Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы

Кіріспе


Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды.
Президент мансабын бекіту (1990 ж) және бұл қадамның Қазақстан үшін маңыздылығы
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
Барлық қиындықтарға қарамастан, 1990 -1991 жылдары еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде Қазақстанның институттық негіздерін қалыптастырып, болашақ егемендігіміздің іргетасын қалады.
1990 жылдың 25 қазанында "Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы” декларация қабылданды.
Декларация елдің толық мемлекеттік тәуелсіздігі жолындағы мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз еткен жас мемлекеттің алғашқы негіз қалаушы заңнамалық актісі болды. Оның үстіне, құжат мемлекеттік билікті заңнамалық, атқарушылық және сот жүйелеріне бөлу қағидатын бекітті. Осы орайда Жоғарғы Кеңес заң шығарушы биліктің айрықша артықшылығын алса, Президент Мемлекет басшысы ретінде – бұйрықты-атқарушылық билікке, Жоғарғы Сот сот билігіне ие болды.
Қазақстан Президентінің сол кезде жұмыс істеген мемлекеттік басқару құрылымдарындағы реформаға бағытталған келесі қадамы да заңды еді. Осыған байланысты 1990 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Президенті "Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік құрылымдарын жетілдіру мен басқару және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес Вице-президент, Премьер-Министр және мемлекеттік кеңесшілер лауазымдары енгізіліп, Министрлер Кеңесі таратылды және Министрлер Кабинеті құрылды; Президент жанынан консультативті-кеңесші орган – Республика Кеңесі пайда болды. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қайта құрылып, олар Халық депутаттарының кеңесі деп аталды. Олардың өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді.
1991 жылғы 16 қазанда Мемлекет басшысы Қазақ ССР-і Президентін сайлау туралы Заңға қол қойды. Нақ осы күзде Қазақстан Магниткасының металлургтері Н.Ә. Назарбаевты елдегі тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда президенттікке кандидат етіп ұсынды.
Жаңа Одақтық шартты қабылдауға байланысты, оған қол қоюдан бірқатар республика басшылары бас тартқан 1991 жылғы 21 қазан оқиғаларынан кейін күйреген КСР Одағының ыдырауын растайтын айқын көрініс қалыптасты.
1991 жылғы 1 желтоқсанда, шиеленісті сайлау алдындағы күрес нәтижелері қорытындыланғаннан кейін Н.Ә. Назарбаев дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың 98 пайызынан астамының қолдауын алып, бүкіл халық сайлаған тұңғыш Президент болды.
Мемлекет басшысының алғашқы аса маңызды іс-қимылының бірі оның бастамашылығымен әзірленген "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасын әлемге жария еткен Заңға 1991 жылғы 10 желтоқсанда қол қойылуы болып табылды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюының және жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін жариялаудың Қазақстан халықтары үшін өміршең маңызы болды.

1. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері. Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Президенттік институт, екі палаталых Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік модельде, қазір бейбітті және аман-есен қазақстандықтар, Коституцияда бекітілгедей мемлекеті-мізде өмір сүруде.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының н егізін қалаушы құжат болтан Алматы декларациясына қол қойды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы тарихындағы аса жарқын құжаттардың бірі "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н.Ә. Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты — өз елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның екі жағында қала берген бұрынғы КСРО азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып, көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділеттілікке жүгіне отырып, Н.Ә. Назарбаевтың адамдарға көмек беру және олардың өмірін жеңілдету тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы үмтылысын осынау оң іс-ниет арналған жандардың жылыұшырай қабыл алғанын есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мыңдаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады.
Елдің жаңа мемлекеттілігін құру Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап етті. Осынау жаңа мемлекеттік нышандарға ие болу тарихи факті Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойған 1992 жылғы 4 маусымда жүзеге асты.
1992 жылғы 6 маусымда Республика Президентінің Резиденциясы үстінде көгілдір жалау - егемен Қазақстанның жаңа рәмізі көкке желбіреді.
Өткен онжылдықта Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" (1992 жыл) атты хрестоматиялық кітабында көрсетілген президенттік басқару нысаны тән мемлекет құрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатты түрде әрі жоспарлы жүзеге асырылды.
Елде құқықтық реформаны жүзеге асыру мен жаңа заңдар базасын жасаудың басталар нүктесі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі Қазақстан Конституциясын қабылдау болды.
Осы кезеңде республика басшылығықолға алған батыл саяси қадамдар "Ресей синдромын" болдырмауға мүмкіндік берді. Қазақстанның өкілді және атқарушы органдарын реформалау, орталық мемлекеттік және жергілікті органдар өкілеттіктерін бөлу, Халық депутаттары кеңесі тәрізді коммунистік өткеннің көнерген көбесін сөгу — осының куәсі. 1993 жылғы 10 желтоксанда "Қазақстан Республикасынын Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Алайда бұл да, әлемнің тез өзгеріп жатқан жағдайларында, жеткіліксіз болып шықты. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстанның түңғыш кәсіби парламенті жедел даму үстіндегі ахуалға барабар оңтайласуға дайын болмай шықты. Дауыстарды санау тұрғысында сайлау қорытындылары елдің Конституциялық сотының 1995 жылғы 10 наурыздағы шешімімен заңсыз деп танылды.
1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың терең жарықшақтануына жол бермеу мақсатында, елдің барлық үлттары мен халықтарының мүдделерін зерделеу мен есепке алу, сондай-ақ жан-жақты және тең құқықты дамуы үшін 1994 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бірегей қоғамдық орган – Қазақстан Халықтарының ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін үзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап, аталған үсыныспен Мемлекет басшысына өтініш білдірді.
1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президент! өкілеттігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95,46 пайызы дауыс берді және Н.Ә. Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын куәсі болды.
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары - 102 рет, 320-дан астам үкіметтік және парламенттік делегация, сондай-ақ БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ЕК, БҰҰДБ, ДСҰ, ХААҰ, ЭЫҰ тәрізді басқа да дүниежүзілік халықаралық институттардың мүшелері сапармен болды.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ЮНЕСКО және НАТО-СЕАП-тың мерейтойлары, БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы мәжілісі, ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі, Лиссабондағы, Будапештегі және Стамбулдағы тарихи кеңестері, Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналып Парижде, Лондон мен Мәскеуде тойланған мерекелер тәрізді халықаралық ұйымдардың ірі іс-шаралары өтті.
Мемлекет басшысының ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі кеңесінде күн тәртібіне қойылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жоніндегі кеңесті шақыру туралы идеяларын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асуда.
2. ҚР-дағы 1995 ж конститутция және Қазақстандағы президенттік биліктің ерекшеліктері. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін.
Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар "Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі.
Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына "Қазақстан-2030” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.


Орытынды


Барлық жұмысты жалғыз Президент атқармайды. Оны биліктің барлық тармақтары өз шеңберінде және өзіне тән әдісімен орындайды. Президент биліктің барлық органдардың өзара үйлесімдік және келiсушiлiгін қамтамасыз ету керек. Президент бұйрық беруші емес, әрбір мақсатқа жету үшін биліктің басқа да тармақтарымен бірігіп отыру қажет.
Қазақстан Президенті – шынында да ҚР-ның мемлекеттік билік органдарында басты рөл атқарады. Оның қолында көп мүмкіншілік бар, еліміздің сыртқы және ішкі саясатына қатты әсер ете алады. Конституциямен берілген құқық пен мүмкіндік оған қажетті жағдайда барлық билікті өз қолына алуға мүмкіндік береді. Яғни кейбір көріністерде, Қазақстанда президенттік билік болса да, президент бұл монарх-қа ұқсас деген ой туады, негізінде бұл осылай емес. Барлығы конституциядан және онымен берiлетiн өкiлеттiктерге тәуелді. Біздің Президентте билік, басқа елдермен салыстырғанда, әлдеқайда көп және соңғы кездегі конституциядағы өзгертулер нәтижесіңде оның мүмкіндіктері артты.
Қазақстан тәуелсіздігінің таңсәрі шағында тағайындалған президенттік институты мемлекетті басқарудың жаңа құрылымының негізін қалыптастыруға мүмкіндік жасады және экономикадағы өтпелі кезеңді еңсеруге, республиканың саяси жүйесін реформалауға қажетті жағдайларды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, президенттік институтының қалыптасуы күрделі ахуалда жүзеге асырылды.
Саясаттанушылардың атап өтуінше, Қазақстандағы президентік институты елдің тоталитаризмнен декмократияға қарай өтуі кезеңіндегі тарихи, саяси, мәдени даму ерекшелігінен туындаған объективтік қажеттілік ретінде пайда болдды. Ол ұлттық қауіпсіздіктің, тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығының кепілі бола отырып, демократиялық қайта құрудың басты құралы ретіндегі өзінің тарихи рөлін атқаруда.

Мазмұны

Кіріспе

1.Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері

2.ҚР-дағы 1995 ж конститутция және Қазақстандағы президенттік биліктің ерекшеліктері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы

2. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы

3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-

Наши рекомендации