Тақырып 6. Мемлекеттiк бюджет және бюджеттен тыс қорлар.

Сабақтың мақсаты –мемлекеттiк бюджет және бюджеттен тыс қорларды терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

1. Мемлекеттiк бюджет түсінігі.

2. Бюджеттік қор.

3. Бюджеттен тыс қорлар.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығын жеке орталық ерекшелктерiмен көзге түсетің оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады.

Құндық бөлінiстің айрыкшалықты сферасы ретіңде мемлекеттiк бюджет мына өзгеше белгiлермен сипаттайды:

Слайд №1

1) мемлекетпен жалпы қоғамдык өнімның бiр бөлігiн оқшауландрумен ж-оны қоғамдык қажеттiлктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлігiштiк қатынастардың айрыкша экономикалық нысаны болып табылады.

2) Құнды жасау ж-е оны тұтыну процесiн шарттастыратын материалдык өндіріс қаржысынан ж-е құнды тұтынұға қызмет ететің өндірістiк емес сфера қаржысынан мемлекеттiк бюджетің айырмашылығы - ол ұлыттық шаруашылықтын салалары, аумактар, экономиканың секторлық қоғамның қызметтiк сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған:

3) қоғамдык өнімнің оның тауар нысаныңдағы қозғалысысымен тікелей байланысты емес құндық бөлінсiтің стадиясы бiлдiредi және одан белгiлi үзiлiсте жүзеге асырылады, ал қаржы катыныстары материлдык өндірісте - өндірістiк емес сфераларда тауар-ақша қатынастармен тығыз байланысты.

Мемлекеттiк бюджет ұлыттық экономиканы басқарудың басты механизмдері. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерiнiн жиынтығы болып табылатын бюджеттiк механизмi аркылы ыкпал етедi. Жалпы экономикаға ыкпал етудiн құралы ретнiде бюджеттің орны мынадай болады:

экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандык көлемін анықтау,

оны жасау мен болудiн нысандары мен әдістерiн реттеу,

бюджеттің аткарылу процесiнде қаржы ресурстарн қайта болу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады, яғни бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады.

Слайд №2

Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс , халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды болу және қайта болумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты болу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі:

· қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары,

· ұлттық шаруашылықтың секторлары,

· аумақтар,

· салалар,

· жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді.

Слайд №3

Бюджеттен тыс қорлар-мемлекеттің қаржы жүйесiн маңызды буыны, мемлекеттің жүесінiң қатаң белгiлi бiр мақсаттарға пайдаланатын ж-е зан жүзінде қалыптасуының бекiтiлген көздер бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретіңде бюджеттен тыс қорлар бiрқатар қоғамдык қажеттлкiтердi қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу ж-е пайдалану жөніндегi қатынастар болып табылады.

Экономикалық қорлар-экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Элеуметтiк қорлар қоғамның элеуметтiк проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады.Мемлекеттiк қорлар-бұл мемлекеттiк денгейде ал аймактык қалыптасатын қорлар.

Арналымы-мына арнаулы мақсатты аударымдар есебiнен мақсатты шарларды қаржыландыру:

Наши рекомендации