Курстың түсініктемесі.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін»

жұмыс оқу бағдарламасы бойынша комитет төрайымы

Калыгулова Ж.А.

_______________________

_ «____» ______2016

Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша

Білімгердің жұмыс оқу бағдарламасы

(SILLABUS)

Кафедра: «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық»

Оқу жылы: 2016-2017

Кредиттер саны: 2 кредит

Пәннің коды: ОЕТ-1210

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Барлық сағат саны: 90

Оның ішінде:

Лекциялар 15 сағат

Практикалық сабақ: 15 сағат

ОБӨЖ : 30 сағат

БӨЖ: 30 сағат

Емтихан: 3 семестр

Тараз –2016 ж.

Жұмыс бағдарламасын ҚР бірыңғай мемлекеттік білім стандарттары және типтік бағдарламасы негізінде құрастырған Наурызбаева А.А. к.э.н., доцент

Жұмыс оқу бағдарламасы «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасы мәжілісінде бекітілген,

Хаттама №1 « » 2016ж

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдрасилова З.С..______________

Жұмыс оқу бағдарламасы тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №1 « » 2016ж

Төраға Калыгулова Ж.А.

Курстың қысқаша түсініктемесі

Курсты оқыту өзектілігі мен қажеттілігі

Экономикалық теорияны зерттеу арқылы экономикалық өмірдің құпияларына еніп, оның қозғаушы күшін түсінуге болады.

Қазіргі кездегі шаруашылық өмірдегі өзгерістер мен шиеленіскен қайшылықтарға экономиканың интернационалдануының тереңдеуі және әлемнің біртұтастығы мен өзара тәуелділігінің үйлесімділігі тән.

Қазіргі кезде экономикалық теорияны терең білмей нақты өмірді саналы және жетік, шығармашылық түрде қабылдау, қоғамдық өмірдің шиеленіскен мәселелерін реттеу, шаруашылық тәжрибедегі күрделі міндеттерді шешу, ондірісті басқару принциптерін, объективті экономикалық тәуелділіктерді білу мүмкін емес.

Курстың мақсаттары мен міндеттері

Пәнді зерттеу мақсаты: қоғамның экономикалық өміріндегі құбылыстар мен процестерді, және оларды зерттейтін әдістер мен құралдар туралы білім алуды қамтамасыз ету. «Экономикалық теория» курсы рыноктық экономикадағы экономикалық субъектердің мінез-құлқын және экономикалық ойлауды қалыптастырады.

Курстың негізгі міндеттері:

- қазіргі әлемдік экономика жағдайындағы экономика негіздері мен экономика ғылымының жетістіктерін зерттеу.

- теория мен практика мәселелерін, шаруашылық процестердің мәнін және іске асыру механизмін терең түсіндіруді үйрету.

- экономикалық теория мәселелерін методологиялық тұрғыдан талдау.

- қазіргі рыноктық экономикадағы күрделі байланыстарды жалпы экономикалық ұстаныммен талдау үшін ұғымдық- аппараттарды меңгеру.

- экономикалық ғылымды меңгеру арқылы жалпы интелектуалды деңгейді арттыру.

3. Білім және дағды.

Білімгердің таныс болуы керек:

- тұлға мен қоғамның дамуы үшін қажет экономикалық өмірдің заңдылықтарымен.

- әлемдік рыноктағы ғаламдық тенденциялармен және осы жүйедегі ҚР орнымен.

- мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналатын экономикалық ғылымның дамуымен.

Білімгерлердің білуі керек:

- мемлекеттің құрылымы мен қоғамдық жүйелердің экономикалық даму негіздерін.

- экономикалық теория негіздерін зерттеудің ғылыми әдістері негізі мен логикасын.

- экономикалық ұғымдар мен заңдардың ұлттық және әлемдік экономикадағы көрінісін.

- макроэкономикалық жүйенің құрылымы мен ұлттық экономиканың даму стратегиясын.

Білімгердің үйренуі тиіс:

- экономикалық теориядан алған білімдерін кәсіби іс әрекеттерінде пайдалануды.

- экономикалық дамудың логикасы туралы өз дәйектемесін жасау.

- оқушылардың экономикалық құбылыстарды бағалау мен пікірлерін қалыптастыруды.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Экономикалық теория негіздерін жетік меңгеру үшін математика, жалпы тарих, орта мектеп бағдарламасы көлеміндегі экономикалық білімдер негіздері пәндерімен таныс болу керек,

Экономикалық теориядан алған білімдері қолданбалы экономика пәндерін, экономикалық процестерді талдау әдістерінде, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді меңгеруде қажет, өйткені экономикалық даму қоғамның әлеуметтік-мәдени прогресінің шешуші факторы.

Курстың түсініктемесі.

Курс 15 сағат лекциядан тұрады, онда экономикалық теория курсының әр бөліміндегі (модуль) негізгі мәселелері қарастырылады. Курсқа 15 сағат практикалық сабақ кіреді. Олар оқытудың әртүрлі белсенді формаларында өтіледі.- пікір- сайыс, ойындар, тренинг және өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) және аудиториядан тыс (БӨЖ).

ОБӨЖ – рефераттарды қорғау, эссе, баяндама және т.б., сонымен қатар, білімгерге жеке консультация беру түрінде іске асырылады.

БӨЖ – бұл білімгердің лекция және практикалық сабаққа дайындалуы үшін қала кітапханаларындағы және сонымен қатар оқытушының берген жеке тапсырмаларын орындау.

Наши рекомендации