне тығыз байланысты болып келеді.

Іс жүзінде салынған инвестиция күтілген табыс мөлшеріне (Мт) және инвестицияға қойылған сұраныстың пайыздық ставкасына (Сп) бағынышты.

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru СпСтавка пайызы жоғары болған сайын,

Мт инвестицияға сұраныс төмен болады;

инвестицияға сұраныс пен күтілген

таза табыс мөлшер арасындағы

К байланыс сол үшін өте маңызды

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru Болып келеді.

Инвестицияға сұраныстың қисық сызығы

Егер МТП - пайыз ставкасынан таза табыс мөлшері артып түссе, онда инвестициялау пайдалы болады. Егер Сп> Мт - пайыз ставкасы күтілген таза табыс мөлшерінен артып кетсе, онда инвестициялау пайдасыз.

Инвестиция жоғарғы деңгейде қалыптасқан жағдайда, әсіресе гиперинфляцияда, банк несиесінің пайызы өте жоғары болады. Мұндай жағдайда күтілген таза табыс мөлшері банк несие пайызынан жоғары болса кәсіпорынға пайдалы болады.

Дәл қазіргі кезде осындай жобаны кәсіпорынға тауып беру өте қиын мәселе болып саналады. Сондықтан, гиперинфляция инвестиция жұмысының жандануына елеулі кедергі әкелетіні сөзсіз.

Инвестиция саясатында ең маңызды жағдайдың бірі - шетел капиталын тарта білу. Жер жүзі бойынша жыл сайын экспортқа шығатын капитал саны 160-180 млрд АҚШ доллары есебінде құрайтын көрінеді. Ал біздің Қазақстан Республикасында инвестиция салушыларға жақсы жағдай жасаудың арқасында инвестиция тарту көлемі ТМД мемлекеттерінің ішінде көрнекті орында, яғни бұл көлем бізде 10 млрдАҚШ долларын құрайтын көрінеді.

Кәсіпорында инвестицияны жоспарлау – бұл өте маңызды және күрделі үрдіс. Кәсіпорында инвестицияны салу терең экономикалық талдау жүргізу арқылы негізделіп жоспарлануы тиіс.

Инвестицияны жоспарлағанда төменде келтірілген ереже ескерілуі тиіс:

• инвестицияланатын қаржының мән – мағынасының болуы;

• инвестиция рентабельдігі инфляция қарқынынан асып түсуге тиіс;

• кәсіпорын ақшасын банкте сақтаудан гөрі, инвестиция ретінде жұмсау арқылы көп пайдаға жетеді;

• жобаның дисконттеуді есепке ала отырып, жоғары рентабельді болуы;

• ең үлкен экономикалық пайданы қамтамасыз етіп, төменгі деңгейдегі тәуекелдікке жету.

Күрделі қаржы салуды экономикалық әдіспен негіздеу

Жоспарлы экономика кезінде кәсіпорындар арнаулы бекітілген күрделі қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі бойынша жұмыс істеді. Соған сәйкес күрделі қаржының салу тиімділігін абсолюттік және салыстырмалы түрде анықтады. Әр түрлі деңгейдегі абсолюттік күрделі қаржы салу тиімділігін төмендегі формула бойынша есептейді:

а) халық шаруашылық деңгейінде:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

мұнда – Кх/ш халық шаруашылығы деңгейіндегі күрделі қаржы салудың абсолюттік тиімділік коэффиценті;

Ұт – ұлттық табыстың өсуі;

К – ұлттық табыстың өсуіне қарай күрделі қаржы салу;

Уөт – күрделі қаржыны өтеу уақыты.

б) салалар деңгейінде (Сg):

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

мұнда, Төмө – таза өнім мөлшерінің өсуі;

в) кәсіпорын деңгейінде пайдамен жұмыс істейтін кәсіпорын үшін:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

зиянымен жұмыс істейтін кәсіпорын үшін:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

мұнда, П – инвестиция салу есебінен кәсіпорында пайданың өсуі;

Ө1 – Ө2 – инвестиция салуға дейін және кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны;

Өк2 – күрделі қаржы салудан кейінгі өнім шығару көлемі.

Сонымен, есептелінген мөлшерлік көлемі абсолюттік күрделі қаржы салу көрсеткішімен салыстырылады. Егер олар бірдей немесе күрделі қаржы салу коэффицентінің көрсеткішінен артса, онда күрделі қаржы салу экономикалық тиімді болып саналады.

Күрделі қаржы салу коэффициенті мөлшерінің маңызы шаруашылық салаларында жіктелініп, оның көлемі 0,07-ден 0,25-ке дейін аралықта болады.

Қазіргі жағдайда бұл әдістеменің негізгі кемшілігі - күрделі қаржы салу мөлшерлік коэффициентінің тиімділігі көп дәрежеге төмендетілген. Нарық жағдайындағы экономикада оның көлемі, инфляция деңгейінің өзгеруіне байланысты тепе-теңдікте және пайыздық ставкасының деңгейінде болуы тиіс.

Келтірілген шығын түрлерін күрделі қаржы салу тиімділігін салыстыру әдістемесін қолдану арқылы анықтау қажет. Осы әдістеме бойынша келтірілген шығынның төменгі деңгейін қамтамасыз ететін түрін есептейді, яғни

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru ШіікКқарі+ min

мұнда Ші - шығын түрі;

Өі - өнімнің түрлері бойынша өзіндік қүны;

Кқарі - түрлері бойынша күрделі қаржы салу.

Сонымен, жылдық экономикалық тиімділіктің дұрыс түрін анықтау үшін төмендегі формуланы қолданады.

Э = (Ш1 – Ш2) = (Ө1кКқар1) - (Ө2кКқар2),

мұнда, ШІ Ш2 — шығынның түрлері бойынша келтіру;

Ө1 Ө2 – өнімнің түрлері бойынша өзіндік құн;

Кқар1, Кқар2 – күрделі қаржы бөлу түрлері бойынша.

Күрделі қаржы салу салыстырмалы коэффициентін төмендегі формуламен анықтаймыз: сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru

Егер Ксалыс≥Кк мұндай жағдайда, күрделі қаржы салудың экономикалық жоспары негізделген деуге болады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ондаған жылдар бойы салынатын инвестицияны анықтау әдістемесі өзінің маңызын жоймай, теориялық және тәжірибелік маңызы барын көрсетіп келді. Бұл әдіс терең ғылыми түрде негізделіп, тәжірибеде кеңінен қолданылды.

Батыс елдірдің экономикалық әдебиеттерінде әдістеменің негізгі баптары егжей-тегжейлі сипатталған. Бұл мәселені шешуде екі тәсіл көптен белгілі.

Бірінші тәсілде инвестиция мөлшерін алынған табыс мөлшерімен салыстырып, байланыстырып және сұраныс бағасын, ұсыныс бағасымен салыстыру арқылы анықтайды. Кәсіпкер салынған инвестицияға кұштар, яғни тауар капиталын алуға, ие болуға, егер одан тек қана белгілі бір мезгілде оны пайдаланудан салынған инвестиция мөлшерінен кем емес табысқа ие болғанда ғана ойлаған ойына жеткенін керсетеді. Бірақ, бұл мөлшерді қалай салыстыру керек?

Кәсіпкер тауар үшін белгілі соманы төлеуге міндетті, ал табыс бірден келе қоймай, бірнеше жыл ішінде біртіндеп келуі мүмкін. Инвестиция салынған кезеңнен бастап, келешекте кәсіпкер қанша табыс алатынын анықтау керек. Мұндай есепті жер жүзі тәжірибесінде дисконттірленген деп аталып, ал осы есептің қортындысы бойынша алынған мөлшерді дисконттірленген немесе ағымдағы құны деп атайды. Дисконтірленген құн (Дқ) қандай болмасын табыс (Т) белгілі бір кезеңде (К) пайыздық ставкаға (r) тең болады:

сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 6 страница - student2.ru ,

мұнда 1,2,3…n -жылдар, осы уақыт ішінде табыстың жылдар бойғы күтілуі Т1, Т2, Тз…, Тn.

Бұл көрсетілген формуладан байқайтынымыз, дисконттірленген құнның сомасы қандайда темен жағдайда болса, оның мерзімі ұзақ болғанда, салушы осы арқылы ойлаған (Т) ізделетін соманы алуына, бұл жағдайда пайыздық ставка (т) жоғары болғанда табысқа қолы жетеді.

Жоғарыда айтылғанындай, салынған инвестицияның пайдалылығы, сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын салыстыру жолымен анықталады. Тауарға деген сұраныс бағасы (Сб) – бұл кәсіпкердің төлеуге жататын ең жоғарғы бағасы. Ол салынған инвестициядан күтілетін таза табыстың дисконттірілген құнына тең: Сбқ күтілетін таза табыс.

Осы жағдайда кәсіпкер инвестицияны бұл сомадан артық (сұраныс бағасынан) салуды көздейді, өйткені, олай болмаған күнде, оған ақшаны банкке пайызға салу пайдалырақ екенін түсінеді. Тауардың ұсыныс бағасы (Үб) сол өнімге кеткен өндіріс шығындары мен осы сатуға жұмсалған шығын көлемімен анықталады.

Осыдан келесі қортынды жасауға болады: егер тауарға деген сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан артық кетсе, онда кәсіпорынға қосымша тауар бірлігін игеруге тура келеді; егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасымен тең болса, онда кәсіпкерге инвестициялық шешімінде – қосымша тауарды игеруге немесе игеруге бірдей қарайтынын көреміз; кәсіпкерге инвестицияны салу тиімсіз, егер сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан төмен болған жағдайда, яғни фирманың қабылданған инвестициялық стратегиясының соңғы қортынды шешімі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының қатынасымен анықталады.

Егер барлық жоғарыда көрсетілгендерді түсінікті етіп айтсақ, онда бұл мынаны көрсетеді:

егер Сбб – инвестицияны салу тиімді;

егер Сбб - тиімсіз;

егер Сбб – онда екі жақты жағдайда жетіседі,

мұнда Сб – белгілі бір жобаны іске асырудың есебінен алынатын табыс (пайда) деп түсінуге болады;

Үб – жобаны іске асыру бойынша жұмсалған қаржы.

Ал біздің келтірген Сб – бұл сұраныс бағасы да,

ал Үб – ұсыныс бағасы деуге болады.

Екінші әдісте салынған инвестицияға байланысты инвестициядан қайтарым мөлшерін пайыздық ставкамен салыстыру немесе сол сияқты басқадай белгілерімен экономикалық мақсатқа сәйкес анықталады.

Наши рекомендации